21 сентября 2012, 17:29 | 3 127 просмотров
Қудалауға түскен оқулыққа кім араша түседі?
Жалпы, мұндай дау-дамайға жол бергізбеу үшін меніңше ең бірін¬ші мектеп оқулықтарына сарапшыларды бәсекелес оқулық авторларынан емес, бейтарап мамандардан, әр облыс әдіскерлерінен тағайындау бұлжымас ереже болуы тиіс. Екінші, «Оқулық жазуға тек қана ғылыми дәрежесі бар мамандар ғана қатысуы, сараптауы тиіс» деген нұсқау да дұрыс емес. Мұндайда мұғалімдер оқулық жаза¬тын болса, ғылыми дәрежесі бар университет ұстаздары «Дайын асқа - тік қасық» дегендей, олармен бірге автор болып қосақталып, оңай олжаға (мол қаламақыға) кенеледі. Үшіншіден, оқулықтарды «негізгі оқулық», «балама оқулық» деп бөлу де әділетсіздік. Негізгі оқулық деп бір оқулықтың беделін асырып, балама деп екінші оқулықты кемсіту - сайып келгенде мектепте мұғалімдерді бір ғана оқулықпен оқытуға мәжбүрлеу болмақ. Оқулық аталған соң бәрі бірдей дәрежеде болуы тиіс. Білім және ғылым министрлігі, Алтынсарин атындағы Білім академиясы және өзге құзырлы орындар осы мәселені түбегейлі шешпей, мектеп оқулықтары оңалмайтыны енді түсінікті болса керек.
Еліміздің мектептерінде балалардың таным-түсінік ерекшелігін, өзі сабақ беріп жүрген пәнді профессорлар мен ғылым докторларынан да артық білмесе, кем білмейтін ізденгіш, жаңашыл, озық ойлы мұғалімдер аз емес. Олардың арасында өзінің ұзақ жылғы тәжірибесін арқау етіп, оқулық жазуға бейіл танытатындар да баршылық.
Алайда олардың оқулықтары мұғалімдер қауымының қолдауына ие болса да тиісті орындардан қарсылыққа ұшырап, шетқақпай қалып жатқан оқиғалар да баршылық. Мұны баспасөзде жиі жарияланатын «Балама оқулықтардың бағы неге ашылмайды?», «Балама оқулықтарға басымдық керек» деген мәнде жарияланымдардан да айқын аңғаруға болады. Сонда мұғалімдер жазған оқулықтарға кімдер жол бермейді? Мұның себептерін нақты мысалдар арқылы анықтап көрейік.
Мұғалімдер мен профессордың тайталасы
Ауыл мұғалімі Жұбайбек Жұмахан¬ның 8-сыныпқа арналған химия пәні оқулығы Алтынсарин атындағы Білім академиясынан сараптаудан өтіп, Білім және ғылым министрлігінің мақұл¬да¬уымен 2004 жылы «Атамұра» баспа¬сы¬нан басылып шыққан болатын. Оқулық жарыққа шықпай жатып-ақ оған деген сұраныс күшті болып, аудандар мен об¬лыстардан баспаға тапсырыстар алдын ала көптеп беріліп жатты. Сөйтіп, оқу¬лық қазақша 60 мың, орысша 40 мың данамен басылып, аз уақытта оның дені сатылып кетті. Мұның өзі жергілікті әдіс¬керлер мен мұғалімдер тарапынан оқулыққа деген ықыласы ерекше күшті болғанын ұқтырса керек. Алайда көп ұзамай, оны балама оқулық ретінде оқытуға, тіпті оны таратуға тыйым са¬лы¬нып, аудандар мен облыстардан бас¬паға кері қайтарылды.
Жергілікті мұғалімдер мен әдіскер¬лер қауымы бұған қатты қарсылық танытып, соңы дау-дамайға ұласты. Мұға¬лімдер жаңадан жазылған оқулықты пайдалануды жаппай жақтағандықтан облыстарда Ж.Жұмаханның оқулығын пайдалану жөнінде талқылау ұйымдас¬тыру жөнінде талап қойған оқиғалар жиі ұшырасты. Алайда министрлік пен облыстық білім беру басшылары мұға¬лімдер талаптарына құлақ аспай, оқу¬лықтарды сауда орындарынан алды-¬рып, баспаға кері қайтарудан жа¬ңыл- мады. Сөйтіп, осы дау-дамайды басу үшін 2005 жылы жиындар мен семи¬нарлар өткізіліп, онда балама оқулық¬тарға бас сарапшы болған, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Н.Нұрахметов оқулықты теориялық жағынан зиянды деп түсіндірумен бол¬ды. Мұның ең басты себебі, Нұрахметов Ж.Жұмаханның осы оқулығына бәсе¬ке¬лес 8-сыныпқа арналған негізгі оқу¬лық авторы болғандықтан екенін ұғыну қиын емес еді. Сондықтан мұғалімдер мен әдіскерлер болса, профессордың пікірі қып-қызыл жала екенін оның бетіне басып, Ж.Жұмаханның оқулығы мен «Химия қақпасы» кестесін қол¬данғанда тамаша табыстарға жеткенін дәлелдеумен болды.
Сонда бұлардың қайсысынікі дұрыс? Бұл оқулық шынымен теориялық жа¬ғынан зиянды ма, әлде шынында да пай¬дасы аса зор ма? Егер зиянды болса, мұны мұғалімдер қауымы неге түсіне қоймайды? Ал пайдасы зор болса, оған профессор Н.Нұрахметов неге қарсы? Бұл мәселені министрлік ажырата ал¬май, неге тек негізгі оқулық авторы Н.Нұрахметовты балама оқулықтардың бас сарапшысы етіп тағайындап, соның пікірімен ғана санасып оқулыққа тыйым салған? Бұлай дейтініміз, Нұрахметовтен өзге көптеген ғалымдар мен маман¬дар¬дың бәрі бұл оқулықты жоғары бағалап пікір жазған.
Ал біз оқулықтың пайдасы мен зияны жөнінде әңгіме өрбітіп көрелік.
Бәсекелесті басындырудың салдары
Алтынсарин атындағы Білім акаде¬мия¬сының басшылары мен министрлік¬тегілер қазіргі мектепте оқытылып жүр¬ген 8-сыныпқа арналған химия пәні оқулығының авторларының бірі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Н.Нұрахметовты балама оқулық¬тардың бас сарапшысы етіп таға¬йын¬дағанын түсіну қиын.
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы ауылдардағы мектептер¬де химия пәнінен 40 жылдай сабақ бере жүріп, «Химия қақпасы» кестесін жа¬сап, оны өлеңмен оқытудың тиімді тә¬сілін тауып, ұзақ жылғы тәжірибесі ар¬қылы жаңалығы тамаша нәтиже бергені кеңінен дәлелденген Қазақстанның оқу ісінің үздігі, жоғары санатты мұғалім Жұбайбек Жұмаханның есімі еліміздегі мұғалімдерге кеңінен әйгілі. Оның «Химия қақпасы» кестесі мен оны өлеңмен оқыту әдістемесі химия пәнін оңай меңгерудің төте жолы екені жөнінде кеңес заманынан бері аудандық, об¬лыстық, республикалық педагогикалық оқуларда үнемі жоғары бағаланып, баспасөзде шәкірттерінің, мұғалімдер мен ғалымдардың жүздеген мақалалары, пікірлері, лебіздері жарияланған. Оның оқулығы бойынша сабақ берген мұға¬лімдер таңданарлықтай тамаша табыс¬тарға жетіп жүр.
Көптеген ғалымдар мен мұғалім¬дер¬дің пікірлеріне қарағанда, химияның бастапқы курсын меңгеруге арналған «Химия қақпасы» кестесі мен оны оқытудың әдістемесі Менделеевтің пе¬риодтық кестесі сияқты шет жұрттар¬дағы барша мектептерге де ортақ әлемдік маңызы бар ғылыми жаңалық. Мұны тарихта тұңғыш жасалған «Химияның әліппесі» деген пікірлерді де жиі естиміз. Өйткені химия пәні оқу¬лықтарында небары оншақты элемент¬пен үстірт таныстырылса, «Химия қақ¬пасы» арқылы 40-50 элементтің таң¬ба¬ларын жазуға машықтанып, олардың ортақ қасиеттерін ұғынып, еске сақтауға болады. Мұнан әрі химия ғылымын меңгеру қиын болмайды.
Жұбайбектің оқулығы оған сарапшы әрі бәсекелес болған Нұрахметовтың сараптауы негізінде ғана министрлік тарапынан басшылыққа алынып, мек¬тептен аластатылғанын, сөйтіп, сөз жү¬зінде көмекші құрал ретінде ғана қол¬дануға мүмкіндік жасалғанын қалай тү¬сінуге болады?! Ал бұл сараптау ғылыми-әдістемелік тұрғыдан өрескел қатеге толы екендігін мұғалімдер қын¬жыла айтады. Енді осы сараптаудағы сорақылықтарды кәсіби тұрғыдан дә¬лелдеп көрелік.
2005 жылғы республикалық семи¬нарда мұғалімдер мен әдіскерлер айтқан сындардан Нұрахметов қортынды жа¬сау орнына, бірер ай өткенде «Қазақ¬стан мұғалімі» газетінің 2005 жылғы 16 шілдедегі санында «Ж.Жұмаханұлының «Химия-8» оқулығындағы қателер, кем¬шіліктер, жаңсақтықтар» деген тақы¬рыппен көлемді сын мақаласын жа¬рия¬лады. Бұл мақаласында ол Жұбайбектің оқулығы мен «Химия қақпасы» кестесінің үтір-нүктесіне дейін сынап, «Бұл шығармада химия ғылымының, әсіресе, білімінің негіздерін бұрмалаушылық жаппай орын алған», мектепте оқытуға пайдасы жоқ, зияны көп деп дәлелдеуге тырысып бағыпты. Бұл мақала балама оқулықтардың Бас сарапшысы ретінде министрлікке, өзге ресми орындарға тапсырылған сараптауының негізі еке¬нін, бұған кәсіби дәрежеде ғылыми-пе¬дагогикалық тұрғыдан талдау жасалса, жалақорлық екенін айқындауға болады. Бұлай дейтінім, бұған химия пәнінің мұғалімі, мектеп баспасында химия пәні оқулығының редакторы болып қызмет еткендіктен, осы саланың маманы ре¬тінде көзім айқын жетіп отыр. Мен Өскемен педагогикалық институтын бітіріп, химия және биология пәнінің оқытушысы мамандығын алып, мек¬тепте Жұбайбектің әдістемесі бойынша сабақ беріп, бұл тәсілдің артықшылығын тәжірибе жүзінде айқын білгенмін. Сондықтан маман ретінде осы мақала¬дағы өрескел ғылыми-әдістемелік жан¬сақтықтардың біразын ғана қысқаша айтып өтейін.
Мақала авторының «Қателік, кем¬шілік, жаңсақтық» дегені мынадай: «Бір қарағанда «Химия қақпасынан» орын алған мәліметтердің, заңдылықтардың, басының біріктірілуі құптарлық жайт сияқты көрінеді. Өйткені ол химия са¬бақтарында колдануға тұрарлық тірек-сызба, нұсқа іспеттес. Ал ғылыми-әдіс¬темелік жағынан қарағанда осылардың бәрінің (10 кесте) бір кестеге басы бі¬рі¬гетіндей ортақ функциялық идея жоқ» деп жазыпты. Теорияны терең білетін ғалым атанған оның «Химия қақпасы¬ның» ең басты идеясын, мақсатын тү¬сіне алмағаны қалай?! Жалпы, химия оқулықтарында, соның ішінде Нұрах¬метов оқулығында да әуел баста небәрі оншақты элементті ғана үстірт таныстырады. Мұның өзі бейнелеп айтқанда, бірінші сынып оқушысына әліппені емес, оншақты әріпті үйретумен шектелсе, одан әрі грамматиканы оқытпай, сөйлемдерді жаздырып үйрететін се¬кілді болмақ. Жұбайбек Д.Менделеевтің «Химия - элементтер және олардың қо¬сылыстары туралы ілім» деген тұжы¬рымдамасын басшылыққа алып, әуелі жиі ұшырасатын 40-50 элементтің таң¬басын, валенттерін және белсенділік қатарын оқушыларға үйретуді мақсат етіп, «Химия қақпасы» кестесін жасап, оны оқушы есінде сақтау үшін өлеңмен оқыту әдісін тауып, «Химия ғылымының әліппесі мен грамматикасын жасаған» деуге болады. Мұны М.Панин, Ә.Баее¬шов секілді ғылым докторлары мен профессорлардың, әдіскерлер мен мұғалімдердің баспасөзде жарияланған, сондай-ақ тиісті орындарға жолдаған са¬раптаулары мен пікірлерінен де аңғаруға болады.
Ал Нұрахметов болса, бұл жаңа тә¬сілді жатырқап «кестелердің бәрі қате, оқушыны теріс қорытындыға келуге мәжбүрлейді» десе, енді бірде «Мұндай кестелер жеке-жеке алғанда бұрыннан белгілі, олардың көбісі дәстүрлі орта мектептің химия оқулықтарына енгенін ұстаздар қауымы жақсы біледі» деп өзінің пікіріне өзі қарсы шыққан. Сөй¬тіп, ол «Ал бұл қақпада ешбір заңды¬лықты білместен, түсінбестен, тек жат¬тап алуға жетелейтін мәліметтердің көп болуы сын көтермейді» деп сық¬пырт¬қаны «Химия қақпасының» мәні мен мақсатын түсіне алмағаны деуге болады. Оның «Мәлімет» деп отырғаны - 40-50 элементтің таңбалары мен олардың ор¬тақ қасиеттеріне орай жіктелуі. Ортақ қасиет дегеннің өзі заңдылыққа саймай ма?! Бұны білмесе элементтерді қалай жіктеуге болады? Әрине, бұл «Сын көтермейді» емес, өлеңмен жаттатып, жаттықтырудың пайдасы ересен екені тәжірибеде ұзақ жылдар бойы кеңінен дәлелденген. Мұны Жұбайбектің көп¬теген шәкірттері мен осы әдісті пай¬даланып, табысқа жетіп жүрген мұға¬лімдердің және маман ғалымдардың баспасөзде жарияланған жүздеген ма¬қалалары мен лебіздерінен, пікірлерінен де айқын аңғаруға болады.
Орта мектеп оқулықтарында орыс химигі Бекетовтың, Америка химигі Полингтің кестелері ұшырасады. Бұл кестелер «Химия қақпасына» өзгертпей енгізілген. Ал оншақты кестенің қал¬ғанын Жұбайбектің өзі ұзақ жыл іздене жүріп жасаған. Бұл кестелердің әрбірі бір-бір диссертацияның арқауы болуға лайық дегендей пікірлерді жиі естимін. Ал Нұрахметов болса, қыза-қыза тіпті «Л.Полинг кестесінде эле¬мент атом¬да¬ры¬ның электртерістілігінің заңдылығы бұзылған» деп Бекетов пен Полингтің кестелері де қате дегендей тұжырым түйгені - университеттің емес, мектеп оқулығына сараптау жасап отырғанын ажырата алмайтын сияқты. Өйткені кейбір ғалымдар ғылыми жаңалыққа орай Бекетов пен Полинг кестелеріндегі элементтердің ретін өзгертуді қуат¬тайтыны университетте оқытылады. Сондай-ақ Нұрахметов «Орта мектеп бағдарламаларына кіретін басты 20 эле¬менттің аталуын, валенттілігін білу үшін Д.Менделеев кестесінен артық ешқандай көрнекі құрал қажет емес» деп ғылыми тұрғыдан өрескел қате тұжы¬рым жасаған. Қате тұжырым дейтінім, Менделеев кестесі арқылы элемент¬тердің көптеген валенттігін білу мүмкін емес. Мәселен, Жұбайбектің оқулығын¬дағы өлең жолдарындағы «марганец жұптар, жетіден, мырышта валент екі¬ден» деген шумаққа үңілейікші. Иә, Менделеевтің кестесі бойынша мы¬рыш¬тың валентігі тек қана екі. Ал марганецтің валенті жұп сандар және жеті, яғни 2-4-6-7. Менделеевтің кестесі бойынша элементтердің әрі кеткенде екі түрлі валентін білуге болады. Яғни атомдардың сыртқы электрон саны қанша болса, соған орай валентін анық¬тайды. Ал химияның бастапқы курсында марганец элементінің қосылыстарын оқу үшін оның барлық валентін білу өте маңызды екені барлық мұғалімдерге белгілі.
«Металдың қасиеті тек (?) І.ІІ.ІІІ.ІV валенттіктер (?) ғана (?) көрсетеді» (Сон¬да V.VI.VII.VIII валенттік көрсететін металдарды қайда жібереміз)» депті Нұрахметов. Мектеп оқулықтарындағы электрондық теорияны мұғалімдер Менделеевтің периодттық кестесіне сүйене отырып, атомның сыртқы элек¬трон қабатында 4 электрон жетпейтін¬діктен металдар валенті 4-ке дейін деп түсіндіреді емес пе?! Элементтер ва¬ленті 4-тен асса, негіз түзбейтінін мұ¬ғалімдердің бәрі жақсы білсе де мұны профессор мүлде білмеуі ғылыми-педагогикалық, әдіскерлік тұрғысынан алғанда өрескел сорақы теориялық қателік деуге болады.
Тіпті ол мектептің 8-сынып оқулы¬ғын университет оқулығымен шатас¬тыра береді. «Агрегаттық күй моле¬ку¬лалардың арасында туатын ван-дервааасс күштеріне тәуелді», сондай-ақ «Су қалдығы» деген ұғым ескірген... оның валентігі деуден гөрі, ОН-гидросид-ион, тотығу дәрежесі-1 деу дұ¬рыс» деп жазыпты. Химия пәнін оқи бастаған бала бұл терминдерді қалай ұғына қойсын?! Жұбайбектің оқулы¬ғында молекулалар қарапайым тілмен түсіндірілсе, Нұрахметов мұның бәрін ғылыми қатеге бағалапты. Сөйтіп, ол мектеп оқулығының ерекшелігін, сту¬денттер мен балалардың білімінің, та¬ным-түсінігінің айырмашылығын ажы¬рата алмағандықтан Жұбайбектің оқу¬¬лығын бастан аяқ ғылыми қате деп сық¬пырта берген.
Сондай-ақ Нұрахметовтың Ел¬басы¬мыз Н.Назарбаевтың мектеп оқулық¬тарында білім ауқымын кеңейтетіндей талап қойғанын мүлде ұғынбағаны, таптаурын ескі тәсілден айнымайтыны да байқалады. Мәселен, оның осы ма¬қаласындағы мынандай жолдардан да мұны айқын аңғаруға болады: «Әдетте орта мектеп химиясында кездесетін элементтер саны 30-дан аспайды, ал ресми мемлекеттік стандартта 20 ғана элементті оқытып үйрету міндеттеледі. Бұл оқулықта мектеп бағдарламасына енбеген оншақты элементтің (теллур, сурьма, мышьяк, селен, инертті эле¬мент¬тер) заңсыз әрі орынсыз». Сонда мектеп бағдарламасына енбеген эле¬менттерді оқытуға болмайтыны туралы Парламент арнайы заң қабылдаған ба?! Бүгінгі жаңа талап бойынша мектеп оқулықтарының білім ауқымын кеңей¬ту, әрі оқушыларға түсінікті болу та¬лабының мәнін профессордың ұғын¬ғысы келмегені қалай?! Ол Жұбайбектің оқулығын сынаймын деп тырысқаны соншалық, «Электрон» деген сөздегі «н» әріпінің орнына «д» әріпі жансақ жазылып кеткенін автордан көріп, «элек¬трон мен электродты айыра ал¬майды» деп кінәлапты. «Мектеп» бас¬пасында редактор болып қызмет еткен кезімде тіпті 5-6-рет басылатын оқу¬лықтарды редакциялағанда мұндай қа¬телікті көптеп табатынбыз. Сол үшін оқулық басылған сайын редактор та¬ғайындалады емес пе?!
«Жұмаханұлы сын көтермейтін оғаштықтар жіберген» деп Нұрах¬метовтың өзі шатасуға ұрына бергеніне мысалдар жетерлік. Мәселен, мына тұ¬жырымын зерделейікші, «автор (Жұ¬байбек) элемент дегеніміз атом, атом дегеніміз элемент деп қорытындылайды. Атом элемент бола алмайды, керісінше, элементтің өзі атомдардан құралады» Нұрахметовтың бұл сөзінде қандай мән-мағына бар?! Мұнысы кісі адам емес, кісілер адамдардан құралады де¬гендей. Сондай-ақ Жұбайбектің оқу¬лығында әрі оң, әрі теріс қасиет көр¬сететін элементтерді «қос қасиетті» деп жазылса, мұны ол ғылыми қателік деп, амфотерлі немесе екідайлы элементтер деп аталады депті. Балаларға «қос қа¬сиет» пен «екідайдың» қайсысы түсі¬нікті екенін әркім-ақ айта алады. Био¬логияда «екідайлы» демей, «қосмекенді» демей ме?! Тіпті «Темір оксиді, темір тотығы дегеніміз кәдімгі темір таты» деп айтуға болмайды дейді. Сондай-ақ «Сахар тұзы», «кір содасы», «Калий сілтісі» деп түсіндіруге де қарсы болып, оқулықта қазақтың халықтық атауын профессордың зор қателікке балауы - мұғалімдердің теорияны білмейтіні, сондықтан оқулық жазуға болмайтынын, ал профессорлардың теорияны білетінін дәлелдеуге тырысып баққаны деуге болады.