21 сентября 2012, 17:01 | 4 662 просмотра
Сабақтың мақсаты: Абайдың өмір жолынан мағлұмат беру.
«Адам болам десеңіз» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, қабылдау, көру, сезіну, ойлау қабілетін дамыту. Адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А. Құнанбаев портреті, сөзтізбек,т.б.
Сабақтың барысы:
І-Ұйымдастыру кезеңі: Мұғалім сөзі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру, зейінін сабаққа аудару үшін Абай Құнанбаевтың «Жазғытұры» өлеңінің бір шума-ғын оқыдым.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
-Балалар, бұл өлеңнің авторы кім еді?
II- Үй тапсырмасын тексеру.
Шоқан әңгімесінің мазмұнын айту, сұрақтарға жауап алу.
ІІІ-Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты бастамас бұрын сабақтың тақырыбын ашып алуымыз керек. Сол үшін «Кім тапқыр» ойынын жүргізіп сөзтізбекті шешеміз.
Сөз тізбек ортасынан Абай есімі шықты. Олай, болса, балалар, бүгін біз Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңімен танысамыз. Негізгі кейіпкеріміз Абай Құнанбаев болғандықтан, Абай атамыздың өмір жолдарынан біраз мағлұмат берейін.
Мұғалім сөзі:
Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген.
Халқымыз «Ата көрген оқ жанар,
Ана көрген тон пішер» -дегендей, Абайдың әкесі Құнанбай, анасы-Ұлжан ақыл мен парасаттың иесі болған адамдар. Әкесі ел билеген көсем, шешен адам болған. Әкесі Абайды жас кезінде өзімен отырыстарға апарып, әділ биліктері мен шешендік асыл сөздерін үлгі еткен. Абай жас кезінен-ақ зерек бала атанған. Абайдың жазған өлеңдері жастарды ғылым-білімді сүюге шақырды.. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе демекші, Абайды біз өзімізге алғаш әріп үйреткен әліппе оқулығынан да өлеңдерін танып білеміз.
-Ал өздерің Абай аталарыңның қандай өлеңдерін білесіңдер.
Оқушылармен жұмыс
Балалар, біз сендермен Абай атамыздың өмірімен таныстық. Енді «Адам болам десеңіз» өлеңімен танысайық.
Өлеңді алдымен мәнерлеп оқимын.
Тақтада слайдтан бес асыл іс пен бес дұшпан шығып тұрады.
Дәптермен жұмыс
Дәптерге бүгінгі айды, күнді жаздырту.
Автор жайлы қысқаша мағлұмат жазу.
Оқушылар кезекпен оқиды.
Балалар, Абай атамыз тек қана ақын ғана емес, сонымен қатар сабағымыздың басында айтып кекендей сазгер де болған. Абайдың
«Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай», т.б. бірнеше әндері бар. Осы өлеңдерінің ішінде Абай аталарыңның қандай әнін жатқа білесіңдер?
«Желсіз түнде жарық ай» бір шумақ өлеңін әндете жатқа айту.
ІV- Жаңа сабақты бекіту.
- Балалар, бүгін біз кіммен таныстық?
- Абай ата кім болған?
- Бес асыл істі ата?
- Бес дұшпанды ата?