Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алматыда «А2 Fall Kazakhstan Fair» халықаралық көрмесі өтті


28 сентября 2012, 14:41 | 2 039 просмотров


Ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болашақ» бағдарламасының ресми әкімшісінің серіктестігімен ұйымдастырылды.

Көрме аясында «Украинадағы білім беру жүйесінің» тұсаукесері өтті. Ол қосымша біліктілікті алғысы келетін талапкерлер мен студенттердің, жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының, жастардың үлкен қызығушылығын танытты.Таныстырылымда Украинада жоғары білім алудың тақырыбы ашылды: жоғары білім жүйесі, украиналық дипломдардың басқа елдерде мойындалуы, ең мықты ғылыми мектептері мен жоғары білім мекемелері, білім беру жүйесіндегі инновациялар, украиналық дипломы бар мамандардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі, шетелдік студенттердің оқу кезінде Украинаға кіруі және тұруының талаптары түсіндірілді.

Автор:
Қазақпарат