Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңашылдыққа бейімделу


24 декабря 2009, 20:37 | 2 397 просмотров


Алматыда ҚазҰТУ-дың базасында Жоғары оқу орындары арасында республикалық электрондық кітапхананың және университет порталының таныстырылымы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш университеттің ректоры Жексенбек Әділовтың айтуынша, Республикалық электрондық кітапхананың негізгі міндеті республикадағы барлық жоғары оқу орындарының электрондық кітапханаларын біріктіру болып табылады.

«Еліміздің жоғары оқу орындары электрондық технологиялармен жабдықталып, жаңашылдыққа бейімделуде. Десек те, оқу ордаларында электрондық оқыту ресурстарының жетіспеушілігі, әсіресе ана тіліміздегі электрондық оқулықтардың тапшылығы, білім беру саласындағы шешімін таппай отырған негізгі мәселелелердің бірі. Осындай бой көтерген келеңсіздіктерге байланысты, ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Республикалық электрондық кітапхана ашу туралы бұйрық шығарған болатын. Электрондық кітапхананы ашудағы басты мақсат- профессорлық-оқытушылық құрамды, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды интерактивті мультимедиялық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету. Бүгінде аталмыш кітапхананың базасын толықтыру үшін жоғары оқу орындарының қолда бар электрондық-ақпараттық білім беру ресурстарын жинау, топтастыру жұмыстарымен ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, ал техникалық жағынан қамтамасыз етумен «КазРЕНА» Қазақстанның ғылыми білім беру компьютерлік желісінің қауымдастығы айналысуда»,- дейді ректор.

Автор:
«Казинформ»