Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТЫҢ ИГЕРУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН САЛДАРЛАРЫ


21 сентября 2012, 16:32 | 1 580 просмотров


Сабақтың мақсаты: Білімділік: Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығының артта қалу себебін тауып, ауыл шаруашылығын алға бастыру үшін қолданылған шараларды оқушыларға жете түсіндіру. Тың және тыңайған жерлерді игерудің пайдасы мен зиянын ашып көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы біліктілігін дамытуға жағдай жасау.

Тәрбиелік: Оқушылардың ұлтжандылық сезімін оята отырып, туған өлке тарихының дамуын үйрете отырып, туған жерімізді Жер-Ананы қастерлеуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО, баяндау, пікір алмасу, ой толғаныс, миға щабуыл.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы, кітаптар көрмесі, үнтаспа, нақыл сөздер.

Пәнаралық байланыс: география, экология, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығында не себептен арта қалу байқалды?

2. Тың игеру қашан басталды және қалай ұйымдастырылды?

3. Тың игерудің алғашқы табыстары қандай болды?

4. Тың игерілген облыстарды атап, картадан көрсетіңдер?

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.

«Тың – еліміздің өміріндегі заманалық маңызы бар оқиға» Н.Ә.Назарбаев

1. Тың игерудің нәтижелері.

2. Демографиялық ахуалдың күрт өзгеруінің келеңсіз әсерлері.

3. Мал шаруашылығының жайы.

Үнтаспада «Сарыарқа» күйі орындалып тұрады.

Мал шаруашылығының дамуы өте төмен деңгейде қалды. Жағдайды жақсарту бағытында шешім қабылданып, қаулылар шығып жатты. 1956 жылмен салыстырғанда, 1960 жылы мал басы 67,4 %-ға көбейіп, жалпы саны 39 млн-ға жетті. Ет, сүт, жүн дайындау едәуір ұлғайды. Сала соғыстан кейінгі жылдардағы ұзақ уақыт артта қалушылықтан серпілгендей болды.

V. Жаңа сабақты бекіту.

«Телекөпір» ойыны. Демограф, эколог, ауыл шаруашылығының маманы, мал шаруашылығының маманы, заңгер телекөпір үстеліне жайғасып тың игерудің нәтижелері мен салдарлары туралы баяндайды.

Ой толғаныс. Венн диаграммасы:

Тың игерудің пайдасы мен зияны, ортақ қасиеті.

Автор:
Гүлдана АБДИМАНОВА, Нұрлы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Нұрлы ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы