Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Межеміз – айқын, бағытымыз - анық!


24 декабря 2009, 20:44 | 3 586 просмотров


Қадірлі патша көңілді оқырман қауым!

«Білім шапағаты» газетінің сіздермен жүздескеніне 8 айдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында сіздермен біз етене сырласуға мүмкіндік алдық. Оған - редакциямызға үздіксіз келіп жататын хаттар легі куә.

Аз ғана уақыт ішінде төл басылымдарыңыздың сіздердің үдделеріңізден шыға білгені, біздің де қаламымызға қанат бітіріп, шығармашылық еңбегімізге шабыт береді.

Газетіміздің «Тұғыр», «Тамыр», «Ай сырға» «Әдістеме», «Адам және оның еңбегі», «Бағдар», «Руханият», «Көкжиек», «Аялы алақан», «Аноним», «Страничка здоровья» айдарлары аясында білім саласын өркендетуге, озық тәжірибе таратуға, өзара пікір алмасуға, оқушы мен ұстаздардың жеке шығармашылығын дамытуға арналған көптеген маңызды да мәнді мақалалар жарық көрді. Газетіміздің салмақты жарық көрінуіне ең бірінші белсенді авторлардың үлесі зор. Аз-кем мысал келтіріп сөйлесек, Панфилов ауданынан хат жолдаған Қасымхан Тумаевтың «Білім берудің бірегей тәсілі» атты мақаласы оқу жүйесін өзгертуге жаңаша бағыт ұсынған пікірімен ерекшеленсе, Қаратал ауданының азаматы Жексенбек Сұлтановтың «Немқұрайдылықтан сатқындық жаман» мақаласы бүгінгі қоғамның шынайы болмысын боямасыз көрсетуімен ұнады. Сондай-ақ, басылымыздың төрінен орын алған Көксу ауданы Амангелді орта мектебінің директоры Шеризат Сапарғалиева, талдықорғандық Раушан Құрманғалиева, Баян Мәшіріпханқызы, А. Березин, Сарқандық Сайраш Шоманова, Алакөлдік Әсия Уалиева, Еңбекшіқазақ ауданынан И.Қатубаев, Іле ауданынан А. Масловалардың әр алуан тақырыпты қамтыған мақалалары оқырман жүрегінен жылы орынын алғаны анық.

Мұндай белсенді авторларымыздың қатары алдағы уақытта да үнемі арта түседі деген сенімдеміз.

Қазіргі кезде газетіміздің жалпы таралымы 7 мыңға жуықтады. Алдағы уақытта он мыңға жетер деген болжамымыз бар. Оның сыртында, біздің басылымның сайтын, яғни электронды нұсқасын бүгінге дейін 8 мыңнан астам адам тұтыныпты. Оның да қатары күн сайын арта түседі деген сөз.

Біз алдағы уақытта өздеріңіздің талап тілектеріңізді ескере отырып, «Күлтөбе», «Маман мінбері» деген айдарлар ашпақпыз. Бұл айдарлар аясында, қоғамда, әсіресе, білім саласына қатысты мәселелер кеңінен талқыланбақ. Сондай-ақ, экономикалық білім беруге бағытталған «Дәулет» айдары да жаңа жылдың жаңа жаңалығы болмақ. Дәстүріміз бойынша, жаңа жылда ұстаздардың, оқушылардың мәртебесін арттыруға бағытталған жоғарыда аталған, әрі өздеріңізге көптен таныс тұрақты айдарларымыз аясында тың мақалалар жарық көреді. Ендеше, төріміз сіздерге қадірлі оқырман! Хат жазыңыз. Хабарласыңыз.

Автор:
Бас редактор - Ерғазы Манапұлы