Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бейбіт күн аясында


28 сентября 2012, 13:22 | 2 188 просмотров


Мақсаты : аттестация 3 «а» сынып

Тәрбие сағатының тақырыбы: Бейбіт күн аясында

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың көп ұлтты Қазақстан халқының

бірлікпен, татулықпен , тыныштықта өмір сүріп жатқандығы жайлы ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу;

Тәрбие сағатының көрнекілігі: қанатты сөздер, стенд Барысы: Кіріспе сөз. Мұғалім: Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.Мамыр- достық мерекесі.Мемлекетіміз әр ұлт өкіліне ерекше көңіл бөліп, олардың қалыпты өмір сүрулеріне жағдай туғызып отыр. Мемлекетімізде тұратын барлық ұлттардың мәдени, діни орталықтары бар.Сондай-ақ олар қай жерде тіршілік етем, қандай жұмыс орнында қызмет етем десе де құқылы. Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар 1 мамыр Қазақстан ұлттарының бірлік күніне арналған «Бейбіт күн аясында» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Дәулет: Мамыр Қазақстан ұлттарының бірлік күні. Бүкілхалықтық мейрам. Кең байтақ Отанымызда ынтымағы жарасқан жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Гүлназ: Міне, көптен күткен мерекелі мамыр айы да келіп жетті. Мамыр айы ерекше ай. Ендеше ,достым, себебін айтшы. Қуаныш: Халқымыздың тынымсыз еңбегінің арқасында ел еңсесі көтерілді. Сондықтан да достық мерекесі бәрімізге де қастерлі. Мейрамбек: Ия, біздің туған жеріміз, алтын бесігіміз Қазақстан кең байтақ. Бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады. Сандай ұлан-байтақ елде мекен ететін біз қандай бақыттымыз! Таңшолпан: Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстанның ынытмақ, бірлігі үшін біз шаттанамыз. Ән : «Достығымыз жарасқан» орындайтын Бағашар Ақжол Ерзат: Біздің сәби жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшіліктің туын жоғары ұстап, болошаққа нық жол бастайық. Аружан: Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегілер ,аңыздар, салт- дәстүрлер ұрпақтан –ұрпаққа беріліп отырады. Әртүрлі халықтар әртүрлі ертегі айтады. Әртүрлі бесік жырын жырлайды. Дегенмен, , бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктіреді. Жүргізуші: Қазақстанда жүздеген ұлт өкілдері өмір сүреді дедік, ендеше біздің бүгінгі мерекемізге біршене ұлт өкілдері қонаққа келіп отыр екен.Ол кісілердің бізге деген ән шашулары бар деседі.Ендеше, ортаға ду қол шапалақпен қарсы алайық . Еділ: Ия, кіндік қаны тамған жерінің қадір- қасиетін түсініп, жергілікті ұлттың мәдениеті мен дәстүрін мойындап келеген қазақстандық бауырларымыз бүгінде қазақ тілін қазақ халқынан кем білмейді. Сая: Туған жерге бақыт таңы атқандай, Айналамыз жайнап , гүлдеп жатқандай. Асқар тау мен Алатаулар қоршаған, Қазақ елі құшағын кең ашқандай. Ердана:

Олжас:

Кісінің тұрған жері де , туған жері сияқты көңілге ыстық, көзге жылы көрінеді. Адам баласы ешқашан кіндік қаны тамған жерін ұмытпайды. Сондықтан да қайда жүрсең де алпыс екі тамырың бүлк-бүлк етіп, туған жер,- деп соғады.Қазақстанда туып өскен ұлт өкілдері өздерінің ағайындарына кетсе де, туған жерін қимайды, сағынышпен еске алады. Келіп туған топырағына аунап-қунап мауқын басып кетіп жатқандары қаншама.

Хор: « Қазақстан»

Сөзжұмбақ : «Қазақстан» (стендтен шешіледі, дұрыс жауап айтқан оқушыларға сыйлықтар үлестіріледі.) Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар осымен «Бейбіт күн аясында» атты Қазақстан Республикасының халықтар достастығы мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Автор:
З.Ә. БЕКҚОЖАЕВА Елтінді батыр атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Панфилов ауданы, Алмалы ауылы