Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛДЕРІ


21 сентября 2012, 16:23 | 6 367 просмотров



Сабақтың білімдік мақсаты:

Қазақстанның ірі көлдерімен жете танысу физикалық -

географиялық жағдайына сипаттама беру

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

Оқушыларды Балқаш, Каспий Арал көлдерінің проблемалық жағдайларын шешуде оқушылардың танымдық шығармашылық ізденіс жұмыстары арқылы біліктілігін кеңейту

Сабақтың білімдік мақсаты:

Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялай білуге экологиялық мәдениетке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: панорамалық сабақ

Сабақтың әдістері: Ой, қозғау, ассоциация, салыстыру талдау

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, Венн диаграммасы, кестелер, сызба, тест

Сабақтың формасы: топтық

Сабақ барысы

I Ұйымдастыру кезеңі :

Сәлемдесу, түгендеу оқушылардың назарын сабаққа аудару,

сабаққа даярлық..

Оқушыларды псхологиялық ойын ойната отырып 3 топқа бөлемін әр топқа сыныпта мына жүйемен орналастырамын.

1-топ «Каспий»-қызыл түс

2-топ «Арал»-сары түс

3топ «Балқаш»-жасыл түс

II Үй тапсырмасын сұрау:

Өткен тақырыпты еске түсіру сұрақтарынан бастаймын.

1. Қазақстанда қанша көл бар /48мың\

2. Қазақстан көлдерінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер \климат жағдайына байланысты Қазақстанның солтүстігіне орналасқан. Олардың ішінде Балқаш Зайсан, Алакөл сияқты көлдердің көбі /94 \ көбі көлемі 1шаршы км-ден кем шағын көлдер көлдердің барлығы дерлік тұйық көлдер деңгейі өзгеріп отырады суы тұзды\

Балалар мен сіздерге өзіміз танысқан Балқаш, Каспий Арал теңіздері жайлы шығармашылық жұмыс даярлап келуге тапсырғанмын кәне оны тыңдап көрейік

1. Каспий тобы

2. Арал

3. Балқаш топтары өздерінің шығармашылық ізденіс жұмыстарын оқып дәлелдейді және бірін-бірі толықтырады.

III Жаңа сабақты өткізудің кезеңдері

Қалған 2топ Каспий мен Аралдың Каспий Балқаштың ұксастықтарын тауып толықтырады.

3. Оқушылардың оқулықтан алған білімдерін пайдаланып тақырыпты толығырақ ашу үшін әр топқа тақырып бөліп беріледі.

1.Каспий» тобы Каспий тенізінің географиялық орны және геологиялық тарихы

2. Арал» тобы Каспий теңізінің климаты өсімдіктері жануарлар әлемі, пайдалы қазбалары

3.Балқаш» тобы Каспий тенізінің экологиясы туралы талқылайды.

1. топ Каспий» Каспий теңізі Европа мен Азия аралығында орналасқан әлемдегі ең үлен тұйық көл үлкендігіне қарап оны теңіз деп атайды.\Теңізді картадан көрсетеді\

Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізге бөлінді. Бұл кезді Каспий тенізінің пайда болу уақыты деп есептеуге болады. Каспий тенізінің жалпы ауданы 390 мың км мұхит денгейінең 27 м төмен жатыр. Казақстан үлесіне 29% Ресейге 16 % Азербайжанға 20% Түркменстанға 21% Иран Ислам Республикасына 14% тиесілі

Теңіз қазаншұнқыр бедеріне қарай 3-ке бөлінеді. Солтүстік және ортаңғы және оңтүстік ең терең жері 788м

2. Арал тобы: Каспий теңізі екі климаттың белдеуде орналасқан Солтүстігі қоңыржай континентті, оңтүстік батысы құрғақ субтропиктер, шығысы орта Азия шұғыл континенті климат арасында жатыр. Жазда теңіз беті қатты қызады температура барлық жерде бірдей шілдеде +1+5C Оңтүстігінде +8+10C Теңіздің солтүстіктен Оңтүстікке созылыңқы орналасуы оның климатына әркелкі болуына әсері бар Каспий қайраны өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі.Тұйық су ауданы болғандықтан мұндағы организмдердің басымы эндемик \жергілікті түр/ Теніздің байлықтарының бірі бекіре тұқымдас балықтар. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80% Каспийдің үлесіне тиеді. Итбалықтың болуы, бір кезде оның солтүстік мұзды мұхитпен байланысты болғанын көрсетеді. Сол сияқты кәсіптік балықтарға бай. Бекіре, шоқыр, қротпа сияқты. Өсімдіктердің Каспий тенізінде500түрі жануарлар мен балықтардың 769 түрі мекендейді, құстардың 260 түрі кездеседі. Ақтау қаласы маңында аққу қыстап қалады,Каспийдің негізгі пайдалы қазбаларының бірі мұнай оны игеру жоғары қарқынмен жүргізілуде. Оған дәлел АҚШ Теңіз Шевроил компаниясы, Маңғыстау, Маңғыстау түбегінде өзен Жетібай т.б.

4. «Балқаш» тобы Каспий тенізінің экологиялық жағдайы оңғы жылдарда су днггейінің көтерілуімен байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий тенізінің су денгейі көтерілген. Еділ өзенінің теңізге құятын барлық суының 80% құрайды.Оның толысуы Еділмен байланысты 1978жылдан бастап теңіз деңгейі өздігінен көтеріле бастады. Оның маңындағы 6 мұнай газ кешені жүздеген елді мекендер су астында қалды. Барлық ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аумағы 200 мың 200мың-га жетті. Теніздің көтерілуі экологиялық проблема туғызып отыр. Олар 1. Табиғат жайылым мен флорамен фаунасына зиян келуде

2. Топырақтың ластануы. Судың құрамында ауыр металдардың көбеюі бекіре итбалық сияқты теңіз жануарлары ауруға ұшырауда Бекірені аулау 40% азайды.

3. Су көтерілуі мұнай ұнғыларын, мұнай қоймаларын өнеркәсіптерін балық комбинаттарын басып қалуда

4. Мұнай игеруде шетелдік инвесторларды тарту оның экологиясы шиеленістіре түсуде. Теңіз жағалауы тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, шөлге айналуға себепші болып отыр. Сондықтан оның экологиялық проблемасын шешу мемлекетаралық шешімдер қабылдауды қажет етеді.

Талқылау аяқталған соң 3топ біріге отырып, Каспий тобының ассоциациясын толықтырады

№2 сызба

Келесі Арал мен Балқаш жайлы талқылау 1. Арал тобы Арал тенізінің географиялық жағдайы 2 Балқаш тобы Балқаш көлінің географиялық жағдайы 3. Каспий тобына Арал мен Балқаш көлдерінің экологиялық прблемаларына тоқталу 4 Венн диаграммасын толтыру арқылы үш көлдің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

1. Арал тобы: Арал теңізі-жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан көл. Геологиялық тарихына қарағанда Каспий теңізінең едәуір жас Арал теңізі суының көлемі жағынан Қазвақстанда ж\е ТМД –де екінші көл 1961 жылы Арал теңізі мұхит денгейінен 53 м биіктікте жатқан. Ауданы 66мың км , суының көлемі 1064 км болатын. Теңіз суының антропогендік әрекеттің нәтижесінде шаруасының мақсатына суды көп пайдаланудан 2002 жылы теңіз деңгей 20 м-ге төмендейді. Басты өзен Сырдария 1974 жылдан 1982 жылдан Амудария сарқылды Арал теңізі 1100 ұсақ аралдарға бөлініп кетті оның жағалауы әртүрлі Климаты шұғыл континентті Шілдеде +24C-26C ең жоғарғысы +45C барады. Тұздылығы 35%-ке жетті органикалық дүниеге Каспийге қарағанда әлдеқайда кедей, балықтың 20 түрі бар.

2. Балқаш көлінің географиялық жағдайы Балқаш көлі ауданы жағынан Каспий мен Арал теңізінен кейінгі 3көл Республиканың оңтүстік шығысында Балқаш Алакөл ойысында орналасқан.Теңіз денгейінен 342 м биіктікте жатыр. Көлдің ауданы 18200 км ұзындығы 614 км енді жері 74 км. Суының көлемі 106 км Көл палеозой қатпарлығында құрылған Ш Уәлиханов Алакөл мен Балқаш ұқсастығы туралы гипотеза айтқан. Солтүстігі Сарыарқамен ұштасады Оңт шығыс бөлігі көтеріңкі Оңт жағалауы Сарыесік Атырау құмды жазықтарынан Көл шығ,бат, болып екіге бөлінеді. Бат терендігі 6-12 Шығ 15 мтерендікте ең терең жері 26 м Көл суының 67% Іле өзені береді. Бат Іле өзенінің құяр жері тұздылығы 5,2% промилле

Климаты континенті шілдеде +24С қаңтарда -8Сжауын-шашын мөлшері 120мм Кәсіптік балықтың 20 түрі бар

Қапшағай ГЭС-нің салынуына байланысты көл денгейі 2м төмендедіКеме қатынасы үзілмейді Басты аймақтары Балқаш Сарышаған, Бурылбайтал. Бөрлітөбе

3.Каспий тобы Арал Балқаш көлдерінің экологиялық жағдайыне талдайды. Арал апатына негізгі себеп болған факторлар

1. Жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерінің ескеру

2. Ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау

3.Суды көп қажет ететін күріш, мақта өсіруді көбейту

4. Жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау

5. Табиғат ресурстарын пайдалануда жіберілген қателіктердің болуынан Арал экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа ұшыратты. Топырақ тұзданды

2. Елбасы Биылғы жылы 10 жыл толық отырған Қазақстан 2030стратегиялық бағдарламасында «Қоршаған орта менэкологиялық тазалығын жақсарту керек деген қазіргі біздегі экологиялық жағдайда адам өлімі 20% тең болып отыр Арал мәселесін Н. Назарбаев 1992 жылы күзде бастады. Елбасы әлемдік үлкен мінбеде тұрып, осы мәселеге тоқталды. Балқаш көлінің экологиялық проблемасы Іле-Балқаш экожүйесінде өзгерістер өте сирек кездесетін Іле тоғайлы шұрайлы жайылымдарды қамыс-қоғанның жайылуына себепші болды. Бір кездегі Іле өзенінің толық ағысы кезіндегідей емес Қапшағай бөгенінің салынуы осы зардаптарға себепші болды. Көл жағалауы кеуіп тұзды шаң ауаға көтерілді. Іле өзені Балқашқа бұрынғыдай құюдан қалды яғни Іле-Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік зауыт бұзды.

Тақырыпты талдап болған соң толғаныс бөлімінде Венн диаграммасын толтыруға тапсырма беріледі 3 көлдің ұқсастықтары: үш көлде ағынсыз тұйық көлдер экологиялық проблемалары бар, географиялық бір ендік бойында, шөл зонасында басым бөліктері жатыр. Антропогендік жерден экологиялық проблемасы бар.

Айырмашылықтары көлемі жағынан әртүрлі тереңдіктері әртүрлі орналасуы әркелкі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен ж\е өзендердің құюы және аз, көптігі жөнінде айырмашылығы бар.

Енді 3-топ әрқайсысы теніз көлдері бойынша проблемалары, олардың себебі жайында кестені толтыру арқылы ажырату 3-топшаға оқушылар әр проблеманы шешудің жолдарын өздері апрып тіркейді. Балалар осы проблемаларды шешуде қандай ғылыми болжамдар ұсынасыңдар.

1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.

2. Қапшағай су қоймасынан Балқашқа жіберілетін суды тұрақтандыру

3. Суармалы жерлерді шектеу

Балқаш тобының жауабы осылай болады. Арал теңізін құтқару жөнінде ғылыми болжамдар ұсынады.

1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру

2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту

Каспий тобының болжамы

1. Каспий жағалауындағы мем-р бірігіп шешу жолдарын іздестіру

2. Проблемаларға саралап баға беру

Осы жобалар тиімді ме келісесіңдерме

Автор:
Г.Х АХМАДИЕВА, Көкөзек орта мектебі тарих-география әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ақсу ауданы