Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР


28 сентября 2012, 13:31 | 2 360 просмотров


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары туралы түсінік беру, тақырып бойынша өтілетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға, жазуға үйрену. Шылау сөздердің түрлерін ажырата білу.

Дамытушылық: дұрыс сөйлеуге дағдыландыру, тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: қазақ халқының ұлттық өнерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, талдау, ойын

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, мызыка, тарих

Сабақтыңы көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Ұлттық ойындар туралы сұрау:

- Алтыбақан қандай ойын түріне жатады?

- Асық ойыны баланы неге тәрбиелейді?

- Арқан тарту ойыны қалай ойналады?

2. Шылау сөздер туралы түсінік алу.

- Шылау дегеніміз не?

- Шылау сөздердің жазылу емлесі.

- Шылаудың түрлерін ата.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Ой қозғау. Күй орындалады.

1. Қандай музыкалық аспаптарды білесің?

2. Қай музыкалық аспапты ұнатасың?

3. Белгілі бір музыкалық аспапта ойнайтын қандай атақты музыкантты, күйшіні білесің?

Сөздікпен жұмыс.

1. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді түсініп оқу, синонимдік сыңарын табу.

Мұң – қайғы – шер – печаль

Шерту – ойнау – тарту – повествовать, играть

Жайқалу – жайнау – колыхаться

Тыныс – дем – дыхание

Тұжырым – шешім – вывод

Толғану – ойлану – думать, колебаться

Үн – дыбыс – дауыс – голос

Мәтінмен жұмыс. «Қобыз» мәтіні.

1. Мәтінді түсініп оқу, аудару;

2. Сұрақ – жауап:

- Қобыз қандай аспап түріне жатады?

Жұптық жұмыс.

Диалогты оқып, тиісті шылау сөздерді қойып, өзара сөйлесіңдер.

Жазба жұмысы

6-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзін қойып жазыңдар.

1. Айдар, Самат, Олжас – төртеуіміз күн ... мектептен бірге қайтамыз.

2.Тату болмаса бір үйде тұра алмайтын болар еді ... . (ғой – нақтылық демеулік достоверные)

3. Тек бір адам ... жоқ.(ғана – шектік, ограничения)

4. Оның ... математикадан ... үші бар. (тек – шектік, ғана – шектік )

5. Біз бүгін барамыз ... .(ба – сұраулық)

6. ... күн ашық болса, далаға киіз үй тігеміз.(егер – шартты , условное)

7. Қыздар ... жігіттер алтыбақан құрды.(мен – ыңғайластық – соединительное)

8. Бір ... адам келген жоқ.(ғана – шектік)

9. Келісе келді ... деймін.

7- тапсырма. Ережелерге сүйене отырып, жақшаларды ашып жазыңдар.

Мен (де) бардым. Мен (де) бар. Сен (де) қалта телефоны бар ма? Үстел үстінен кітапты алдым (да) тұрып кеттім. Марат Біржан (мен) бірге киноға кетті. Асқар (мен) Алмат көрші тұрады. Ол кешке дейін Әсем (мен) ойнады. Ауыл (да) алтыбақан құрылмақшы. Данияр (мен) әкесі балық аулауға барды.

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

«Сиқырлы қобыз» ойыны.

1. Мақал – мәтелді аяқта.

Отан үшін отқа түс- күймейсің.

Отан – оттан да ыстық

2. Жұмбақтың шешуін тап.

Қимылдаса қос шебер,

Қыруар – қыруар іс өнер(если вместе действует два мастера, множество успехов в работе) қол

3. Домбыра қай халықтың музыкалық аспабы?

4. Нұрғиса Тілендиев кім? Ол қандай оркестр құрды?

Автор:
Қарлығаш САРСЕНОВА №2 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Талдықорған қаласы