21 сентября 2012, 17:27 | 3 252 просмотра
Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру, түсініктерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету.
2.Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа деген дайындықтарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Галлереяны шарлау. Оқушылардың салып келген суреттері бойынша мәтінді мазмұндау.
-Мәтін ұнады ма? Неліктен?
-Қажымұқан туралы не біліп келдіңдер?
3.Мақсат қою кезеңі.
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
«Батылдық» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
Батылдық - жүректілік, тайынбаушылық.
- Бүгінгі өтетін мәтін «Батылдық» авторы Сәбит Мұқанов.
- Осы жазушы туралы не білесің?
- Сәбит Мұқанұлы Мұқанов 1900 жылғы 22 апрельде Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, қазіргі Сәбит Мұқанов атындағы совхозда кедей шаруа семьясында дүниеге келген.
- Ата-анасынан жастай жетім қалып, Октябрь революциясына дейін ауыл байлары мен деревня кулактарында жалшылықта болды. Ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап алып, мақамдап айтып үйренді. 14—15 жасынан өлең-жырды өзі ауызша қиыстырып та, жазып та шығара бастады. 1918—1919 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында оқиды. Бітіргеннен кейін, біраз уақыт мұғалім болды.
- 30-жылдарда «Жұмбақ жалау» романын жазды. Роман СССР халықтарының көптеген тілдеріне және бірқатар шетел тілдеріне аударылып басылды. Романға негізделіп пьеса жасалып, Қазақстан театрларының сахнасына шығып, кинофильм түсірілді.
- Сәбит Мұқанов — халық жазушысы. 1920 жылдан КПСС мүшесі. Ол 1956—1966 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды. Әлденеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды. СССР Жазушылар одағының басқарма мүшесі, Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болды. Абай атындағы республикалық Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Ол екі рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен наградталды.
- Сәбит Мұқанов 1973 жылы қайтыс болды.
2) «Батылдық»мәтіннін оқу. Әңгімені қысқаша баяндау.Балуан Шолақтың балалық шағынан ұзінді.
Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864—1916) — атақты қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты — Нұрмағанбет. Шыққан тегі — Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.
3)Әңгімені оқушыларға әр абзацтан тізбектеп оқыту.
3.Түсінгенін тексру.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап.
-Нұрмағамбет қасқырды қалай байқап қалды?
-Ол неліктен «батыл бала», «балуан бала» атанған?
-Нұрмағамбет қандай тәуекелге барды?
-Ол қасқырды енмен түртті?
-Айқас немен аяқталды?
Баланың батылдығын суреттейтін жерді тауып оқу.
-Осы сөзге мәндес сөздерді ата.(ер жүрек, күшті, қорықпайтын, батыл, қайсар)
-Біздің кейіпкерді солай атауға бола ма?
5.Бекіту кезеңі.
-Әңгімедегі кейіпкер сөздері қандай?
-Әңгімеде кімдер сөйлейді?
- Ол мәтіннің қай жерінен көрінеді?
-Әңгімені кім баяндап тұр?
-Бұл әңгімені автор өзі көргендей жазған,баяндап қана жеткізеді автор.
-Әңгіме хабарлау түрінде жазылған.Нұрмағамбеттің жанында ешкім болмаған, ол өзімен-өзі сөйлеп, өз ойымен болғандықтан, оның әрекеті мен автор соның жанында болап, бақылаған кісіше білдіреді.
Жоспар бойынша әңгімелеу.
1-бөлік «Қамбардағы қасқыр»
а)Қамбаға кім келді? ә) Нұрмағамбет қамба ішінен нені байқады?
б)Қасқыр қандай еді?
2-бөлік «Батылдық»
3-бөлік «Бала мен қасқыр арасындағы айқас» а)Нұрмағамбет қасқырға не істеді?
ә)Қасқыр қандай айбар көрсетті?
б) Ол қасқырды немен нұқыды?
4-бөлік «Бауан баланың жеңісі»
«Балуан бала» мен қасқырдың айқасы немен бітті?
2)Дәптермен жұмыс.
Көркем сөздерді дәптерге жазу.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз.
Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді.
Тарихи деректерге сүйенсек, ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген.