Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰСТАЗЫМА


28 сентября 2012, 13:49 | 1 709 просмотров


Шуағы мол, арайлатқан таңбысың?

Ұстаздыққа жаратылған жанбысың.

Тәлім менен білім беріп балаға,

Арқалаған алашымның алғысын.

Бастың дағы ақыл ойдың пернесін,

Зердемізге жақтың білім сәулесін.

Шет тілінің шебері деп білеміз,

Жетекшіміз Рысбайқызы Зәурешім!

Есте сақтап мектептегі кезімді,

Өміріме азық етсем сөзіңді.

Кездескенде бала күнді еске алып,

«Good morning» деп қарсы аламын өзіңді.

Мейманысың өмір атты базардың,

Шәкіртің боп әлі талай жазармын.

Мен өзіңдей ұстазыммен мақтанам,

Алғысы осы, Нұрболатқызы Ажардың!

Автор:
Ажар АБДРАЗАҚОВА 2010 жылдың түлегі «Алтын белгі иегері»