Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БІЗ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҰСТАЗДАРЫН ДА ОҚЫТАТЫН БОЛАМЫЗ


24 августа 2012, 19:51 | 1 997 просмотров



Астанада өткен Қазақстан педагогтарының тамыз конференциясында «Назарбаев Интеллектуалды мектептері» АҚ басқармасының төрайымы Күләш Шәмшитдинова осылай айтты. Басқарма төрайымы атап көрсеткендей, биыл Назарбаев зияткерлік мектептерінде білім алуға ниет білдірген оқушылардың 45 пайызы тиісті ұпайды жинай алмады. «Сол себепті біз балаларды алдын ала дайындап, олардың ішінен дарынды оқушыларды іздеу аясын барынша кеңейтуіміз қажет. Ондай жасөсірімдер табылатын болса, біз оларды оқытып жатқан ұстаздардың да кәсіби дайындығын көтеруге әзірміз. Себебі бала бізге түскен кезде жан-жақты дайын болуы тиіс», - деді ол.

Автор:
КАЗАҚПАРАТ