Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТІЛ ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ


28 сентября 2012, 13:42 | 2 510 просмотров



Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, салт-дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғаны қазақ елі үшін зор қуаныш.

Елімізді басқа ел танып жатқанда тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақты тәрбиелеу – басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол әр ұлттың тарихи көрініс белгісі, ұлттық ой-өрісті кеңейте түсуге зор мүмкіндік туғызады.

Тіл тағдыры – ел тағдыры. Мұны бірінен-бірін бөліп қарауға болмайтыны хақ. «Туған тіл – қадірің», - дейміз.

Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

“Тіл туралы” заңдағы “Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған “Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарда жүйелі түрде жүзеге асыру. Ол тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларынан да көрініс тапты.

. Тәуесіз ел болып, өз алдына жеке мемлекет аталғаннан кейін осы жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың бойына патриоттық сезімін ояту, Қазақстан мемлекетін нығайтуға баулу, тіл дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз.

Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, дегендей, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан дәстүр мен әдеп-ғұрыптарын өсіп келе жатқан жас ұрпеқтың бойына сіңіру, тіл құзыреттілігін дамыту мектепке дейіегі мекемеден басталады. Осыны ескере отырып, біздің ясли-бақшада балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру барысында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Мерекелер, көңілді кештер, ертегілерді сахналау мемлекеттік тілде өткізіледі.

Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні мерекесіне орай 17-21 қыркүйек аралығында « Туған тілім-ана тілім» атты тіл апталығы өткізілді. Орыс және қазақ топтарында ұлттың тілінде өлең оқып, ән айтып, тілдер күні мерекесінің маңызы туралы барша балаларға мәлімет берілді. Қазақ және орыс топтарында бекітілген жоспар бойынша «Мемлекеттік тіл-менің тілім», «Государственный язык-мой язык» атты тақырыпта естияр, ересек пен мектепке даярлық топтарында әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Тіл мерекесі күніне арналған « Кең байтақ-туған жерім» сурет көрмесі ұйымдастырды.Естияр «Тюльпан» тобында «Тіл халық қазынасы» атты интеллектуалды ойын, мектепке даярлық « Аққу» мен «Қарлығаш» топтар арасында « Туған тілім- менің тілім» мәнерлеу оқу байқау,естияр « Айголек» тобында « Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тіл сайысы, « Балапан» тобында « Менің сүйікті ертегі кейіпкерлерім», « Жұлдыз» тобында « Ертегілер еліне саяхат» сахналау, мектепке даярлық «Буратино» тобында «Туған тілім- ана тілім», тәрбиешілер арасында ««Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» дөңгелек үстел өткізілді, барлық топтарда ұлттық ойындар ойнатылды.

Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезіңнен басталуы тиіс. Айналанды танып білу, туған тіліңді білуден басталады.

Қазақта « Сүттен сіңген сүйектен кетеді» деген дана сөз бар. Демек біз, балабақша табалдырығын аттаған бала бойна қазақ тілін қасиетті сүттей сіңіре білсек, бұл сөздің текке айтылмағаны.

Автор:
Гүлмира ТУНГАТАРОВА, №4 ясли-бақшасы қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Талдықорған қаласы.