28 сентября 2012, 13:35 | 2 132 просмотра
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдаған Жолдауында кәсіптік білім берудің маңыздылығын айтып, дамыған мемлекетке дамыған маманның қажет екенін , ол үшін кәсіптік білім беретін педагогтарға өте маңызды міндет жүктелетінін, оны сапалы атқару қажеттігін атап өткен.
Білім берудегі негізгі талап-жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істей алатын шығармашыл деңгейге жеткізу.Дегенмен соңғы кездері мектеп оқушыларының сабаққа деген қызығуы мен белсенділігі әр түрлі себептерге байланысты біршама төмендеп барады.Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін сабақ кезінде мұғалім мен оқушы арасында жақсы қарым-қатынас болуы қажет.
Сабақ кезінде әр оқуші пән мұғалімімен бірге берілген материалды бірлесіп талқылап,тұжырымдап,қорытындылап және кейбір жағдайда мұғалімнің айтайын деген ойын әрі қарай жалғастырып отыратын күйге жеткен кезде ғана тақырыптың негізгі мазмұні түсінікті болады. Мұғалім мен оқушының байланысы 45-минут ішінде үзілмеуі баланың пәнге деген қызығуын арттырады.Оқу үрдісін мұндай денгейге жеткізу үшін,мұғалім өз ісінде ең жоғарғы шеберлігін көрсетіп,бар ынта –жігерімен турлі әдістерді қолдана отырып сабақ өткізуде маңдай терін төгуді қажет етеді.Көп жағдайда сабақтың нашар өтуі, мұғалімнің ұйымдастыру кезеңін ретке келтірмегендігіне де байланысты.Осы орайда оқушының пәнге қызығушылығын қалай арттуруга болады деген сұрақ туындайды.Соған байланысты барлық пәнін қызықты әрі тартымды өтуіне мынандай талаптар қажет.
Жаңа технологиялар ғасырында жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп мұғалімдері оқушыларды кітаппен және басқа білім көздерімен белсенді жұмыс жүргізуге үйретулері қажет.Кітаппен тиімді жұмыс жүргізу үшін оқулықтың мәтініне үлкен мән беріледі,себебі мәтін-материал мазмұнын айқындайтын құрал,оқу ақпаратының басты көзі болып саналады ең маңызды тсініктер,заңдар,ілімдер мен анықтамалар туралы білім ,ғылым саласында жетекші идея мен болашақ бағыттарды меңгеру оқушылардың логикалық ойлауы мен шығармашылық қасиеттерінің дамуын қалыптастыру тәсілі болып табылады. Оқушылардың оқулықпен жұмыс жүргізгені жақсы нәтиже көрсетуі-мұғалімнің сол жұмысты ұйымдастыра білу қабілетіне байланысты.Қазіргі қолданыстағы химия бағдарламасы әр түрлі әдістерді және оқу үрдісінің ұйымдастыру формулаларын қолдануға мәжбұр етеді,соның ішінде оқулықпен жан- жақты жұмыс жүргізуге жағдай жасайды.Бұл жұмыс үй тапсырмасын орындауға ғана емес (оқулықтан қайталау,параграф сонындағы сұрақтарга жауап беру,нұсқау бойынша химиялық экспериментті орындау),сабақ үстінде мәтінді зерделеуге,жоспарды құрастыруға,конспект жасауға,қорытынды кестелер мен сызба нұсқаларды сызуға,тәжірибелі жұмысқа оқулықтың нұсқаулары арқылы дайындық жұмыс жүргузуге алдын ала болжам жасауға арналған.
Сыныпта оқулықпен жұмыс үйымдастырган кезде жалпы әдістемелік қолданбаларды қолданған тиімді.Олар әр түрлі үйретулерге қолданылады біріншіден,іс- әрекетердың үлгілерін көрсетіп,содан соң қайталау арқылы олардың оқушылардың миына қондырамыз,келесі сабақтарда оқушылардың аналогия әрекеттерінін орындалуын талап етуіңіз керек,ең сонында,үйренген нәрселерді өздері қолдану үшін оларга тапсырмаларды ұсынамыз .
Химия оқулығының әдістемелік аппаратын қолдану кезінде сабақ үстінде оқушылармен мәтін арқылы әр түрлі жұмыстар өткізуге болады,мәтінді оқу (арнайы алынған,дауыстап,ішінде),сөздікпен жұмыс жасау, яғни химиялық белгілермен,формулаларымен, реакция теңтеулерімен ( формалар мен реакция теңдеулерін дұрыс құрастыру,оларды оқу және дауыстап сөйлеу,мағынасын анықтау және түйінін түсіну). Химиялық терминологияның бір бөлігі,мысалы,кейбір заттардың атауы (су, оттек, көмір қышқыл газы,азот,сутек.,күкірт т.б.)оқушыларға өмірлік тәжірибеден, күнделікті бақылаудан, табиғаттану,биология пәндерінен бұрыннан мәлім.Соған қарамастан химия пәнінің терминологиясын оқушылар химияның жүйелі курсын оқыған кезде толық меңгереді.Осыған қосымша оқып болған мәтінді таңдау сәтінде мына сұрақтарды қамтамасыз етуге болады: параграф,тақырып,сонында сұрақтарға жауап беру,үсынған параграф мәтінінде басты ойды көрсету, қарапайым және күрделі жоспарды құрастыру, мәтінді қайталап айту (мәтінге жақын,ашық турде,қысқаша , констепект,тезистерді құрастыру,мәтінді рефераттау )
Оқулық мәтінінен жүргізілетін өзіндік жұмыстың ішінен маңызды
жоспар құру,себебі оқушылардың пән бойынша жүйелі турде білім алуына мүмкіндік береді,заттардың тиімді және тиімсіз қасиеттерін,химия құбылысының басымдылығы немесе екінші кезегін анықтау,қорытынды жасау.Оқылық мәтінінен жүйелі түрде жұмыс жүргізетін кезде оқулық арқылы басты ойды көрсету, жоспарды құру,жоспар бойынша баяндау мәселелері кешенді түрде қалыптасады,себебі олар бір-бірімен байланысты.Осы жалпы оқулық біліктілігін меңгеру аясында оқушылар терең,сапалы әрі жүйелі білім алады,өткен материалдарды еске сақтауга жағдай туғызады.
Казір Республикада білім берудың жаңа жүйесі жасалынып,әлемдік білім кеңестігіне ену бағытында елеулі істер атқарылуда,атап айтқанда
-білім парадигмасы өзгерді
- білім беру жүйесінің жаңа үлгісі(моделі )жасалынды,
- білім берудің ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасы қабылданды,
-жаңа мазмұны мен оқу кешендері дайындалды.
Республикамыздағы оқу орындары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі ұсынған көпнұсқалық бағдарламалар бойынша өз қалауларына оқуға мүмкіндік алды.Мұнда әр түрлі нұсқадағы мазмұн,құрылым,жаңа идеялар мен технологиялар бар.Бұл жағдай мұғалімдерге әр түрлі мазмұнда таңдауга,оны оқушылардың жеке ерекшіліктеріне қарай пайдалануға мүмкіндік береді.
Жаңа заман маманы казіргі кездегі озық идеяларды игерген,сауатты,шығармашыл,сонымен қатар онда адами қабілеттері дамыған болуға тиіс.
Оқыту технологияларын пайдалану мынандай мүмкіндіктерге жол ашады.
-есте сақтауға негізделіп,меңгерілген білімді пайдалана,
- білімнің статикалық үлгісінен, ақыл – ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне
- ақыл- ойды дамытатын оқуға
- оқушыға орташа білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
Жеке тұлғаның дамуының қозғаушы күші мен оның көзі – тұлғаның сол кезге дейінгі жинақталған интеллектуалдық, адамгершілік және рухани патенциалын пайдалана отырып өзін - өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттілігі болып табылады.Міне , осы талаптардың барлығы ескерілген оқулықтың жаңа білім парадигмасына көшуде мұғалімге көмекші құрал болатыны сөзсіз. Сабақтың сапалы, оқушының белсенді болуы үшін өз тәжірибемде жаңа білім беру әдістерін тиімді қолдану арқылы жетістіктерге жеттім. Қазіргі таңда қолданып жүрген түрлі әдістердің дамуы оқушының білім,білік дағдысын қалыптастыруда үлкен әсер етуде. Және әр түрлі тапсырмаларды орындау кезінде оқушының ойлау қабілеті мен теориялық білімі бір байланыста жұмыс істеп,оны практикада ұштастыра алатын болады.Сондай мақсатпен«Металдар»тақырыбында алгебра,әдебиет,география,тарих пәндерімен байланыстырыла өтілген жарыс сабақ оқушылардың пәнге деген ынталарын арттырып, ой еңбектерін күшейте түсті.Өз тәжірибемнен бір мысал келтіргім келеді «Кім тез» ойынын, оқушыларды тез ойлап , тез және дұрыс жауап беруге дағдыландыру үшін, өткенді есте сақтау үшін , қолданыламын. Екі топтың оқушылар кім тез және дұрыс жауап берсе, сол топ бағаланады.
1.Металдардың активтілік қатарын жасаған кім? (Бекетов)
2.Ең жеңіл металл.(LI литий)
3.Ең қатты металл. (Gr хром)
4.Сұйық күйінде кездесетін металл. (Hg сынап )
5.Металдардың металдағы ерітіндісі?(құма)
6.Өшпейтін өмір жоқ,тат басбайтын....жоқ.(темір)
7.Скандинавия арлының құметіне арналған элемент.(Mg)
8.Радиоактивтілігі жоғары элемент.(ІІ топ А элементі, Rарадий)
9.Текеліде өндірілетін металдар.(Рb.Zn)
10.Негіз дегеніміз не? (Ме(ОН)n)
11.Қоршаған орта әсерінен металдардың бүлінуі.(коррозия)
12.Ең қиын балқитын металды атаңыз? (W-вольфрам)
13.І\/-топтың «В» топшасындағы сынған сүйектерді бекітуге қолданатын метал.(Ті-титан)
14.Коррозияның түрлерін атаңыз. (химиялық, биохимиялық, электрохимиялық)
15.Металдар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?(қара түсті)
16.Еуропа материгі құрметіне аталған элемент? (Европиий)
17.Жезқазған,Ақтоғайда өндірілетін металл (мыс)
18.Нешінші элемент Д.И.Менделеев атымен аталады? (101-менделевий)
19.Ел іші-(алтын) бесік.
20.Тұз дегеніміз не? (МеR)
Кітаппеп сапалы жұмыс және сабақтарда әртүрлі әдістерді қолдану оның ішінде ойын әдістерін қолдану,оқушыны сабаққа қызықтырып, ынтасын арттырады. Ал ынталы оқушы ынталы, жан-жақты дамыған маман иесі, бәсекеге лайықты маман иесі болмақ.