Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОТБАСЫНДА БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


3 августа 2012, 12:10 | 4 564 просмотра



Отбасында баланың даму ерекшелігін зерттеуде соңғы кезде авторлар, жас ерекшелік кезеңдерін, даму заңдылығын ескеру арқылы, өз кезеңдік көз-қарасында қосуда. Алғаш психоанализде жас ерекшелік кезеңдеріне әсіресе балалық шаққа көп көңіл бөлген З.Фрейд болды. Фрейдтің пікірі бойынша жыныстық құмарту – адам дамуының басты белгісі болып табылады. Бір жасқа дейін эрогенді аймақта жағымды түйсінуге жету бөлігіне ауыз қуысы мен тіл сілекейі жатты. Осы негізге сүйене нәрестелік – оралды кезең деп аталады. Бір жас пен үш жас аралығында эрогенді аймақ болып ішіектің сілекей қабаты қаралды. Бұл аналды кезең деп аталады. Бала бұл жаста сүйкімді және жекелік тазалық, қыңырлық, тұйықтық агрессиялық ерекшеліктерді, меңгере бастайды.

Келесі фаллистикалық кезең (3-5 жас) деп аталады, балада жыныстық құмарту жоғары деңгейде көрінеді. Фрейдтің жолын қуушы Э.Эриксон да өзінің кезеңдік бөлу негізіне басқа да белгілер енгізеді. Бала дамуы өмір сүрген ортасының мәдениеті мен экономикалық деңгейіне байланысты. Әрбір келесі кезеңге сәйкес дағдарыстың берілуі қоғамдағы негізгі элементке жатады, оның қарапайым себебі адам институты мен өмірлік даму циклы бірге эволюцияланған болып табылады.

1. Бірінші кезең (туылғаннан бір жасқа дейін) негізгі сенім сенімсіздікке қарама-қарсы деген атқа ие болды. Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына қажеттіліктерін қанағаттандыруда өз қамқорлығын, сүйіспеншілік пен мейрімділік танытса бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-әрекетінің басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді. Нәресте қоршаған әлемге сеніммен қарауға үйренеді, ал бұл болмаса бірқатар бұзылыспен ауруға әкеп соғады.

2. Екінші кезең, бір жастан – үш жасқа дейінгі жас кезеңіне сәйкес келеді, «ұятқа қарама-қарсы автономия» деген атқа ие болып, оның аяқталуы «Мен өзім» дағдарысын туындатады.

Бала дамуының қарқындылығы оны дербес етеді. Ата-ананың бақылау жасау, шектеу, тыйым салуы жиілей бастайды. Тұрақты түртпектеу баланың өз қажетсіздігін сезінуге негіз болады. «Шектен шығара ұялту» жасанды мінез-құлыққа әкеледі, егер бұл ұялу сезімін жоймаса, онда жасырын шешім шығаруда бала қалайда жағдайдан шығуға талпынады. Бала осы жатың өзінде секем алу және ұялу сезіміне ие болып, қоғамға балалық қарғыс және ауыр сөздер арқылы үндеу тастайды. Сондықтан да ата-ана міндеті – бала жеке басын сыйлау және мөлшерден тыс басынбау болып табылады. Осы жағдайда ғана балада әділеттік қалыптасып, «Кінәлілік сезіміне қарсы белсенділік» деген жас ерекшелік даму кезеңіне қоғамның толыққанды мүшесі болып енеді.

3. Үшінші кезең «бастамшылдық немесе кінәлілік сезімі» 4-5 жаста балада айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және оған қалай әсер етуге болатынын білі бастайды. Олар үшін әлем шынайы және қиялындағы адам мен заттан тұрады. Жалпы зерттеушілік іс-әрекеті нәтижелі жүзеге асқанда, олар айналасындағы адам мен затпен конструктивті тәсілде қатынас жасауға үйренеді және жазалайтын болса, олар көптеген іс-әркетінде өзін кінәлі сезінуге әрекеттенеді.

4. Төртінші «Еңбексүйгіштік немесе бүтінсіздік сезімі» 6-11 жаста мектепте, үйде және өз құрбылары ортасында бірқатар дағды мен іскерлігін дамытады. Эриксон теориясына сәйкес, түрлі бағытта бала құзыреттілігінің артуы «Мен» сезімін едәуір толықтырады. Өзін құрбыларымен салыстыру үлкен мәнге ие бола бастайды. Әсіресе осы кезеңде басқалармен салыстырғанда өзін жағымсыз бағалау зор зиянын келтіреді.

5. Бесінші жеткіншектік кезең – 11-16 жас. Осы кезең үш жастағы «Мен өзім» дағдарысын еске түсіреді, бірақ бұл әлеуметтік мәнде жүзеге асады. Аталған дағдарыс белгілі бір өткірлігімен сипатталады. Дағдарыс белгілері:

1. Баланың жалпы оқу үлгерімі төмендейді

2. Негативизм. Үш жас дағдарысымен салыстырғанда, оны екінші негативизм фазасы деп те атайды. Бала ортасынан алшақтайды, өштескен ұрыстарға, тәртіп бұзуға бейім, ішкі мазасыздықты сезінеді, өзіне көңілі толмайды, жалғыздыққа ұмтылады. Ұл балада қыздарға қарағанда негативизм кеш (14-16 жас) басталғанымен айқын әрі жиі байқалады.

Дағдарыс кезінде жеткіншек іс-әрекеті жағымсыз сипатта болуы міндетті емес.

Выготский іс-әрекеттің үш нұсқасын келтіреді.

Бірінші нұсқа – негативизм жеткіншек өмірінің барлық саласында айқын байқалады. Мұндай реакция жеткіншектердің 20% -де көрініс табады.

Екінші типте – бала потенциалды негативист. Негативизм қоршаған ортаның теріс ықпалына реакция ретінде кейбір жағдайда ғана байқалады: отбасылық қақтығыстар, еңсені басатын іс-әрекеттер, ересектердің қысым көрсетуі. Мұндай бала шамамен 60%-ті құрайды.

Үшінші жағдай жағымсыз құбылыстар мүлдем болмайды. Ол балалардың 20%-де кездеседі. Жеткіншек кезеңде баланың түрлі психикалық жарақат, қақтығыс, келеңсіздіктерге сезімталдығы күрт артады.

Созылмалы сипаттағы екі топ факторы мәні ерекше: дұрыс тәрбие бермеу және қақтығыстық жағдайлар. Екінші топқа келесі эманципациялы қақтығыс, құрбы-құрдастарымен топ құру негізінде туындайтын жан-жалды (байланысқа түсе алмау, қолынан келмейтін басшылыққа ұмтылу, өзін кем сезіну, өзіне деген жоғары талаптардың орындалмау негіздері) күштеп тоқтатуға болады.

Дәл осы жас кезеңінде алғашқы суйцид әрекет белсенділік көрініс беріп, психологиялық дағдарысты сезіну мен байланысты жағымсыз тәуелділік қауіпі пайда болады. Психологиялық дағдарыс салдарына сезімтал болып келетін жеткіншектер категориясы: зорлық көргендер, түрлі тұрмыс жағдайындағы, отбасында қатыгездіктің құрбаны болғандар, ата-анасының қазасына байланысты психологиялық соққы жағдайынан басынан кешіргендер, ұяң, ұялшақ жеткіншектер, аборт немесе басқа да медициналық әрекеттерді басынан өткізгендер және өз құрбы-құрдастарымен салыстырғанда үлкен жетістіктерге жетіп .үлгерген дарынды балалар.

Бұл кезеңде өз тәніне көңілі толмаушылық, гормондардың қайта құрылуына байланысты туындаған тітіркенгіштік күрт көтеріліп, қоршаған ортаға – деген қатынасы өзгеріп, тәуелсіздікке деген қажеттілік туындайды, дөрекілік, сыншылдық пайда болады.

Көптеген жеткіншектер басқалардай болғысы келумен қатар ешкімге де ұқсамауға ұмтылады.

6. Зерттеушілердің бір қатары 17-19 жаста жасөспірімдік дағдарыс кезеңін бөліп көрсетіп және жеңіл шығудың жалпы 3 тәсілін ерекшелейді.

Бірінші бұл – ішкі ресурстар мен конструктивті копингтік бағдарламаларды қолданудың мәнін түсінудің арқасында дағдарыс жағдайларды тиімді шешу болып табылады.

Екінші тәсіл бұл – жекелік эмоционалдық тұрғыдағы уайымдауларына қатты мән бергендіктен, мағыналы нәрсені көре алмай тиімсіз шешім пйда болады.

Үшінші – дағдарыс жағдайды шешуді туындаған жағымсыз уайымдардан қашу, жағдайды шешудегі жауапкершілікті басқа адамдарға артумен байланысты болып табылады.

Қыз баланың ерекшелігі ол дағдарыс жағдайын терең эмоционалдық уайымдаумен қабылдап, одан мән-мағынаны көре алу іскерлігінен болады. Дағдарысқа ұшыраған қыз бала оны түсіну мен басынан өткере терең қабылдайды, нәтижесінде олар өмірдің қиын кезеңдерінде мағыналы жол таба білуге машықтанады.

Бозбалада бұл шақтағы ерекшелік ол дағдарыс жағдайын эмоционалдық мәнділігін төмендетеді, оны жеңіл қабылдауға ұмтылады. Дағдарысқа ұшыраған ұл балалар сасқалақтап, жағымсыз уайымдауға беріліп, нәтижесінде өзінің мәселесін түсінуден алшақтай түседі.

Автор:
А.Н.НҰҒЫМАНОВА, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің, педагог-психологы, Талдықорған қаласы.