Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ


24 августа 2012, 19:46 | 2 156 просмотров



Өзінің халыққа «Жолдауында» Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «... Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» - дейді. Сондықтан ел болашағы білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – біздің міндетіміз.

Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.

Осыған орай педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа оқыту түрлерін сабақта пайдаланамын.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша «Сын тұрғысынан ойлау» және «Деңгейлік оқыту» технологиясына көңіл бөліп, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуда қолданып жүрмін. Себебі, бұл қазіргі білім беру жүйесін ізгілендіруде өзіндік орны бар ерекше технология.

- шығармашылық ізденістер, тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;

- оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын келешектегі өмірлерінде қолдана алуларына көздерін жеткізу;

- оқушылардың істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі, жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы.

Оқушының дербес, екеулеп, топтап оқу жұмысына бағытталған шығармашылық әрекеті білім алу қажеттілігімен ұштасады.

10-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті оқулығында «Әнші-сазгер ақындардың» шығармашылықтарына аз сағат берілген. Аз сағат болса да сабақты қызықты, әсерлі өткізсе оқушының да бұл тақырыпқа қызығушылығы артады. «Жаяу Мұса Байжанұлы», «Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы» т.б. тақырыптарына ашық сабақтар және сыныптан тыс жұмыстар өткіздім.

«Жаяу Мұса Байжанұлы» тақырыбы (слайд) көрсету

Оқушылар берілген тақырыптың мазмұны мен мақсатын анықтайды. Ал мұғалімнің басты мақсаты осы кезеңде оқушылардың қызығушылығын ояту, ынталандыру. Шығармамен жұмыс істеу жолын, қай жерінен нені, қалай іздеуді үйретеді.

1.Жаяу Мұсанынң өмірі мен шығармашылығын «Зерттеуші» тобы зерттейді.

2.«Ақ сиса» әні және т.б. әндерінің шығу тарихын бір топ зерттейді.

3.«Әдебиетшілер» тобы тақырыпқа сай сұрақтар дайындап келеді.

Іздену, ойлау жұмысына жетелеу.

Іздену жұмыстарына жетелеуді мұғалім мәтін бойынша әрбір топқа тапсырма береді. Пайда болған сұрақтарды топта талқылап, өзара түсінікті оймен алмасады, нәтижесінде сөздік қоры молаяды. Топтар арасында алуан түрлі пікірлер пайда болады. Оқушылар сын тұрғысынан қарап сөйлеуге икемделеді.

Өз пікірін сараптап, ойларын ашық айтып, көзқарастары бір жерден шыққан соң мынандай қорытындыға келеді.

1. Ақын идеясын түсіну

2. Әнші-сазгердің өмір жолының бір кезеңін өлеңде айқын көрінуін білуі

3. Өлеңдерінің шығу тарихын білуі

4. Әнші, ақын-сазгерлердің қилы кезеңдегі жағдайлары, шығармаларының жан-жақтылығы

Өз сабақтарымда байқағаным шығармашылық жұмыс жасау – жеке тұлғаны қалыптастыруда зор рөл атқарады.

Оқушы қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлімне шомылып, кез-келген нәрсеге өз ұсынысын, ойын еркін айта және жаза біледі.

Автор:
Шолпан БАЙТУХАНОВА Жансүгіров атындағы мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қызылағаш ауылы. Ақсу ауданы