Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БІЗ – ОТАННЫҢ ҰЛАНЫМЫЗ


21 сентября 2012, 16:31 | 4 373 просмотра


Мақсаты: Оқушыларды туған елін, жерін, Отанын сүюге баули отырып, еліміздің ұлттық нышандарын қастерлеуге, табиғаты мен байлығын қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан рәміздері. Қазақстан картасы. Қанатты сөздер. Мақал-мәтелдер.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Мұғалім: Отан дегеніміз - әр адамның туып-өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені.

«Отансыз адам-қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны- Қазақстан Тәуелсіз Республикасы. 1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді. Елбасы Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті істер, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Біздің еліміздің белгісі болып саналатын – ұлттық нышандарымызды тұмардай танып, қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Еліміздің ертеңі, болашағы – сендердің қолдарыңызда. Сондықтан, білімді, тәрбиелі, іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық.

1-оқушы: Ендеше Қазақстан Республикасы: Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен елеулі. Әнұранымен айбатты.

2-оқушы: Құлақ түрем елімнің тынысына, мақтанам, қуанамын табысына.

Елбасы мен халқымыз аман болса, айналар Орта Азия «Барысына»

Мұғалім: Барыс- биік тауларды мекендейтін, өзінің балалығымен, тектілігімен, мәрттілігімен бағаланған аң. Елбасымыз барыс атауын текке қолданбаса керек.

Қазақстанды Орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың «Қазақстан-2030» стратигиялық бағдарламасы бұл күнде құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті.

Елбасының жолдауы – егемендіктің кілтін ұстап жастардың жарқын болашағына апарар алтын сүрлеу.

3-оқушы: Біз намыскер- қазақ елі ұланымыз, қорғайтын жерді Отан қыранымыз. «Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағт, Рақым» деп Абай атамыз айтқан ұланымыз.

4-оқушы: Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де. Өзіңді өзің еткен бақ-Тәуелсіздік төрінде.

5-оқушы: Өзіңдікі туың да, от пен ауа суың да.

Жаса, Қазақстаным. Белді бекем буын да.

6-оқушы: Асқар тау да сенікі, бақша бау да сенікі.

Қалтқысыз дос пенен, қатал жау да сенікі.

7-оқушы: Елімнің аты, жерімнің аты - Өзіңмен биік Республика Жақсының аты, ғалымның хаты - Өзіңмен биік Республика.

8-оқушы: Білімді ұрпақ, білікті маман, беделің сенің Республикам.

Болатын балаң, ары сау адам – мерейің сенің, Республикам.

Ән: «Елім менің»

9-оқушы: Мен өзімнің Қазақстандай елде туылып, осындай елде өсіп келе жатқанымды мақтан етемін. Жарқын болашақ күтіп тұрған менің елімде терең білім алып, Отаныма адал қызмет етіп, елімнің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қоссам дейді.

10-оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекн, биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

11-оқушы: Отан, Отан! Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

12-оқушы: Республика! Ерікті ел – Қазақстан!

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.

Келді алыстан, аңсатып, армандатып,

Торды бұзған мен де бір арыстан-деп жырлағандай, Тәуелсіздігіміз бізге оңай келген жоқ. Сондықтан осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік.

Ән: «Туған жер»

Автор:
Н.МАҚАШЕВА, Алғазы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Қаратал ауданы