Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ МАҢЫЗҒА ИЕ


21 сентября 2012, 17:35 | 3 188 просмотров


Бұл туралы ҚР БҒМ Министрлігінде ведомоства басшысының қатысуымен өткен жиында айтылды. Жиында Назарбаев зияткерлік мектептерінің педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ-ның республикадағы біліктілікті арттыру институттарына жаңа педагогикалық технологияларды енгізу жөніндегі қызметтері туралы мәселелер қарастырылды.

НЗМ педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы әлемдік тәжірибе негізінде өткізетін ұстаздардың біліктілігін арттыру жүйесін жаңғырту өз жемістерін беруде. Бұған Дүниежүзілік банк жариялаған жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекс көрсеткіштері дәлел. Қазақстан 21 орынға көтерілді. «Қызметкерлердің біліктілігін арттыру» көрсеткіші бойынша біздің еліміз 24 орынға алға жылжыды. Білім беру саласы да бұған өз үлесін қосты.

Осы жылғы жазда республикамыздың түкпір-түкпірінен 3292 педагог Кембридж университетінің үш айлық бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Біліктілік емтиханының қорытындысы бойынша ұстаздар жақсы нәтижелерге жетіп, олардың 92 пайызы үшінші деңгейдің сертификатына ие болды. Атқарылған жұмыс сапасын талқылау барысында педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның екінші деңгейдің бағдарламаларын іске асыруға дайындығы мен педагогикалық шеберлікті арттыру, ұстаздар мен оқушылардың рөлін дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды енгізу бойынша жүйелі жұмысқа әзірлігін көрсетті.

Ал, педагогикалық жоғары оқу орындары жанындағы біліктілікті арттыру орталықтары мен бекітілген тәжірибе мектептері негізінде екінші және үшінші деңгейдің курстарынан 20 мың ұстаз өтпекші.

Автор:
Қазақпарат