Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«АУА РАЙЫ»


3 августа 2012, 12:21 | 5 128 просмотров



6 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Ауа райы».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: күзде болатын ауа райына түсінік беру, күзде табиғаттық көркемдігін бейнелеуді тапсыру.

Дамытушылық: тілдік қорын байыту, өздігінен еркін сөйлеуге үйрету,қисынды ойлау, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, тазалыққа баулу.

Сабақ әдісі: көрнекілік, оқулық, күз суреті.

Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі

1)сәлемдесу

2) түгелдеу

3) дайындықты тексеру

4) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

-Бүгін нешесі?

-Бүгін қай күн?

-Аптаның нешінші күні?

Қазір қай сабақ?

-Қазақ тілі-нешінші сабақ?

-Сыныпта кім жоқ?

-Себебі қандай?

-Бүгін неше сабақ болады?

Үй жұмысын тексеру кезеңі

Сұрақтарға жауап беру

А)жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?

Б) Күз айларын білесің бе?

В) Күзде не піседі?

Г) Қай өнім мол болады?

Тіл жаттықтыру кезеңі

(Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды)

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Жаңа сабақ. Кіріспе сөз.

Сабақтың тақырыбы күз мезгілде болатын ауа райына байланысты

Сөздік жұмысын өткізу

А) өтетін сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

Б) дұрыс айтуға дағдыландыру

В) сөздік дәптерлеріне жазып алу

2. Оқулықпен жұмыс

Сөздік жұмысын жандандыру үшін

1-тапсырма арқылы жұптық жұмыс ұйымдастыру, Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.

Диалогты оқып, өзара сөйлесу

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Қазір күз мезгілі?

-Бүгін ауа райы қандай?

-Бүгін ауа райы салқын?

-Ал кеше ауа райы қандай болды?

-Кеше ауа райы жақсы болды, бірақ кешке қатты жел соқты.

-Сен қалай ойлайсын, ертең ауа райы қандай болады?

-Білмеймін, жылы болатын шығар.

Диалогты орысша аудару

1-топ-сұрақтарды аударады

2-топ-жауаптарды аударады.

Жазылым. Сауатты жазу әрекетін іске асыру үшін 2-тапсырманы орындау.

Мына сөздермен сөйлем құрастыру.Барлық оқушыларға сұрақ қойылады «Сөйлем дегеніміз не?

1.Өте, салқын, кеше , болды.

2.Қандай, бүгін, ауа райы.

3. ертең, болады, күн,тамаша

4.қандай, күн, тамаша

5. соқты, жел, кеше, қатты.

Үлгі: Кеше өте салқын болды.

2 топтың оқушысы тақтаға жазады, сөйлемдерді орысшаға аударады.

Сергіту сәті «Бала, бала, балақан».

Еске сақтау қабілеттерін жетілдіру үшін «Кім дұрыс жауап береді» жарысын ұйымдастыру.

1.Бір жылда қанша мезгіл бар?

2. Олар қандай?

3.Күз мезгілінің айларын атаңдар.

4.Күзде ауа райы қандай болады?

5. Табиғатта қандай өзгерістер болады?

6. Күзде күндер қысқара ма, ұзара ма?

7.Адамдар не жинайды?

8. Көкөністерді, жемістерді атаңдар.

Сабақты қорытындылау. Жаңа тақырыпты бекіту.

А) сұрақ-жауап жасау

Б) жаңа сөздерді қайталау.

Кестені толтыру

Бағалау

Үйге тапсырма: диалогты жаттау.

Автор:
Г.М. КУТУМБЕТОВА қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі орыс сыныптарында Қарғалы орта мектебі Сарқан ауданы