Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алматы облысының сегіз түлегі қайырымдылық грантының иегерлері аталды


14 сентября 2012, 19:31 | 1 464 просмотра


Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның білім беру грантының арқасында Алматы облысының сегіз түлегі студент атанды.

Алматы облысынан білім гранттарын алғандар арасында Кербұлақ ауданының тұрғыны Әйгерім Ортаева, қапшағайлық Жұлдыз Нұрпейісова, Көксу ауданынан келген Анар Малтаева, Жамбыл ауданынан Айғаным Әбілақат, сарқандық Кристина Прозорова, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Мәдина Әділбай, Қарасай ауданынан келген Жанар Жаумытбаева және Райымбек ауданынан Құндыз Атшыбай бар.

Алматы облысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Гүлнар Ермекбаеваның хабарлауынша, грант иегерлерінің қатарына жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балалар кірді.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ