14 сентября 2012, 18:50 | 2 239 просмотров
Экономикадығы жаһандану білім беруге жаңа сапалық талаптар қойып, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапалы оқу мен тәрбиелеуге қол жеткізу мәселелері басты орын алып отыр. Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өтуі қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде білім беру реформалары жасалуда. Мақсат – келешек ұрпаққа өз елінің мақсат – міндетімен ұштасқан, халқының рухани байлығымен сусындаған, елдің ертеңіне саналы еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеп, оған озық білім беру. Сондықтан білім беру – мемлекеттік аса маңызды міндеттердің бірі ғана емес, бірегейі. Біздің елмізде де білім беру жүйесі қашан да аса маңызды салалардың бірі саналады және дамуы еш уақытта көңілден тыс қалған емес.
Білім – адамның сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, біздің жағдайымызда ол – педагогикалық мамандардың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сол себепті біз «біз» оның өмір сүру барысында өзгере алатын, оған өзінің әлеуеті жететін ашық жүйе ретінде қарастырамыз. Ал ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Мамандарды оқу орындары дайындайтын болса, оның кәсіби дәрежесінің көтерілуі тәжірибе арқылы, тәжірибеде өзін – өзі анықтап, алға ұмтылуы арқылы жүзеге асады. Кәсіби қалыптасуы мен даму кезеңінде маман «біліктілік» деген ұғымға сәйкес айналадағы өзгерістерге орай өз әрекетін жоғары деңгейге жобалай, ұйымдастыра алу, өз санасына түзетулер енгізе алу, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесінде авторлық бақылау мен бағалау жасау сияқты әркеттер мен айналысуы тиіс. Бұл оның кәсіп иесі ретіндегі өзінің сапасын арттыруға деген қажеттіліктерінен, өмірдің талаптарынан туындайды да, біліктілікті арттыру арқылы жүзеге асады. Мұндағы білікілікті арттыру деп отырғанымыз – мұғалімнің өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсібилік пен құзырлылық деңгейін көтеру мақсатында арнайы білімдік бағдарламалар арқылы оқыту, кәсіби дамыту іс – шараларына қатыстыру және оның өз білімін көтеру.
Қоғамның қазіргі даму сатысында адамның ақыл – ойын бағалау, оның шығармашылық әлеуетін мейлінше көтеру ерекше мәнге ие болып отыр. Қай қоғамда да істің тетігін маман шешеді деген қағиданың негізінде шындық бар. Яғни, білімді маманды дайындау бүгінгі мектеп партасында отырған оқушының сапалы білім алуы ұстаздарға тікелей байланысты. «Басқаларды оқытуды нәтижелі болсын десе, ең әуелі педагогтің өзі білімді болуы керек» деген даналық сөз бар. Білім сапасын арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты рөл атқармақ. Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі арттырса, онда үлкен жетістікке қол жеткізері анық.
Бүгінгі күні мұғалімнен шығармашылық ізденістер және білім саласының құзырлы тұлғасының зертеушілік білігі мен щығармашылық қабілеттерінің үйлесімділігі талап етіледі. Осы үдеден шыққанда ғана бүгінгі ұстаз - заман талабына жауап беретін, жаңаша ойлай біліп, өзінің де, өзгенің де жан – жақты дамуына үлес қоса отырып, жұршылық пен ынтымақтастық орнатуға икемді, шығармашыл тұлға болып қалыптасады.
Оқытудың өзекті мәселесі «Нені оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» сауалының біріне Жалпыға білім беретін Мемлекеттік білім беру стандарты жауап берсе, «Қалай оқыту керек?» деген сауалға жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығын іздеу керек екені белгілі. Сонымен қатар заман талабына лайықталған қазіргі мұғалім – кәсіптік даярлығы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны өзінің нақты дәрісі үстінде тиімді пайдалана білетін, жан – жақты дамыған шығармашыл тұлға.
Шығармашыл тұлғаны қалыптастыратындай әдістемелік жұмыстарды жетілдіруде басшылыққа алынатын міндеттер:
1.Еліміздіңң білім беру саясаты мен стратегиясын жүзеге асыруға ат салысу, инновациялық үрдістерді жүзеге асыруға, басқарудың жаңа демократиялық үлгілерін таңдай біліп, тәжірибеге енгізуге белсене араласуға;
2.Білім беру саласындағы тапсырысты, қажеттіліктерді зерттей біліп, оқу – тәрбие жұмысының жай – күйін, атқарылған шараларды мониторинг арқылы талдай білуге;
3.Өзінің мақсатты даму бағдарламасын жоспарлап, ғылыми – әдістемелік, сынақ жұмыстарын ұйымдастыруға;
4.Өз бетімен білім көтеру жұмыстары бойыншы ақыл – кеңес беруге дайын болуға.
5.Педагогтердің инновациялық бағытта шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызып, қолдай көрсете білуге;
6.Қабілетті балалар мен жаңа жағдайдағы жұмыста бағыт – бағдар, кеңес бере білуге;
7.Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, жаңа білім беру мазмұнына сәйкес оқыту және тәрбиелеу, ұйымдастырудың жаңа әдістерін талдай біліп, білім берудің сапасын арттыру арқылы білімнің деңгейін әлемдік межеге көтеруге белсене араласуға;
8.Заман талбынан қалмай, үнемі ізденіс үстінде болу қабілеттерін дамытуға даярлау.
Өркениетті ел қатарына қосылудың кілті – білімде болса, білімнің көзі - мектепте екенін ұмытпайық. Мектептің болашағы, үміті мен сенімі – жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау, заман талабына лайықты мұғалімнің қызмет етуі қоғам дамуын алға бастайды.