Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЕНДІ МЕКТЕПТЕ ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРІЛЕДІ БІРАҚ, ОҒАН НЕ КЕДЕРГІ?


14 сентября 2012, 19:02 | 1 804 просмотра


Білім және ғылым министрлігі орта білім беру жүйесіне жаңа әдістемелер енгізуді ойластыруда. Солардың қатарында : 12 жылдық, білім бағасын сараптаудың 12 балдың жүйесі, ҰБТ-тің жаңа форматы және электронды білім беру.

- Алдағы, дәлірек айтқанда 2013-2014 оқу жылынан бастап мектептерде ағылшын тілі 1-сыныптан боқытылмақшы. Ағылшын тілін жалпы білім беретін мекемелерден жоғары оқу орындарына да енгізу уақыт талабы! Бүгінгі таңда бұл әлемдік білім кеңестігіне жол ашатын және оқушылардың қолжетімді ақпараттар алудың кепілі болады,-деп мәлімдеді мемлекетіміздің бас ұстазы Бақытжан Жұмағұлов.

Әлбетте, жаңа жоба керек те шығар. Бірақ іс жүзіне асар ма екен? Жай мектептерде оқығандар шеттілінде екі сөздің басын құрай да алмайды. Әлде оған әдістемелер сәйкес келмеді ме, жоқ әлде педагогтардың білімділігі жетпеді ме? Кім білсін?

- Бүгінге ештеңе өзгере қойған жоқ,-дейді ата-аналар. – балаларымыз шет тілін оқығанымен, сол тілде өз ойларын жеткізе алмайды. Кейде осыдан ағылшын тілі пәнінендәріс беретіндер өздері сол тілді білмейді ме деп қаласың. Түсініксіздігі сол, 1 жылдың ішінде 1-сыныптан бастап бүлдіршіндерді оқытатын жеткілікті түрде мұғалімдер даярлап шыға аламыз ба? Мәселенің мәнісі міне, осында жатыр деген уәж айтады ата-аналар Мамандар мұндай мәселелер жайымен келісіп отыр. Қазақстандағы білім жүйесі әбден жетілген деуден аулақпыз. Мектептер мен жоғары оқу орындарында шет тілін оқытудың бүге-шүгесін анықтамай жатып, оны салаға енгізе салу қалай болар екен?

- Иә,білім беруде кемшін тұстар жоқ емес,-дейді «Аспандау» ғылыми-білім беру батыс аумақтық филиалының атқарушы директоры Еркін Ерғалиев. – Оны жедел түрде, «кампанейщинағ»а салып шешу асығыстық екені бесенеден белгілі. Бұл бір ғана ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне ғана емес, баршаға қатысты. Екі, немесе үш тілді жетік білмейтін мұғалімдерсіз бұл тығырыққа тірелері ақиқат.

Министрліктегілер 2013-2017 жылдар аралығында 1-4-сыныптар оқушыларын шет тіліне үйрету үшін қосымша 1923 ұстаз қажеттігін есептеп те қойыпты. Олар кадодың жетіспеушілігін жойып, бірінші кезекте кәсіби мамандарды тарту арқылы мұғалімнің мәртебесін көтеру керектігін алға тартады. «Сауатсыз елдiң iлгерi қадам баспайтыны бесенеден белгiлi. Осыны ескерсек, бiздегi бiлiм жүйесiнiң жүгенсiздiгi кез келгенiмiздi алаңдатуға тиiс. Бiлiм министрлiгi дайын тұрған мектеп бағдарламасын шетке ысырып, шетелге елiктеп жаңа оқыту жүйесiн енгiздi. Бұл жаңалықтан шеке майымыз шылқ еткенi шамалы. Түрлi әдiстемелiк нұсқаумен оқытуды қолға алған мектептер жарысқа түскендей жанталасты. Бiлiм алуға тиiс оқушының өресi жаңа жүйеге дайын ба, қарым-қабiлетi жете ме, бұл жағына мән берiп жатқан ешкiм жоқ» деп жазады «Жас алаш» газеті.

Министрліктің жоспары бойынша 2013 жылы Қазақстанда 4125, соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 780 ағылшын тілі пәнінің мұғалімі даярланады. Қазірдің өзінде еліміздегі 47 колледж 5 мыңнан астам «Вғылшын тілі пәнінің бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы негізінде кадрлар оқытуда.

САУАЛДЫҢ БАҒАСЫ

Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттіктің дерегіне сүйенсек, білім саласы қызметкерлерінің жалақысы қаржы, сақтандыру және жылжымайтын мүлік саласы қызметкерлерінен әлде қайда төмен. Мұғалімдер орта есеппен 70 мың теңге алса, айтып отырған саладағылар ай сайын әмиянына 130000-140000 теңге салады. Мысалы, чехиялық шет тілдері пәнінің мұғалімі 1,5, ал АҚШ-тық әріптестер 4000 доллардан астам еңбек ақы алады екен.

ОҚУЛЫҚ-БІЛІМ БҰЛАҒЫ

Ата-аналарды мектептерге ағылшын тілін енгізу үшін ең қажеттісі оқулық керектігі де алаңдаты. Біздегі бар оқулықтар оқушыларға ғана емес, тіпті бізге де түсініксіз дейді олар. Ал, ағылшын тілі оқулықтары қандай боларын кім білсін? Оны уақыт көрсете жатар. Деседе, қоғам бұл жобаға сенімсіздікпен қараса, шенеуніктер бізде бәрі дайын, ойға алған жоба нақты іске асады деген сенімде.

Автор:
Ырысбай АҚАДЫҚҰЛЫ.