Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

САН ЕСІМДІ ҚАЙТАЛАУ


21 сентября 2012, 17:03 | 2 597 просмотров


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін нығайту,тиянақтау, бір жүйеге келтіру.

Дамытушылық: Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізденпаздыққа, достыққа, әдептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер,жұмбақтар, тест,сызбалар

Пән аралық байланыс: математика,әдебиет

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

• Оқушылармен сәлемдесу

• Оқушыларды түгендеу

• Зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

180-жаттығу жұмысын тексеру.

Пысықтау сұрақтары

1. сан есім дегеніміз не?

2. сан есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді?

3. сан есімнің мағыналық түрлерін атап көрсетіңдер?

4. есептік сан есім дегеніміз не?

5. жинақтық сан есім дегеніміз не?

ІІІ. «Білгенге маржан»

6+бақан Т+10

Тем+2 5+ік

К +2-лік Дүние+100+і

100+ік М+10+ша

7+м 100+іп

1+жан Сал С+2+р

Қ +10+ақ 1+лік

Ерлік пен 1+лік жеңіске жеткізер.

Жаманға 100+іңді салма.

1+лік түбі тірлік.

ІҮ.Ойнайық та, ойлайық!

Ү.Мақал-мәтелдер.

1. .....атасын білмеген жетесіз.

2. Қызға ..... үйден тыю.

3. Ер жігіттің ... сөйлегені -өлгені.

ҮІ.Жұмбақтар. Төрт қырлы өзі аппақ

Қырық екі жауынгер, Тақтадағы ізі аппақ.(Бор)

Сап түзеп тұрады.

Бүлдіршіндер,қауым ел,

Сырын терең ұғады. (Алфавит)

Екі достың бірі ыңғайлы,

Біреуінің ебі жоқ

Екеуін де бірдей көрем.

Маған артық,кемі жоқ.(оң қол мен сол қол)

ҮІІ.Оқулықпен жұмыс.

182-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік,топтау,жинақтық, болжалдық сан есімдер жасап,сөзбен жазыңдар.

183-жаттығу. Дара сан есімдерді бір бағанға,күрделі сан есімдерді екінші бағанға жазыңдар.

ҮІІІ. Қорытындылау сабағы.

1.Сан есім қандай сұраққа жауап береді?

А) қандай? қашан?

Б) не? нешінші?

В) қанша? неше?

2. Сан есімді көрсетіңдер.

А) белсенді

Б) есептік

В) бес

3. Сан есім .....болып бөлінеді?

А) есептік, реттік, қатарлық

Б) қатарлық, кезектік

В) есептік, реттік

4. Сан есімді көрсетіңдер.

А) бес, сана, ұйықта

Б) елу бес, жас, кәрі

В) қырық, елу, жүз

5. Берілген сөздер қай сөз табына жатады?

Екінші, бес, алпыс алты

А) сын есім

Б) сан есім

В) есімдік

6. Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді.....дейміз.

А) сан есім

Б) сын есім

В) зат есім

7. Артық сөзді табыңдар.

А) жүз, алты

Б) бірінші, сегізінші

В) қырық, алпыс

8. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар

Ер ... рет өледі

Қорқақ ... рет өледі

А)бір, бесінші Б) бір, мың

В) бір, көп

9. Жұмбақты шешіңдер:

Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар.

Иегінде сақалы бар.

10. Артық сөзді табыңдар.

А) елу сегіз

Б) алты адам

В) көркем сурет

ІХ.Үйге тапсырма беру.

Құрамында сан есімі бар мақал-мәтелдер,жұмбақтар жазу.184,185-жаттығу.Сан есімдерді тауып құрамына қарай талдау жасаңдар.

Х.Оқушыларды бағалау.

Автор:
Б.Ж МАМЕТҚАСЫМОВА Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шеңгелді ауылы