Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қартайып барамыз ба?


21 сентября 2012, 16:16 | 1 883 просмотра


БҰҰ-ның есебіне сәйкес Қазақстан «қартаю деңгейінде» тұрған елдердің қатарына жатқызылады. Сеебебі елімізде 65 жасты еңсерген қарттардың саны басым. Ағымдағы жылдың басында 65 жастан асқан қарттар саны 6,6 пайызды құрапты. Бұл жөнінде ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смаилов мәлімдеді.

65 жастан асқан азаматтардың саны көп мемлекеттердің қатарында Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Украина, Ресей сынды елдер бар. «Халықаралық статистикаға зер салсақ, 65 жасты еңсерген азаматтардың саны Германияда 24 пайызды, Ұлыбританияда 20 пайызды, АҚШ-та 16 пайызды, Украинада 18 пайызды құраса, Ресейде 15 пайыз. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, Қазақстан азаматтары әлдеқайда жас» дейді Әлихан Смаилов.

Ағымдағы демографиялық үрдістер, денсаулық сақтау жүйесінің сапасының артуы, өмір сүру салтының жақсаруы сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша 65 жастан асқан азаматтардың саны арта түседі.

Статагенттіктің пайымдауынша, 2012 жылдың басында 65 жасты еңсерген азаматтардың саны 6,6 пайызды құраса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 7 пайызды құрайды. Ал 2020 жылдарға таяу 65 жастан асқан азаматтардың саны ел халқының 7,4 пайызын құрауы мүмкін. Қариялардың көп болғаны артық етпейді. Бастысы ардагерлер мен қарттар үйі тастанды қарияларға толмаса игі.

Автор:
Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ