Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТУЫМ -ТҰҒЫРЛЫ, ЕЛТАҢБАМ –ЕҢСЕЛІ, ӘНҰРАНЫМ- АЙБЫНДЫ, ЕЛІМ МЕНІҢ!


28 сентября 2012, 13:26 | 3 311 просмотров


Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, сыйлауға, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрсету. Көрнекілігі. Н.Назарбаевтың суреті,Мемлекеттік рәміздер,сөзжұмбақ. Барысы: Кіріспе сөз. Мұғалім: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен 4 маусым- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленді. Мұндай жаңалықты Нұрсұлтан аталарың Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өткен еліміздің мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған Менің Қазақстаным атты республикалық жастар форумында жария етті. Біздің бабаларымыздың мынандай сөзі бар: « Егер сендер бір жыл алдыңғыны болжайтын болсаңдар- астық өсіріңдер,егер сендер алдағы тұтас мәңгілікті болжайтын болсаңдар – ағаш отырғызыңдар, егер сендер алдағы мәңгілікті болжайтын болсаңдар- адам тәрбиелеңдер ». Демек – жастарды тәрбиелеңдер дегені. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары болып табылады. Әнұран орындалады. Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 4 маусым –Мемлекеттік рәміздер күні. Рәміздерді құрметтеп, қадірлей білейік. Туым -тұғырлы, Елтаңбам –еңселі, Әнұраным-айбынды, Елім менің! атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Анель. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы- ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнегімен бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығы арақатынасы 2-де 1. Рахат. . Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы- дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан деген жазуы бар. Ән. « Отаным -Қазақстан» орындайтын 4 сынып оқушылары. Бекзат. Біздің ата-бабаларымыз есте жоқ ерте заманнан бері бүгінде Қазақстан деп аталатын ұлан-байтақ жерді мекен етіп, көзінің қарашығындай қорғап келген. Сондықтан да біз өзіміздің туған елімізді, Отанымызды жанымыздай жақсы көреміз. Айгерім. Біз бұрында шет елге шыға алмайтынбыз. Алда- жалда біреу барып-қайтса, олардың тұрмысын мақтап, қызыға айтып келетін. Ал еліміз Тәуелсіз мемлекет болғаннан бері қай-қайсымыздың да қай елге барғымыз келсе,оп-оңай барып қайтатын болдық. Тіпті бұрын аңыз болып келген Меккеге қажылыққа барып-қайтып жатқандар қаншама! Бізге шет елден келіп елімізді , жерімізді, тұрмысымызды көздерімен көріп жатқан туристер қаншама! Бұрын біз теледидардан көргеннің өзіне мәз болып, шет ел тұрғындарының тіршілігіне қызығып отыратын едік, енді шетелдіктер біздегі қарқынды істерге, біздің өмір салтымызға, тұрмысымызға қызығып көптеп келіп жүр. Бұл-тәуелсіздіктің арқасында емес пе? Ән: «Қазақстан елтаңбасы» орындайтын Бағашар А. Аружан. Мемлекеттік Елтаңба. М. Әлімбаев Өр қанатты сұңқардың Жарқыраған әр таңда Қанатымен шырқар кім? Мемлекеттік Елтаңба Қазақстан –Отаным Халқымыздың бейнесін Әлем білген атағын Кең таныта өрлесін Нүрбүбі. Қазақстан жалауы Көк жүзінде көгілдір Азаттықтың алауы Гүл жайнаған мөлдір нұр Желбірейді аспанда: Қазақстан жалауы- Отан орны- асқарда. Ән. «Қазақстан ұландары » орындайтындар Айқын А, Гумир Е. Дәулет. Әнұран Жеңістерге қолбасыдай

Ерліктердің жолдасындай Еліміздің әнұраны Жүректерде жаңғырады

Жаршысындай даңқымыздың

Жан серігі халқымыздың.

Хор: «Бақытты балалық шақ»

Сөзжұмбақ: Қазақстан

1 .Ұлт (қазақ)

2 .Астананың бұрынғы атауы (Ақмола)

3 Құс түрі (қаз)

4 .Ұят сөзінің синонимі (ар)

5 .Эстрада әншісі (Қарақат)

6 .Астана қай өзеннің жағасында? (Есіл)

7 .Облыс орталығы (Тараз)

8 .1995 жылы қабылданды (Ата заң)

Автор:
С.У.БАТЫМБЕТОВА Елтінді батыр атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі