Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мектепке дейінгі мекемелерде қадағалау жоқ


21 сентября 2012, 17:34 | 1 741 просмотр


Бұл туралы Астанада өткен дөңгелек үстел барысында ҚР БҒМ Ғылым саласындағы бақылау комитеті Астана қаласында Білім саласындағы бақылау департаментінің директоры Қайрат Әбдібеков мәлім етті.

«Астананың мектепке дейін білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізу және мектепке дейін білім бойынша қаладағы ахуалды талдау барысында, сондай-ақ азаматтар тарапынан келіп жатқан өтініштер аясында келесі проблемалар анықталып отыр. Біріншіден, бұл білім берудің мектепке дейінгі ұйымдары лицензияланбауына байланысты, жаңадан ашылған мекемелердің есебі жүргізілмейді. Осының салдарынан мектепке дейінгі мекемелердің саны белгісіз және аталған мекемелердегі балалар мектепке дейінгі білім беруді қамтудың статистикалық мәліметтеріне енбей қалады», - дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бұрындары заңнама аясында жергілікті атқару органдарына білім беру ұйымдарының есебін жүргізуді міндеттеген еді, оның ішінде лицензиялауды талап етпейтіндерді де. Алайда, «Білім туралы» Заңның жаңа редакциясында бұл норма ескерілмеді. Сондықтан да қазіргі кезде мектепке дейінгі мекемелердің желісін ешкім қадағаламайды, бұған қоса олардың есебі де жүргізілмейді.

Автор:
Қазақпарат