Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ӨЗГЕНІ ТҮСІНУ - ӨЗІҢДІ ТҮСІНУ


21 сентября 2012, 17:01 | 1 992 просмотра


«Қазір бәрі де балаларға байланысты!

Мәңгілік өмірдің мәні – балалардан басталады».

П. Иванов

Мұғалім - жол сілтеуші қазық. Болашақ азаматтардың өмірден өз орнын тауып, қалыптасуына ұстаздың қосар үлесі шексіз. Осы орайда «Ұстаздық – ұлы қызмет» аталуы да тегін емес. Мұғалім ол қай заманда, қай ғасырда болмасын шәкіртінің алдында өшпес жарқын бейне. Ғылым иесі ғалым да, инженер де, дәрігер де, егін еккен диқан да, бәрі ұстаздың жемісі. Осылар бар кезде ұстаздың ұлы есімі ешқашан сөнбек емес. Өзі қанатын қатайтып ұшырған түлектері дүниенің қай түкпірінде жүрсе де ұстаз мерейін үстем, мәртебесін асқақ етері сөзсіз. Міне, осындай шәкірттерінің жүрегінен өз орнын ала білген ұстаздың бірі - Баймолданова Минуар Құсманқызы. Ұстаздықтан өз бақытын таба білген ақылшы ұстаз осы бір қасиетті есімге кір келтірген емес. Талдықорған қаласының №14 орта мектебінде 3-4 сыныптарға арналған өзін-өзі тану пәні оқулығының негізін құрған ұстаз тоқтаусыз еңбек етіп келеді. Өмірлік тәжірбиесін терең білімімен үйлестіре отырып, білім саласының дамуына өз үлесін барынша қосып келеді. Бала жаны мен тәрбиесіне терең үңіліп, осы салаға саналы ғұмырын арнаған ұстазбен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Минуар апай өзіңіз жайлы айтып берсеңіз...

- Мен 1956 жылы қаңтардың 3-ші жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Қарашілік деген кішкене ғана қазақ ауылында дүниеге келіппін. Бұл ауыл кішкентай ғана, адам баласына үлкен өркениетті тарата қоятындай ауыл емес. Бірақ мен сол ауылдың ақсақалдарының, ұстаздарының, қарияларының жақсылықтарын алып, бойыма дарыттым, жақсы тәрбие үйрендім десем артық емес. Одан кейінгі бойымдағы жақсы қасиеттер нағашы апамның даналық өсиетінен тарады. Кішкентай болсам да үлкен адамша айтып отыратын. Сол кішкентай кездегі айтылған сөздер есейгенде де есіңнен кетпей санаңда жап- жаңа күйінде жаңғырып тұрады екен. Мен жеткен жетістіктерімнің бәрін сол кісіден алған тәлім - тәрбиемнен деп ойлаймын. Менің көпшіл болуыма, әр шараға белсене араласуыма үлкен әсерін тигізген Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп- интернат, сол шаңырақтағы ұстаздар. Бүгіндегі менің балалармен етене араласып, жақын болуды, тіл табысудың көпшілігін мен сол ақылшы ұстаздарымнан үйрендім. Сол бала күнімде менің ой- санамда жазылып қалды да мен өз тәжірбиемде сол кісілердің істеген ісі арқылы балаларға шықтым. Осы өмір тәжірбиелері көп табысты өтті. Менің тағы да бір көп көрген, үйренгенім, өмірден алған мектебім –«Қазақстан Әйелдері» журналы. Бас редактор Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанованың ұлылығы, сөйлеу мәнері, сол кісінің маңайына үлкен адамдарды жиып алып тыңдауы, жастарға берген тәрбиесі, осының бәрі менің көп мағлұмат алып, өзімді тәрбиелеуге септігін тигізді. Менің осыдан кейінгі тағы өсуіме Сара Алпысқызының «Өзін- өзі тану» деген бағдарламасы әсер етті. Мен осы сабақты 8 жыл тәжірбиеде (опробация) сынауға қатыстым. Бүкіл болмысым, ой- санамның толығып, әлі де менің жетпей жатқан олқылықтарымды толтырған осы бір сабақ болды. Көп іздендім. Азаматтық ақыл тоқтатқан қалыпқа жетуіме зор септігін тигізді.

- Минуар Құсманқызы қандай жоғары оқу орныны бітірдіңіз?

- Мен Өскемендегі педогогика институтының тарих факультетін 1973 -1877 жылдары тамамдадым.

- Сіз мұғалімдік жолға қалай келдіңіз?

- Мен негізі мұғалім емес, өзің сияқты журналист болсам деп армандайтынмын. Мектепті бітіргеннен соң редакцияда курьер болып, кейіннен корректор қызметінде істедім. Менің жазуға қабілетім барын көрген соң редактор арасында мақала, ноаелла да жазғызып жүрді. Бірде бас редакторға «Алматыға барып КАЗГУ- ге журналистика факультетіне тапсырсам қайтеді» - деп ойымды айттым. Ол кісі: «сен онда түсе алмайсын сырттай бөліміге тапсыр да, осында жұмыс істей бер»- деді. Жаспыз ғой мен ол кісіге іштей ренжіп, «неге сырттай оқимын, отбасылы болғандар сырттайға тапсырып жатады» деп, Өскемендегі педогогика институтының тарих факультетіне тапсырып көрдім. Себебі , онда филология бөлімі болмаған. Бағым жанып, түсіп кеттім. Сөйтіп, ойламаған жерден тарих пәнінің мұғалімі болып шыға келдім. Әйтсе де, мен ұстаз болғаныма еш өкінген емеспін. Себебі, тарих пен әдебиет егіз. Осы екі ғылым бірін - бірі толықтырып тұрады. Жақсы тарихшы болу үшін - әдебиетші, ал жақсы әдебиетші болу үшін тарихты жақсы білу керек екеніні көзім жетті. Мен әдебиетті жанымдай жақсы көремін. Сөз өнеріне, өлеңге жастайымнан құмар болғандықтан ба бала күнімнен өлең жазуды тоқтатқан емеспін.

- Ең алғашқы еңбек жолын қайдан бастадыңыз?

- Мен ең алғашқы ұстаздық қызметімді ШҚО Зайсан қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектептен бастадым. Бұл мектеп шығыстағы қара шаңырақтың бірі еді. Осы шаңырақтың мұғалімдерінен мен көп нәрсе үйрендім. Солардың ішінде Бисара Қашағанова деген республикаға еңбек сіңірген ұстаз болды. Сол кісі маған жеке тұлға болып қалыптасуыма зор септігін тигізді. Жас кездегі көп ізденісім осы Зайсан қаласында бастау алды. Зайсан өлкесі өзі қасиетті топырық. Өйткені бұл жерден көптеген ақын- жазушылыр шыққан мекен. Қарпайым еңбек адамдарының өзі ақын жанды болып келеді. Инженер, дәрігер, ұстаз бәрі де ақын еді. Мен де осылардың бірі болдым. Өскемен қаласының «Сырласу» атты өлеңдер жинағына менің бірнеше жырларым енді. Мақалалар, новелла өлең жазып тұрамын. Себебі мені «Қазақстан Әйелдеріне» жақындатқан осы өнерім болатын.

- Ұстаз бен ана махаббаты егіз дегенге не айтасыз?

Бұл өте орынды айтылған сөз. Ұстаз алдына келген баланы анасы сияқты қарсы алуға тиісті. Алдыңда көзі жәудіреп отырған баланың ата-анасы баласын саған тапсырып береді. Сондықтан мен білім берместен бұрын оның тағдырына үңілемін. Осының болашағын жақсы етіп шығаруым керек. Келешекте осы қандай адам болады деп көңіл бөлемін. Содан кейін оның мінез- құлқына, адамгершілігіне көңіл аударамын. Мүмкін оның отбасымен түсінбеушілік болып жүрген шығар, мүмкін ана мейірімі жетпей жүрген шығар осының бәрін түсінуге тырысамын. Содан кейін барып білім беруге көшемін. Баламен жақын араласа жүріп,балаңдай болып кетеді. Қайткен күнде де тілеуін тілеп отырасың. Өйткені ұстаз еңбегінің жемісін алып шығатын шәкірттері ғой. Егер мұғалім баланы жақсы көрмесе бала оның берген білімін бойына дарытпайды.

- Оқушы тәрбиесіне не айтасыз?

- Оқушы ол қай кезде болсын оқушы. Заман өзгергенмен, оқушы деген ұғым ешқашанда өзгермейді. Оқушының дәрежесі үйдегі тәрбиеге байланысты. Қаншалықты дәрежеде бала тәрбие алса, соншалықты дәрежеде ол ұстазды сыйлап, мектепті де, сабақты да ұғады.

- 2013 жылдан бастап мектептердің бәрінде ағылшын пәні жүргізіледі деп жатыр. Осы үш тұғырлы тіл сіздің көңіліңізден шығады ма?

- Бұл жалпы ойланатын дүние. Елбасымыздың бұл әлемдік стандартты қосып жатқаны «басқа елдермен тереземіз тең болсын, балаларымыз шетелге барғанда жалтақтамасын» деген ниеттен туындаған әкелік қамқорлақ қой. Бұл идеясы дұрыс. Бірақ, мен ойлаймын осы стандартқа кірерде біраз ойлану керек шығар деп.

Осы кезде ұлы адамдардың «Жалпы тіл білу ол –амал» деп айтқан сөздері есіме түседі. Жетісулық академик Мұхтар Арын да алдымен жақсы ұлтжанды азамат болу үшін бес анықты білу керек деп айтқан. Бірінші- өзіңінің тіліңді білуің керек. Екінші - діліңді, үшінші - дініңді, төртінші – тарихыңды, бесінші – өз жеріңнің жағрафиясын білуің керек деп. Содан кейін барып басқа елге ден қою керек екен. Біздің балаларымыз өз тілін жақсы сөйлей алмай тұрып, өзге тілді қайтеді. Және ол кісі айтады басқа тілге 13 жастан басып көшу керек деп. Міне, өз ана тілінің қыр- сырын әбден біліп алып, 13 те ақыл тоқтатқан кезде тіл үйрену оңай болады деген. Әрине әлем тілін білу керек. Бірақ, психологиялық, физиологиялық, биологиялық ерекшеліктерді ескере отырып енгізу керек шығар деп ойлаймын.

- Мұғалім мәртебесі түсіп кетті дегенге не айтасыз?

- Ұлы Абай айтыпты «балаға үш адамның мінезі жұғады»- деп. Ол - ата ананың, достың, ұстаздың. Осылардың қайсынан өнегені көп көрсе, үлгі тұтса, соған еліктеп өседі. Егер мұғалім өзі білімді, жан- жақты, оқушыға жеке тұлға деп қарайтын болса оған оқушы да құрақ ұшып тұрады. Сондықтан да алдымен ұстаз оқушы жанын түсінуге тырысуы керек. Сонда ғана ұстаз бен оқушының арасында алтын көпір орнайды. Егер жөні жоқ айғайлап, кешкедейін шәкіртті кіәлай беретін болса,онда оқушы ол мұғалімді сыйламайтын болады. Сондықтанда менің айтарым мұғалімнің мәртебесі ешқашанда түскен емес. Ұстаз мәртебесі өз қолында.

Отбасыңыз жайлы айтып берсеңіз...

- Мен 5 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірдім. Бүгінде ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, немеренің бал қылығын қызықтап отырған жайымыз бар. Балаларымның бәрі жоғары маман иелерді. Оларға дұрыс тәрбие мен саналы білім беруге бір кісідей барымды салдым. Үлкен қызым өзімнің жролымды қуып тарих пәнінің мұғалімі.

Ұстаздың жақсылыған шәкірттерінің ыстық ықыласынан ақ білуге болады емеспе. Үзіліске шыққан Минуар апайдың айналасына лезде оқушылары жинала қалып, сүйікті апайларына өз әңгімелерін айтып жатты. Ақылшы ұстазға деген құрмет балғын жүздердің жанарында шүпілдеп тұрды. Осы жан сүйсінтер көрніске қарап тұрып «Ұстаз - бала бақыты»- деген рас екен - ау деген ойға қалдым. Өйткені осы кезде олардан бақытты жан жоқ еді.

Автор:
Динара АУЖАНОВ өз тілшіміз