Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ТӘСІЛДЕРІ


21 сентября 2012, 16:28 | 2 088 просмотров


Мен тарих пәннің мұғалімімің, Ұстаздық еткеніме жиырма жылдан асып барады. Осы мерзім ішінде тарих пәнін оқытудың тиімділігін арттырып, оқушылар санасына берік ұғындырудың әдістемелік тәсілдерін жетілдіру жөнінде тәп-тәуір тәжірибе жиқақтаған тәріздімін. Оған мен оқытқан шәкірттерімнің тарих пәнін үлгерудегі жоғарғы көрсеткішке жетуі дәлел бола алады. Атап айтқанда, былтырғы оқу жылында Ұлттық біріңғай тестілеу барысында тарих пәнінен оқушым Берік Мұсаев 25 балл жинап, үздік аттестат иегері атанды., Биылғы оқу жылында ҰБТ тарих пәнінен 25 балл талантты шәкіртім Бағлан Үкібай «Алтын белгі» иеленді.

Шәкірттерімнің осылайша жоғары балл жинауы нәтижесінде 2010-2011 оқу жылында ҰБТ бойынша тарих пәнінің үлгерім көрсеткіші 90 пайызға жетіп, мектебіміз Жамбыл аудандық Білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды.Бұл бізді жаңа жетістіктерге жетуге жігерлендіріп отыр.

Енді мен тарих пәнін оқытудағы тәжірибеме орай өзімдік оңтайлы деп санайтын әдіскерлік тәсілімді қамтитын өз бағдарламамды төменде ұсынып отырмын.

Мен «Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі - тіл болса, ал екіншісі -- тарих, ал тарих ғылымы -- ғылымдардың атасы» деген қағидалы тәмсілді басшылыққа ала отырып, тарихты оқытудың басты міндеттерінің бірі - өткен тарихты сын көзімен талдау арқылы, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен іздене білетін, өтілген тақырыптан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінен жұмыс істеуге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеуге баса ден қоямын.

Тарих пәнінің мұғалімі ретінде оны терең түсіндіру үшін алдыма қойған мынадай міндеттер бар:

• Оқытудың қазіргі заманғы сыннан өткен әдіс-тәсілдерін, жаңашыл мұғалімдердің тәжірибелерін оқып-үйрену және қолдану;

• Оқу- тәрбие үрдісін демократияландыру және ізгілендіру;

• Оқушының өзіндік көзқарасы мен ой-пікірін қалыптастыру;

• Оқушы бойындағы ұлттық психологияны дамыту;

• Оқушының дарынын жетілдіру мақсатында жеке жұмыс жүргізу;

• Оқытудың түсінуге оңайлылығы, соған жету жолдарын іздестіру;

Мектепте тарихи білім беру мынадай негізгі принциптерді ескере отырып құрылады:

• Ғылымилылық;

• Тарихилық;

• Жүйелілік;

• Логикалық және хронологиялық бірізділік;

• Тарихи білімді идеологиясыздандыру және ізгілендіру;

• Іс-әрекеттік компонентті күшейту;

• Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды уақыттық және кеңістік аспектілерді оқып үйрену;

• Экономикалық, саяси, әлеумметтік тарих, мәдениет тарихы бойынша материалдардың тең мөлшерде іріктелуі.

Мектепте тарихи білім берудің негізгі міндеттері:

• оқушылардың адамзаттың ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі дамуының тарихи жолын, оның әлеуметтік, рухани және адамгершілік тәжірибесін айшықтайтын жүйелі білім алуы;

• оқушыларда тарихты оқып-үйренудің көпөлшемділігі және тарихи процестің дамуының баламалы екендігі туралы түсінік қалыптастыру;

• гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеу;

• оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалармен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;

• Оқушылардың ой-санасында Қазақстандық патриотизмді қалыптастырып, азаматтық сезімді дамыту.

Тарих пәнінің оқытудың басты мақсаты:

Оқушылардың дүниетанымының негізі болатын тарихи сананы, тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыру, тарихи процесс желісін түйсінуіне, тарихтың мәдени-идеологиялық плюралистік идеясын, бұралаң жолын жете сезінуіне негіз жасау. Мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңінде қазақ қоғамын демократияландыруды тереңдету мен ілгерілеушілік өзгерістер тарихи білім мазмұнын, оқу материалын іріктеудің негізгі ұстанымдарын өзгертуді талап етеді.

Автор:
Гүлмира САТТИБЕКОВА, Үлкен орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жамбыл ауданы.