Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Даярлық мекемелерінде 230 мыңнан астам бүлдіршін білім алуда


28 сентября 2012, 14:40 | 1 954 просмотра



«Балапан» бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында қосымша 230 мыңнан астам бүлдіршінді мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту мүмкін болып отыр,

деп хабарлады pm.kz сайтына ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асырудың барысында мектепке даярлық мекемелерінің саны 3,5 мыңнан астамға артып отыр, бұл 831 балабақша мен 2697 шағын орталық. Осының арқасында 230 мыңнан астам балдырған мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қосымша қамтылуда», -делінген ведомство хабарламасында.

Соңғы екі жылда 3-6 жастың аралығындағы балаларды қамту көрсеткіші екі есеге өсіп отыр. Егер 2010 жылы олардың саны - 36,2% құраса, 2012 жылы - 65,4% болды. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен жалпы қамту көрсеткіші 50% жуықтап, ЮНЕСКО мәліметі бойынша 41% шамалайтын орташа әлемдік көрсеткіштен едәуір асып түсті. Сондай-ақ балабақшалардан орын бөлудің қолжетімділігін және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Балабақшаларға балаларды тіркеу» электрондық мемлекеттік қызметі іске қосылды және бұл қызмет Интернет арқылы және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетіледі.

Автор:
Қазақпатар