Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БІЛІМСІЗ БАЛА БОЛМАСЫН!


28 августа 2009, 11:06 | 2 599 просмотров


2009 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясын жариялады. Осыған байланысты Алматы облыстық білім басқармасының 2009 жылдың 28 шілдесіндегі № 300 бұйрығының негізінде қалалық білім бөлімі акцияны өткізу іс-шараларын қарап, бекітті.

Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған отбасындағы оқушыларға жаңа оқу жылына дайындықта қолдау көрсету және әлеуметтік себептермен бірінші қыркүйекте мектепке келмей қалудың алдын алу.

Акцияға қатысамын деушілерге шек қойылмайды. Қалалық білім бөлімі мемлекеттік мекемелерді, үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпорындарды, шаруашылық субъектілерін, меценаттар мен волонтерлерді қайрымдылық акциясына белсене қатысуға шақырады

№ 2 орта мектепте директорлардың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен осы мәселелер бойынша қалалық білім бөлімі нұсқау кеңес өткізді. Мектеп ұжымдарында акцияны ұйымдастыру комитеті құрылып, іс-шаралар дайындалды.

Әр мектепте баланы мектепке қабылдау мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру үшін ақпараттық алаң ұйымдастырылуда.

Акция барысында мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару кеңесінің мүшелерін, мектеп белсенділері мен көшбасшыларды көптеп тарту көзделіп отыр.

1 қыркүйекте салтанатты жиынның шеңберінде акцияға белсенді қатысушылардың жүріп өтуі ұйымдастырылады.

Акция барысында қиын балалар тобына жататын, сонымен қатар ата-анасының қарауынсыз, қадағалауынсыз қалған, жағдайы жоқ отбасылар мен оралман балаларын, өзге де себептермен жүйелі түрде сабаққа бармайтындарды анықтау үшін рейдтер жүргізіледі.

Қалалық әкімшіліктің бастамасымен 12 тамызда акция мақсаттарын насихаттау, жұртшылықты қайырымдылық қорына тарту, барлық баланың мектепке жол табуына көмектесу үшін баршамызға белгілі «серуен аймағанда» Тәуелсіздік көшесінен бастап Қабанбай батыр көшесі аралығында 30 қыркүйекке дейін күн сайын «Мектеп жәрмеңкесі (ярмарка)» ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, әр сенбі күні «Шаруашылық базарында» (коммунальный рынок) 30 қыркүйекке дейін балалардың оқуына қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтар жәрмеңкесі болады.

Бірлесіп көтерген жүк жеңіл дегендей, маңызы мен мәні зор бұл іс-шараны қалалық әкімшілікпен, құқық қорғау органдарымен, ата-аналар комитетімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп атқару көзделіп отыр.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласының тұрғындарын мектепті тастап қадағалаусыз қалған, қайыршылық күн кешкен немесе бала еңбегін қанаған жайттарды білсеңіз бала тағдырына аса жауапкершілікпен қарап төмендегі телефондарға хабарлауды сұраймыз: 24-51-76; 24-72-23.

Автор:
Ш.Ж.СУЛЕЙМЕНОВА, Қалалық білім бөлімінің қызметкері