Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Келер жылы күйіп қалмаңыз!


21 сентября 2012, 16:20 | 1 591 просмотр


Биылғы апшыны қуырған ыстық, ыстық па? «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің», жер дүние өртенер ыстық келер жылы болмақ. Әлемнің ауа райын қадағалап отырған Батыс ғалымдары осылайша дабыл қағуда.

«Алдағы жазда бұрын-соңды болмаған қатты ыстық болады. Оның зардабы әлемнің барлық нүктесінде сезілмек. Сондықтан қамды осы бастан жасай беру керек» деседі ғалымдар. Олардың есебінше, ыстық төрткүл дүниенің көп жерінде апталап, айлап 35-45-50 градусты көрсетіп тұрып алмақ. Бұл өсімдік тұрмақ адамның денсаулығына да үлкен әсер ететіні белгілі. Демек, ғалымдардың айтуынша, келер жылы түрлі эпидемиялар өршіп, жүрек, қан қысымы барлар үшін үлкен қауіп болмақ. Есеп бойынша соңғы отыз жылда жердің қызуы 0,16 градусқа артқан көрінеді.