Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТАНЫТҚАН ҚАЙСАР ЖАНДАР


28 сентября 2012, 14:30 | 1 931 просмотр



Қыркүйек айының 25 жұлдызында Талдықорған қалалық музыка мектебінде «Махаббат пен қайырымдылықтан нәр алады жанымыз, жүрек нұрын балаларға ұсынамыз бәріміз» деген ұранмен «Мектепке жол» акциясының қорытынды кеші болып өтті. Тамыз айының 1-ші жұлдызынан бастау алған бұл қайырымдылық шарасы қыркүйек айының 30-да өз мәресіне жетпек. Акцияның мақсаты: оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке оқушылардың келмеуінің алдын алу.

Тұрмыстық жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға былтырғы жылы 9 млн.теңге көлемінде көмек көрсетілсе, биылғы жылы бұл қаржы көлемі 21 млн. теңгеге жеткен. Өтен жылғы көмекке зәру балалар саны 25 мыңды құраса, биылғы жылы 5 мыңға азайып, яғни көмекке зәру балалар саны 20 мың болған.

Шара барысында аталмыш акция аясында балаларға қайырымдылық танытып, көмек көрсеткен барлық демеушілер мен кәсіпорын ұймдары, сондай-ақ облыс көлемінде көпшілік қауымды ақпараттындыру саласына белсене қатысқаны үшін Бұқаралық Ақпарат Құралдарына, сонымен қатар «Білім шапағаты» газетіне де алғыс хаттар тапсырылды. БАҚ-та 30 астам мақала жарияланып, облыстық «Жетісу» телеарнасының бағдарламаларында 10 астам бейнесюжеттер көрсетілген.

Осы орайда «Болашақ», «Дилья» дүкендері де іс-шараға белсене ат салысқандары үшін марапатталды.

Жандары жомарт, жүректері нұрдан жаралған барлық азаматтарға Алматы облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті алғыс білдіріп, рахметтерін айтты. Кеш ары қарай мектеп оқушыларының концертімен жалғасын тапты.

Автор:
Айгерім БАҚТЫБАЕВА өз тілшіміз