Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.


25 августа 2012, 01:26 | 4 651 просмотр



Мақсаты.

1.Білімділік: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы ерліктері, сақ патшайымы Томиристің табандылығы мен батылдығы және Шырақтың патриоттығы туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың сақтар туралы алған білімдерін тереңдету, олардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын сүйюге, өз халқының тарихи батырларын мақтан ете білуге, өздерінің ұлттық қасиеттерін тани білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, ой-талқы.

Көрнекіліктер: суреттер, перфо-карточкалар, қима қағаздар, тарихи деректер, басқатырғы.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу. Тренинг жүргізу. Бір-біріне жақсылық тілейді.)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.

1-Сақтардың тұрмысы

2-Сақтардың шаруашылығы

3-Қолөнер кәсібі

4-Діни нанымдары мен ғұрыптары

(алғашқы екі сұрағы тақтаға ілінеді, оқушылар алдын-ала дайындалған қима қағаздарға жазылған сөздерді тақырыпқа байланыстысын тауып, оларға түсінік берулері керек)

Тұрмысына байланысты сөздер:

-көшпелі (сақтардың көбі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан)

-арба (екі, төрт, алты доңғалақты арбалар болған)

-өгіз, ат, түйе (оларды арбаға жегіп, көшіп-қонған)

-киіз үй (арбаға орнатылған киіз үйлермен көшкен)

-ағаш үй (қыста ағаш үйлерде тұрған, суық кезде оны қалың ақ киізбен жапқан)

-шикі кірпіш (сақтарда шикі кірпіштен салынған үйлер де болған)

-күйме (аңшылыққа және соғысқа пайдаланған)

Шаруашылығына байланысты сөздер:

-мал шаруашылығы (сақтарда негізгі шаруашылық мал шаруашылығы болған)

-қой, жылқы, түйе (жылқы-мініс көлік ретінде, қой-етті, жүнді берді, түйе-күш-көлік және ыстық-суыққа төзімді болды)

-егіншілік (мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен де айналысты)

-қара бидай, арпа, тары (осыларды өсірген)

-балық аулау (қосымша кәсіп)

-қалалар (қолөнер мен сауданың дамуы, қалалар санын өсірді)

Қалған екі сұраққа байланысты оқушыларға перфо-карталар үлестіріледі:

1.Зергерлік өнер: Алтын, күмісті балқытып, қалыпқа түсірді. Ағашты ойып бейнелер жасап, алтынмен аптады.

2.Әшекей бұйымдар: Әртүрлі тастардан сақтар алқа, сырға, сақина, белдіктер жасады.

3.Ұсталар: Тастан, саздан жасалған қалыптарды пайдаланып, қару-жарақ соқты. Найза, қанжар, семсер, жебе ұштары.

4.Құрбандық табақтары: Алматы маңынан табылған «Жетісу михрабы» деген құрбандық табағы, онда 15 бұқа бейнеленген.

5.Үш әлем: Аспан әлемі, жер үсті әлемі, жер асты әлемі.

6.Әлемнің төрт бұрышы туралы тұсінік: Оң, сол, алдыңғы, артқы.

7.Ғарыш туралы түсінік: Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының бас киімінде бейнеленген. Бұлар – күн, қанатты 4 пырақ және 4 алтын жебенің суреті.

8.Ата-баба аруағына сиыну: Мәйітпен қоса оның дүние мүлкін жерлеген, мәйітті бальзамдау әдісі болған.

ІІІ. Жаңа сабақ

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

1)Кир әскерінің басып кіруі.

2)Шырақтың ерлігі.

3)Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.

1 - Б.з.б. 530ж. Парсы патшасы Кир сақ жеріне басып кіреді, бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Томирис жайында Рим тарихшысы Помпей Трог былай дейді: «Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ». Ұсынылған келіссөзден бас тартқан Томириске Кир соғыс ашады. Осы соғыста Кирдің алдауына түскен ханзада Спаргапис қаза болады. Ұлы үшін кек алуды көздеген Томирис, Кирді осы соғыста жеңеді. Кирдің басын шапқызып, қан толы торсыққа салады.

2 - Кирдің қазасынан 11 жылдан соң б.з.б. 519ж. Дарий І бастаған парсылар қайта сақ жеріне шабуыл жасайды. Бұл соғыста сақтарды Скунха атты көсем басқарады. Бірақ, ол бұл соғыста жеңіліс табады. Бұл соғысқа сақтардың дайындығы жоқ еді, олар өздерінің күнделікті бейбіт шаруашылықтарымен айналысып жатқан кез болатын. Осы соғыстың таңғажайып бір оқиғасын грек тарихшысы Полиен тамаша суреттейді. Мысалы, Шырақ есімді жауынгердің ерлігі жайлы. Ол өзін елі үшін құрбандыққа шалып, парсыларды алдап сусыз шөлге апарып қырады. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар тәуелсіздіктерін сақтап қалады.

3 - Б.з.б. 4 ғасырдың 30-шы жылдары сақ жеріне македондық Александр Македонский (қазақша аты Ескендір Зұлқарнайын) бастаған грек әскерлері қауіп төндіреді. Грек-македон әскерлеріне қарсы 3 жыл бойы партизан соғысын Спитамен жүргізді. Күннің ыстығы мен сақтардың жиілей түскен шабуылдары гректерді әбден әлсіретеді. Мұны пайдаланған сақтар гректердің әскерін талқандайды. Осы сақтардың гректермен соғысы жайлы дерек, грек тарихшысы Аррианның жазбаларында кездеседі. Осылайша А. Македонскийдің сақтарға қарсы жасаған жорығы сәтсіз аяқталады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту

Енді балалар бүгінгі «Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі» атты жаңа сабақты қаншалықты түсінгендеріңді «Басқатырғы» ойынымен тексеріп көрейік. Ойынның шарты: 3қатарға үш жасырын сөз беріледі. Ол сөзді тауып, оған түсінік беру.

-ҚЫШРА -ОТИМСИР -РИПСГАСПА

Сұрақ:

1. Шырақтың ерлігі туралы не айтуға болады? (өз ойларымен бөлісу)

2. Спаргапис неге өзін өлтірді? (өз ойларымен бөлісу)

3. Томирис Кирдің басын қан толы торсыққа салып, қандай сөздер айтты?

V. Қорытынды

Міне балалар, бүгінгі сабағымызды қорыта келе, сақтардың ер-жүрек, батыл халық екенін білдік, өз жерлерін жат елдерден қорғап, ерен –ерліктер көрсеткенін білдік. Ата-бабаларымыздың жеңіп алып берген тәуелсіздігіміздің арқасында біз шаттық та, бақытты өмір сүріп жатырмыз

VІ. Бағалау

VІІ. Үй тапсырмасы

-рөлдерді бөліп алып, шағын көрініс шығару

-ой-толғау жазып келу

Автор:
Гульзира БЕЛИМБАЕВА, тарих пәнінің мұғалімі Матай орта мектебі, ақсу ауданы