Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚОЛМЕН ЖАЗУ НЕГЕ ҚАЛЫП БАРАДЫ?


21 сентября 2012, 16:36 | 1 611 просмотров


Соңғы жарты ғасырда жылдар бойы қолмен әдемілеп жазу әлемге ортақ ереже еді. Оқушыларға көркем жазуды үйрететін арнайы пән де болды. Соның нәтижесінде жазуы маржандай болып тізілген, жазу үлгісіне қарап мінезін танитын тұтас бір ұрпақ қалыптасты. Көркем жазудың әдістемесі басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. «Көркем жазуды қай кезде оқыту керек?» деген сұраққа әлем талай жылдан бері жауап іздеп келеді.

Америкалық психолог Ф.Фришен ХХ ғасырдың басында жазуды үйрету 9 жасында өте қолайлы десе, 20-жылдары Ю.К.Фаусек 5 жастан көркем жазуды үйрету керек екенін тәжірибе жүзінде көрсетті. Көркем жазудың әдістемесіне басқа елдердің тәжірибесінің де әсері мол. Көркем жазуды Қытайда, Араб елдерінде ұлттың мәдени ерекшеліктерінің бірі деп таниды. Жас балалар саусағының буыны қатқанша көркем жазу сабағынан дәріс алатын көрінеді. Мысалы, Қытайда мемлекетаралық шарттың бір нұсқасы қолмен жазылып, президенттердің қолтаңбасымен мөрленген күйде елдің Бас мұражайына тапсырылып, мыңжылдық жылнамаларының қатарын толықтырады. Болашақ үшін. Ақпараттың технология саласында адамның басы айналатын табыстарға қол жеткізген жапон еліне де бұл үрдіс жат емес. Жапон, Қытай балалары елінің жеңісімен ғана емес, адам қолымен кестеленген мыңдаған жылдық тарихы бар жылнамасымен де мақтанады.

Автор:
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ