Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТӘУКЕ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ


28 сентября 2012, 13:53 | 4 077 просмотров



Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайы, «Жеті жарғы», Ұлы билер туралы мағлұмат беру.

2. Дамытушылық оқушылардың ой-өрісін дамыту

3. Тәрбиелік оқушыларды ерлікке, елін, жерін, туған Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік суреттер, карта, кесте

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут).

1. Амандасу. Оқушыларды түгендеу

2. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1. Есім хандығының алғ. кездегі саяси жағдайы қандай болды?

2. Тұрсын ханның бүлігі немен аяқталды?

3. «Есім ханның ескі жолының» қандай тарихи маңызы болды?

ІІІ. Үй жұмысын қорыту

ІҮ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Тәуке хан болу қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

2. Тәукенің хан тағына отыруы

3. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

4. «Жеті жарғы»

5. Ұлы билер. Төле Әлібекұлы (1663-1756)

6. Қаз дауысты Қазыбек би (1667-1764)

7. Әйтеке би (1682-1766)

Жәнібек пен Керей хандар

Керейдің ұлы Бұрындық (1473/1474-1511)

Жәнібек ханның ұлы Қасым хан (1511-1518) Қасым ханның баласы Хақназар хан (Ақназар) (1538-1580) Жәнібек ханның немере інісі Шығай хан (1580-1582) Шығай ханның ұлы Тәуекел хан (1582-1598) Тәуекел ханның інісі Есім хан (1598-1628) Есім ханның баласы Салқам Жәңгір (1628-1652) Жәңгір ханның баласы Тәуке хан (1680-1715)

4.«Жеті жарғыда» мына мәселелер қарастырылды:

1. Жер дауы

2. Үй іші мен бала тәрбиелеу

3. Ұрлық-қарлық, барымта

4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау

5. Ұлтын жаудан қорғау

6. Құн дауы

7. Жер дауы

5. Ұлы билер. Төле Әлібекұлы (1663-1756 ж.ж) Жамбыл обл, Шу ауданы, Жайсан жайлауында дүниеге келген. Төле бидің ата-бабалары, әкесі Әлібек те би, сөзге шешен, ділмар адам болған. Төле жас кезінен хат танып, сауатын ашқан. Ол арабша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз-әңгімелерді көп оқыған. Төле 15 жасынан-ақ ел билігіне араласып, өзінің ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.

6. Қаз дауысты Қазыбек би (1667-1764). Қазыбек Келдібек ұлы Сырдария жағалауындағы бір ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазыбектің де аталары би болған. Әкесі Келдібек те елді аузына қаратқан атақты шешен би болыпты. Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген мақал-мәтел, нақыл даналық сөздерді, шешен, билердің ұтымды билік-кесімдерін жадында сақтап өседі.

7. Әйтеке би (1682-1766). Бәйдібекұлы Әйтеке би (шын аты Айтық) Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. Би атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы. Әйтеке биге шешендік, тапқырлық өнер жас кезінен-ақ дарыған екен.

Ұлы билер өз заманында елін,жерін жаудан қорғап, халықтың бірлігін, ынтымағын, салт-дәстүрін сақтап қалуда аса зор еңбек сіңірді.

Ү.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары

1. Тәукенің хандық билікті алғаннан кейінгі «Билер кеңесін» құрудағы мақсаты не болды?

2. «Жеті жарғы» деген не? Ол бойынша қоғамның даулы мәселелері қалай шешілді?

3. Тәуке хан өзінің ішкі және сыртқы жағдайын жақсартуда қандай шаралар қолданды?

ҮІ. Жаңа сабақты Қорыту

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Тәуке хан қай жылдары ел биледі?

а) 1523-1538 ж.ж

ә) 1582-1598 ж.ж

б) 1598-1628 ж.ж.

в) 1680-1715 ж.ж.

2. Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді?

а) Сұлтандарға

ә) билерге

б) ақсақалдарға

в) батырларға

3. Тәуке ханның тұсында жасаған заң жинағы қалай аталды?

а) «Қасқа жол»

ә) «Жеті жарғы»

б) «Ескі жол»

в) «Билік кесім»

ҮІІ_Үй тапсырмасы Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

ҮІІІ. Бағалау

Автор:
Н.Ш.АЛИЕВА Қадырғали ЖАЛАЙЫР атындағы №6 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі,Шеңгелді ауылы, Қапшағай қаласы