28 сентября 2012, 14:20 | 4 129 просмотров
- Аға, киностудияда Шәкен Айманов жұмыс істеген кезеңді жұрт «қазақ киносының алтын кезеңі» деп атады. Алайда аумалы-төкпелі кезеңде бұл деңгейден түсіп қалып, сол бір кез асу бермес белестің артында қалып қойғандай көрінді. Бүгінде қазақ киносының көші қайта түзелген секілді. Жалпы, қазіргі тәуелсіз қазақ киносының мүмкіндіктері қандай?
- Негізі, менің киностудия басшылығына келгеніме төрт жылдан асты. Осы төрт жылдың ішінде күрделі де қиын, бастысы жүйелі жұмыстар атқарылды десем, артық болмас. Бүгінде қазақ киносында болып жатқан сондай үрдісті бір Парламент депутаты айтпақшы, «Соқыр ғана көрмеуі мүмкін». Яғни қазақ киносында қарқынды даму жүзеге асып жатыр.
Жалпы, тамырлы нәтижеге қол жеткізіп, сүбелі туындыларды дү¬ниеге әкелу үшін де уақыт керек. Соңғы ондаған жылдарда қазақ киносының жағдайы айтарлықтай жақсы болмады. Оның себебін былай түсіндіргім келеді. Біріншіден, халық сүйіп көретін «Қыз Жібек», «Ата¬манның ақыры», «Менің атым Қожа», «Тақиялы періште» сынды халықтың сұранысына жауап бере алатын, көрермен көңілінен шығатын жа¬нрлық туындылар қазақ кинематографында түсірілмеді. Бұл кездері жанрлық, халықтық кинодан гөрі, арт-хаустық фильмдерге көп көңіл бөлінді. Серік Апрымов, Дәрежан Өмірбаев, Ермек Шынарбаев, Әмір Қарақұлов сынды режиссерлеріміз авторлық фильмдерге мойын бұрып, сол бағытта жұмыс істеді. Олардың фильмдері әртүрлі халықаралық байқаулардан жүлдемен оралып жүргенімен, ел экрандарына шы¬ғарылған жоқ. Бұл құбылыстың да өзіндік тарихи, культурологиялық, қаржылық себеп-негіздері бар. Қайткен күнде де, ұлттық кине¬ма¬тографтың хал-ахуалы елдегі эко¬но¬миканың дамуымен тығыз байланысты ғой. Өйткені кино - қомақты қар¬жылық, технологиялық қажет¬тіліктерге тәуелді сала. Оған қоса, ұлттық кинематографтың бағыт-бағдары, даму стратегиясы мен тұ¬жырымдамалық тактикасын ай¬қындайтын менеджерлер де жоқтың қасы болды. Не халық көңілінен шы¬ғатын көрермендік, яки халықтық кино түсірілмеді, не шын мәніндегі, беделді, «А» сыныбындағы халық¬аралық кинофестивальдердің негізгі байқау бағдарламаларына енетін фильмдер шықпады, осылайша дү¬бәра күй кештік. Соның есебінен елі¬мізде ұлттық киноға деген ын¬та-ықылас төмендеп кетті. Өз ф謬¬ль쬬¬дерін экраннан көре алмаған қазақ жұрты уақыт өте келе ұлттық киноны тамашалау дағдысынан да айырылып қала жаздады. Екіншіден, ол кездері киностудиямызда жаңа технология атымен жоқ еді. Әсіресе, түсірілген фильмді өңдейтін тех¬но¬логияның жоқтығы анық байқалды. Фильмді өңдеу жұмыстары толығымен шетелде іске асырылып келді. Бұған өз кезегінде салмақты қаржы мен ұзақ уақыт кететіні белгілі.
- 2007-2008 жылдары отандық кинопрокатта біздің кино өнімдеріміздің салмағы бар-жоғы 3 пайыз болған екен. Ал бүгінгі көрсеткіш қандай?
- Рас, ол кезде бір жылда шамамен прокатқа 240 фильм шыққан болса, соның 6-7-сі ғана қазақ киносы болатын. Оның 90 пайызы әртүрлі дең¬гейдегі жеке студиялардың туындылары еді. Тіпті кинопрокатқа шыққан «Қазақфильмнің» туындылары бір фильммен шектелген. Ал қазақ киносын көрген көрермен санының бір жылдағы көрсеткіші 2008 жылы бар-жоғы 200 мыңнан әрең асатын. Бұл, әрине елдігімізге сын. Қазіргі таңда шүкір деу керек, қазақ кино¬сының жағдайы қалыпты арнаға түсіп келеді. Жыл сайын қазақ киносын тамашалауға миллионға жуық көрермен келеді. Тіпті бір жылдары бұл көрсеткіш миллионнан асты. Ал прокаттағы киномыздың сандық көрсеткіші 10 пайызға жетті. Ендігі мақсат - осы жетістіктен айырылып қалмау. Егер тиісті қаржы уақытында бөлініп, қажетті деңгейде фильмдер жүйелі түсіріліп тұрса - құба-құп.
Көрерменнің сан түрлі сұраныс-ықыласын ескеретін көп жанрлы фильмдер түсіріліп жатыр. «Жау¬жү¬рек Мың бала» фильмімен бірге Дә¬режан Өмірбаевтың «Студент», Әмір Қарақұловтың «Виртуалды махаббат», Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмдері шықты. Кинофес¬тиваль¬дарға арналған фильмдер де бар¬шылық. Бұл қазақ киносының көш түзеп келе жатқанын көрсетеді. Ба¬лаларға, жасөспірімдерге арналған шым-шытырық оқиғаларға, жанрларға құрылған комедия, фэнтези, экшн фильмдер түсіріліп жатыр.
- «Жаужүрек Мың бала» фильмі¬нің көрермені көп болды. Сондай-ақ бұл туынды қазақ киносының тарихында болмаған қаражатты жинады. Халық арасында бедел жинап қана қоймай, өз кезегінде қазақ киносына қатысты, әсіресе, «Көшпенділерден» кейін қалыптасқан теріс көзқарасты жоққа шығарды...
- «Жаужүрек Мың бала» қазақ киносына тың өзгеріс әкелді. Бұл фильм «қазақ тіліндегі фильмдерге жұрт келмейді» деген қалыптасқан көзқарастың күлін көкке ұшырды. Әдетте дистрибьютерлер бізден орыс тіліндегі көшірмелерді көбірек сұрайтын. Бірақ «Жаужүрек Мың балада» орыс тілінен гөрі, қазақ ті¬ліндегі нұсқасына сұраныс көп түсті. Олар бір күннен кейін-ақ қазақша нұсқасына тапсырыс бере бастады. Яғни бұл фильм ана ті¬лі¬міздің дамуына, насихатына өзіндік үлесін қоса білді деп айтуға болады.
Сонымен бірге, бұл киноның қамтыған аудиториясы әдеттегі қалыптан асып кетті десем, артық болмайды. Жалпы, киноға баратын көрермен жасы 14-25-тің арасында. Ал «Жаужүрек Мың балаға» олармен бірге ақ жаулықты аналар мен ақ сақалды қарияларымыздың қалың легі келді. Яғни шын мәніндегі, ха¬лықтық кино ретінде көрерменнің саны мен сапасын да өзгертіп, қалыптасқан заңдылықты бұзды. Фильм жүріп жатқан кезде тағы бір қайталана бермейтін құбылысты аңғардым. Еліміздің барлық ки¬но¬теа¬трларында сеанс соңында жұрт орнынан тұрып қол шапалақтайтын болған. Халық төл киносына деген бағасын осылайша берді. Мұның өзі қазақ киносының белгілі бір деңгейге көтерілгенін, киногерлеріміздің көптен күткен үмітті ақтай алғанын көрсетеді. Міне, «Жаужүрек Мың бала» осылайша қазақ киносына қатысты қатып қалған қисынсыз көзқарастардың барлығын жоққа шығарды. Ең бастысы, ұлттық киностудия «Қазақфильмге», кино өнерінің туындыларына деген ха¬лықтың сенімін қайтарып, түбегейлі бетбұрыс жасады.
Бір айта кетерлігі, «Жаужүрек Мың баламен» бір күнде Голливудтың «Кек қайтарушылар» фильмі шықты. Негізі, кино әлемінде қалыптасқан мынадай үрдіс бар. Әдетте үлкен блокбастерлар прокатқа өзімен бірге шыққан фильмдерді жұтып қоятын. Мысалы, Қытайда Конфуцийге қатысты фильм шықты. Алайда ол атышулы «Аватар» фильмімен қатар шығып, жұрт жаппай «Аватарға» бет бұрып кеткендіктен, қытай данышпаны туралы фильмді көрушілердің саны күрт азайып кетті. Дәл сол секілді Тимур Бекмамбетовтің де «Қара найзағай» атты фильмі сол «Аватардың» екпінінен бірталай көрерменінен айырылып қалды. Міне, кино әлемінде осындай құ¬былыстар болып тұрады. Бірақ «Жаужүрек Мың бала» алыспай беріспейтінін дәлелдеді. «Кек қай¬тарушылар» әлем бойынша мил¬лиардтаған қаржы жинады. Бірақ Қазақстанда оның жинаған үлес салмағы «Жаужүректен» аз болды. Бұл қазақ киносының шетелдің фильмдерімен бәсекеге түсе алатынын, еліміздегі кинопрокатта өзіндік орнын ала бастағанын көрсетеді. «Кек қайтарушылар» еліміздегі прокат жүйесінде 3-4 апта ғана жүрсе, «Мың бала» 2 ай жүрді.
- Бүгінгі таңда жиналған қаражат көлемі қандай?
- Қазақстан кинотеатрларында ең көп қаржы жинаған туынды - «Аватар» фильмі. Ол дүниежүзі бойынша 3 млрд долларға жақын қаржы жи¬нағаны белгілі. Біздің елде бұл «Ава¬тардың» қаржылық көрсеткіші 3 мил¬лион долларға жетеқабыл. «Жау¬жүрек Мың бала» фильмі 2 ми묬¬лионнан асып, «Аватар» жинаған сомаға қарай аяқ басты. Бұл - үлкен же¬тістік.
- Бұл фильм көпшіліктің көңілінен шыққанымен кейбір киносүйер көрерменнің сынына да ұшырады. Жақтаушылар мен сынаушы халықтың пайыздық көрсеткіші қандай болды?
- Бұл - заңды құбылыс. Алайда оңды пікірлердің мол болғандығы соншалық сынның көрсеткіші 1,5-2 пайыздың көлемінде ғана қалып қойды. Ал бүкіл ұлт, халық бұл филь¬м¬¬¬¬ді аса жылы қабылдап, «клас¬си¬ка¬лық киношедеврлардың қа¬тарынан ойып орын алатын», «ұлт алдындағы міндет-борышын атқарған фильм» деп баға берді. Зиялы қа¬уымның бағасы да осы. Ал жалпы алғанда, фильм өзінің лайықты бағасын алуы үшін тағы да уақыт керек секілді. Әрбір туындыға әділ бағаны уақыт береді. Ұлы төреші - уақыт. Менің ойымша, «Жаужүрек Мың бала» - Мәңгілік атты алып бәйтеректің құрылымынан өзінің 2 сағат 10 минут уақытын ойып алып, тарихтағы өз орнымен, жөнімен табысуға бет бұрды. Оны, құдай қаласа, біз ғана емес, әлі кемінде 2-3 ұрпақ тамашалайтын болады.
- Шыны керек, кейбір отандық өнімдеріміздің де жетісіп тұрғаны шамалы. Қазір экрандарға жеке-меншік студиялар, қарапайым қа¬зақтар түсірген бейәдеп фильмдер шыға бастады. «Жаужүрек Мың бала» фильмі адамды «жалаңаштамай-ақ» қалың көрерменнің сұранысына ие болды емес пе?
- Бұл - кино түсірушінің аза¬маттық, шығармашылық ұстанымына, осындай фильмді дүниеге әкелуші суреткердің тұлғасына байланысты. Кейбір режиссерлер бос атақ пен даңқты қуалап, әдейі эпотажға барып жатады. Бірақ абыройсыздықпен «жалаңаш» келген даңқтан не пайда?! Мұндай фильмдерді негізінен жекеменшік компаниялар түсіріп жатыр. Кейде «олар мұндай фильм¬дерді түсіруге ақшаны қайдан тауып жатыр?» деп те ойлаймын. Өз басым, ондай режиссерлеріміздің мұндай киноны түсірудегі мақсатын толық түсіне алмаймын.
- Қазіргі таңда «Шәкен жұл¬дыздары», «Еуразия» кинофести¬вальдері өтіп тұрады. Жаз айында Лос-Анджелесте қазақ киносының күндерін өткізуді жоспарлап қойып¬сыздар...
- Фестивальдердің көп болуы - қазақ киносына оң әсер етеді. Бұл фильмдер еліміздің шеңберінде ғана қалып қоймай, шетелдерге танылуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл байқаулар - киноиндус¬трия¬мыздың қазіргі даму деңгейінің көрсеткіші. Осы орайда айта кететін жәйт, бұрын біздің режиссерлеріміз фильмдерін көрсетіп, бағасын алу үшін алыс, жақын шетелдерге ат сабылтып, ақ тер, көк тер болатын еді. Сонда да әлі күнге дейін «А» тобын¬дағы кинофестивальдердің негізгі конкурстық бағдарламаларына бір- де бір қазақ фильмі ене алмады. Қазір белді-белді «А» тобы бар, бас¬қасы бар, барша кинофести¬вальдер¬дің өкілдері «Еуразия» кинофес¬тиваліне өздері келіп жатыр. Былтыр «Еуразияның» аумағында Венеция кинофестивалінің күндері өтті. Басқа да 10-нан астам белді кино¬фести¬валь¬дің сарапшылары, басшылары келді. Олар кешегі, бүгінгі болып жатқан қазақ киносындағы жүйелі өзгерістерді көріп, жаңа фильм¬де¬рімізбен танысып қайтты. Бұл - еліміздегі кино өндірісінің даму үрдісінің, ұлттық кинематографтың өскелең беделінің белгісі.
- «Қазақфильмнің» тізгіні сіздің қолыңызға тигеннен бері киностудия продюсерлік орталықтармен бірігіп жұмыс істеуге қөшті. Бұл форматта жұмыс істеу қазақ киносына қаншалықты тиімді?
- Бүкіл дүние осы үрдіспен жұмыс жасайды. Продюсерлік орта¬лық¬тар¬мен жұмыс істеу - екі жаққа да тиімді. «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» демекші, бірігіп жұмыс істеуден еш ұтылмаймыз. Жаңа идеялар пайда болып, түрлі бағытта жұмыс жасауға мүмкіндік аламыз. Қара шаңырақ - «Қазақфильм» киностудиясымен бірігіп жұмыс істеген соң продюсерлік орталықтар да анайы, ұлт мүддесіне қайшы келетін фильм¬дерді түсіруден бойын аулақ ұстайтын болады. Сондықтан да қоян-қолтық жұмыс жасаудың қазақ киносына тигізер пайдасы зор.
- «Қазақфильмнің» Тимур Бекмамбетовпен «Алтын жауынгер» мис¬тикалық фильмін жарыққа шығаруға дайындалып жатқанын естіген едік. Басқа да ірі жобалар бар ма?
- Қазір ол жоба сценарий дең¬гейінде дамып келеді. Сценарийдің 10 шақты нұсқасы жасалды. Бірақ әлі де жетіспейтін тұстары көп. Сон¬дықтан да асықпауды жөн көріп отырмыз. Кейде, әлем киносында ірі жобалардың жүзеге асуына ондаған жылдар кетіп жатады ғой. Тимурдың да ел азаматы, өз елінің патриоты деңгейіне келер тұсы бар, шы¬ғар¬машылық кестесі бар, әйтеуір бұл жобаның да пісіп-жетілу сәті келеді деген үміттемін. Сонымен бірге, қазір «Томирис патшайым» фильмінің сценарийін қолға алып жатырмыз. Бұл фильм де «Жаужүрек Мың бала» сынды ірі жоба болмақшы. Алайда оны әлемдік кино форматында, сол деңгейге қажетті шарттардың барлығын сақтай отырып жасамақпыз. Қазақ киносының мүмкіндігі жыл артқан сайын кеңи түсуде. Шетел мамандары да қызығушылық танытып, бірге жұмыс істеуге ниет білдіріп жатыр. Халықаралық компаниялармен бірге жұмыс істеу, біріншіден, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берсе, екіншіден, әлемдік прокатқа шығуға жол ашады. Ал «Томиристің» сце¬нарийін дамытуға атақты «Гладиатор» фильмінің сценарийін жазған («Оскар» сыйлығы) Дэвид Франзони да атсалысады деген үміттеміз.
- Аға, өзіңіз 28 жасыңызда сахнаға пьесаңызды шығарып үлгерген драматургсіз. Осы тұрғыдан алғанда қазақ киносының проблемасымен жүріп, іштегі шығармашылық қа¬білетіңізді тұншықтырып аламын деп қорықпайсыз ба?
- Шығармашылық адамы бол¬ғандықтан, рухани сергек жүру үшін үнемі ізденіс үстінде боласың. Сәл қол босаса, жаңа туындылар оқып, аудармамен айналысамын. Кейде өзің айтқың келген ойды солардың ең¬бегінен тауып жатасың. Жақында ғана Мұхтар Әуезов театрында менің аудармаммен Д.Кобурнның «Жын ойнақ» спектаклі сахналанды. Онда «өмір - ойын, ал адамдар ондағы өз рөлін - өз тағдырын өздері таңдайды» деген ой жатыр. Бұл өмірде ізгілік, іс жолын таңдай ма, әлде Абай айт¬пақшы, «жаны аяулы азаматқа қосамын» деп «ырылдаған қызға¬ныштың қызыл төбетін» баптап, тірлігін бекер зая қыла ма, қайткен күнде де адам өз тағдырын өзі таң¬дайды Жаһандану және өркениеттің құрылымдық, ұстаным негіздері жө¬нінде культурологиялық мақалалар тобын жазуды да ойластырып жүрмін. Алды баспасөз бетінде шыға бастады. Бір-екі повесть, сценарий нұсқалары да жоқ емес. Құдай қаласа, оны да бітіріп тастармыз.