Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ШӘКІРТТЕР ЛЕБІЗІ


21 сентября 2012, 17:00 | 1 641 просмотр


- Мен №14 орта мектеп- гимназиясының табалдырығын 3-ші сыныпта аттадым. Осы кезде мені жүзі жылы, көңілі ашық, сұлу келбетті Минуар Құсманова апай қарсы алды. Мен апайдың сабағына сол кездері асыға, сағына кіретінмін, әлі де сабаққа кіретін сәтті тосып жүремін. Минуар апайдың әр сабағы терең сырға толы. Өзін- өзі тану сабағында апай бізге өмірден өз орнымызды табуға, теріс жолдан аулақ болуға үйретеді. Мен Минуар Құсмановнаны өзімнің екінші анамдай көрем десем артық айтпаспын. Менде өскенде ұстазыма ұқсағым келеді. Мен апайыма мықты денсаулық, мұқалмас төзім, дүниенің бар жақсылығын тілеймін.

Маржан ТОЛҚЫНОВА

11 «ә» сынып оқушысы.

-... Минуар апаймен мен 8 сынып оқып жүрген кезде танысқан болатынмын. Ол кісі бізге тарих пен дінтану сабағынан берді. Минуар апай балалармен өте жақсы тіл табысады әрі ол кісінің мінезі дархан. Жан- жақты білімді, адамның ішкі жан дүниесін түсіне біледі. Әр сабағы бір- біріне ұқсамайды, сабақты түсіндіргені де ерекше. Мектебімізде бұл апайды жақсы көрмейтін ұстаз, оқушылар жоқ шығар. Өйткені Минуар апай оқушыларды ешқашанда бөліп –жарған емес. Бәріне өз баласындай қарайды. Өскенде осы апайымызға ұқсасақ деп армандаймыз.

шәкірттері

Автор:
Асия АБДУРАХМАНОВА, Маржан ЖАНАТБЕКОВА