Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША ЭКСПЕРИМЕНТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 104 МЕКТЕБІНДЕ ЖАЛҒАСАДЫ


25 августа 2012, 01:51 | 740 просмотров


ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков аталған алқалы жиын барысында жаңа оқу жылында 12 жылдық білім беру бойынша эксперимент республиканың 104 мектебінің 9-10 сыныптарында жалғасатынын айтып өтті. Осы орайда ол білім беру жүйесін жаңартудың маңызды құрамдас бөлігі 12 жылдық білімге көшу екенін жеткізді. Бүгінде министрлік тарапынан қажетті заңнамалық база әзірленіп, стратегиялық құжаттар дайындалғанын сөз етті. Оның пайымдауынша, халықтың үштен бір бөлігін қамтып отырған білім берудің алып жүйесін бірден жаңғырту мүмкін емес. Сондықтан да ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүгінде өсім негіздері құрылғанын, бұл Назарбаев Зияткерлік мектебі секілді тәжірибелік алаңдарды қамтитынын тілге тиек етті. М. Сарыбековтың сөзіне қарағанда, осында барлық инновациялар құрылып, қабылданып және оны мектептер жүйесіне енгізу үшін тарату керек. Таратылған мәліметтерге қарағанда, конференцияға қатысуға еліміздің барлық өңірілеріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінен 150 мұғалім, биылғы оқу жылында аталған мектептерде жұмыс істейтін 165 шетелдік педагог, сондай-ақ бұл мектептің тәжірибесін тарату үшін Қазақстан бойынша базалық мектептер ретінде іріктелініп алынған 35 мектептің өкілдері шақырылды.

Автор:
КАЗАҚПАРАТ