Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МАҚСАТ - БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ


21 сентября 2012, 17:06 | 1 490 просмотров


Жуырда Астанада Білім және ғылым, сыртқы істер, әділет, ішкі істер, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері өкілдерінің қатысумен Қазақстан Республикасында аккредиттелген бала асырап алу жөніндегі шетелдік агенттіктердің өкілдіктерімен мәжіліс өтті.

2012 жылғы 13 қыркүйекте білім және ғылым, сыртқы істер, әділет, ішкі істер, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері өкілдерінің қатысумен Қазақстан Республикасында аккредиттелген бала асырап алу жөніндегі шетелдік агенттіктердің өкілдіктерімен мәжіліс өтті.

Мәжілістің мақсаты - Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияның ережелерін іске асыру бойынша одан кейінгі қызметті талқылау.Кездесу барысында бала асырап алу рәсімінің тәртібі, аккредиттелген агенттіктердің есептерді ұсыну және асырап алынған балаларды консулдық есепке уақтылы қою, сондай-ақ, тиісті міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдану міндеттемелерін орындау мәселелері қаралды.

Мемлекеттік органдардың өкілдері асырап алынған балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайларына бақылауды жүзеге асыру қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Шетелдік агенттіктер өкілдіктері басшыларының барлық сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ