14 сентября 2012, 19:01 | 1 742 просмотра
Қазақтың атақты жазушысы, Алаш Орда қайраткерлерінің бірі Жүсіпбек Аймауытұлының кез келген туындысы ұлтты сүюдің барометрі іспетті. Әсiресе советтiк цензура әлi келмеген 1917-1918 жылдары жазған мақалалары ерекше көзге түседi. Бұл кезде ол Семейде шығатын «Сарыарқа» газетiнде қызмет iстеген. Сонымен бірге «Абай» журналының редакторы да болған. 1918 жылы бiр өзi осы журналдың он үш санын шығарған екен. Мiне, осы баспасөзде ол большевизмнiң өте қауiптi екенiн бағамдаған, ұлт бостандығын көздеген, қазақ елiнiң келешегiне алаңдаған, өткiр әрі проблемалық мақалалар жазған. Олардың қатарында «Қазiргi саяси хал», «Қазiр екi нәрсе керек», «Ұлтты сүю», «Жастар кiм?», «Қазақ тiлiн iске асыру қамы» секiлдi жарияланымдарды ерекше айтуға болады. Жалпы, Аймауытовтың саяси тақырыптағы публицистикалық дүниелерiнiң саны қырықтан асып жығылады.
Біз бүгін ұлт қайраткерінің «Ұлтты сүю» мақаласын жариялауды жөн көрдік. Мақала 1991 жылдан кейін қазақ оқырманымен қайта қауышып отыр! Туындыны төте жазудан кирилл қарпіне түсірген - жүсіпбектанушы