Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АНА ҚҰШАҒЫНДА


28 сентября 2012, 13:44 | 2 690 просмотров


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ғ.М.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романынан үзінді «Ана құшағында» атты тақырыбын түсініп оқуға, түсінгенін әңгімелеп айтуға үйрету;

Дамытушылық: Өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеу барысын қалыптастырып, әр түрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға , өздіктерінен орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: әр түрлі сюжетті суреттер, интерактивтік тақта, кітап «Қазақ салдаты» романы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- психологиялық даярлық;

- сабаққа назарын аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Үлек дегеніміз не?

2. Суретке қарап сипаттама бер.

3. Мүлкібай атамен қайда және не үшін барды?

4. Балалар неден және неге қорықты?

5. Мүлкібай ата бармағанда не болар еді?

6. Әңгіменің соңғы сөйлемінен нені түсіндің?

7. Егер бір нәрседен қатты қорықсаң кімге айтасың?

Ендеше, бүгін біз Ғ.М.Мүсіреповті есімізге аламыз.

1902-1985 жылдар өмір сүрді.

Қазақтың көрнекті жазушының бірі. Алматы қаласында ескерткіш бар.

Көптеген шығармашылық туындылары бар. Шығармашылық туындыларының бір белесін аналарға арнаған екен.

«Қазақ салдаты» романнан үзінді «Ана құшағында» атты әңгімесімен танысамыз.

1950 жылы Кеңестер Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың өмірінен алынған.

Бас кейіпкер –Қайрош Сарталиевтің балалық шағынан, ауылдан қалаға қашып келген оқиғадан басталып, азамат болып қалыптасуына дейінгі аралықты қамтиды.

«Ана құшағында» атты әңгімеде мына бір әлсіз дауыс неге шырылдап шықты екен?

«Құлыным, Қайрошым..., қайда жоғалып кеттің?» деген әлсіз ана дауысы кімді, неге іздейді әңгімені оқу барысында білейік.

Оқулықпен жұмыс

1. Тізбектеп оқу.

2. Әңгімелеу.

Интерактивті тақтамен жұмыс

3. Суреттер көрсету барысында сұрақ-жауап әдісімен оқушылардың түсінгенін тексеру.

«Ойға шабылу» ойынында қатар бойынша тапсырма беріледі.

І-кезең Оқу орталығы

1- қатар.

Анасының Қайрошты құшақтаған сәті.

2- қатар.

Ана мен баланың бір-біріне деген ыстық сезімі.

3- қатар.

Кетерде апасы не деді?

Сергіту сәті

ІІ-кезең Білу орталығы

1- қатар.

Қайрош неге ауылдан қалаға келді?

2- қатар.

Апасы Қайрошты неге іздеді?

3- қатар

Апасы кетерде неге көзіне жас алмады?

ІІІ-кезең Жазу орталығы (Дәптермен жұмыс)

Бүгінгі күнді жазамыз, аптаның атын жазамыз.

Қайроштың анасына үлгі бойынша сипаттама беру.

Сөздік жұмыс жүргізу

Мәтінде кездескен сөз тіркестерін теріп жазу.

«Ой өрбіту»

1- қатар.

Егер сен Қайроштың орнында болсаң не істер едің?

2- қатар.

Қайрош неліктен анасымен бірге ауылға кетіп қалмады?

3- қатар.

Мария апай деп отырған кісі кім?

Қорытындылау

«Еркін микрофон» Анаңа арнап нәзік сезім білдір.

Бағалау

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқы.

Ана туралы қанатты сөздер немесе мақал жазып кел.

Автор:
Г.С.САТЫБАЛДИНА Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, метепке дейінгі шағын орталығы мен мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Ақсу ауданы, Алматы облысы