28 сентября 2012, 14:44 | 2 293 просмотра
«Ғылым таппай мақтанба», де¬ген ұлы Абай атамыздың ғұ¬лама сөзі бүгінгі күнде де өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, академик Б.Жұмағұловтың «Казахс¬танская правда» газетінде жа¬рия¬ланған «Мечты становятся явью» атты мақаласы (2012 жылғы 7 қыркүйек) мәні бойынша 5 қыркүйектегі Президенттің көп миллиондаған аудитория алдында оқыған дәрісінің терең, білікті, жүйелі және кәсіби талдауы болып табылады.
Дәрісте 20 жылдың ішінде Қазақстанның ғасырлық жолдан өтіп бұл күнде экономикасы да¬мы¬ған, тыныштығы тұрақты ел қа¬тарына айналғаны, сонымен қатар, қоғамдағы дамуын тез¬де¬тетін тұстардың да бар екені жайлы баяндалды. Ғалымдарға бүгін Қазақстан ғылымы бірлесіп энергияны алудың жаңа эко¬ло¬гиялық таза да тиімді жолдарын табу және табиғи ресурстарды пайдалану, биоинженерия, биотехнология, нанотехнология жә¬не тағы да басқа салаларында зерт¬теулер жүр¬гізу, қар¬жы¬лан¬дыру, оны өнд¬ірістік сатыға дейін жеткізу жолдарын қарас¬тыруға нұсқау жасалды.
Мемлекеттің жүйелі ғылыми жобаны қаржыландыруға қаты¬суы, іс жүзінде, ғылыми инно¬ва¬циялық іс-әрекетінің толық ау¬қымды дамуына катализатор болуы тиіс. Жоғарыда айтылған мақ¬¬сатқа жету үшін келесі мін¬дет¬тер: ғылыми зерттеулерді эко¬номиканың қажеттілігіне бағыт¬тау, «Назарбаев Университеті» ай¬наласында зияткерлік кластер құру және олардың нәтижесін тарату, ғылыми жобалардың нә¬ти¬жесін коммерциялизациялаудың тиімді жолдарын дамыту қажет. Сонымен қатар, ғылыми-инно¬ва¬циялық саладағы бизнесті, өн¬дірісті және бәсекеге қабілетті жоғарғы технологиялық өнім¬дер¬ді шығаруды дамытып, ғылыми кадрлардың әлеуетін барынша пайдалану керек.
Осыған орай, «Ғылым қоры» республикамызда ғылыми жобалар аясында өтіп жатқан зерттеу жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілуі үшін мониторинг жасап, табысты зерттеулердің нә¬ти¬желерін жариялап, отандық ғы¬лыми зерттеу жұмыс жобаларын бизнес пен мемлекет имиджін арт¬тырудың тиімді тәсіліне айналдыруда.
Елімізде білім мен ғылым саласында соңғы жылдары шап¬шаң, терең, түпкілікті әрі зама¬науи реформалар жүріп жатыр. Әрине, бұның бәрі ұлт бола¬шағы, халық мүддесі үшін жасалып отырған Елбасы қам¬қор¬лығы деп білеміз. Осы берілген мүмкіндіктерді кәсіби біліктілік пен шеберлікті қоса отырып жүзеге асырып отырған және халық үшін қызмет істеп жатқан, Президент сенімін ақтап жүрген білім саласы қызметкерлерінің қажырлы еңбегі екенін жоққа шығару мүмкін емес. «Назарбаев Университеті» болашақ қазақ элитасын қалыптастыратын және ғылыми халықаралық бірлестікті нығайтатын бірден-бір жоғары оқу орны болатынын министр Б.Жұмағұлов атап көрсетті. Со¬ның ішін¬де университеттік ғы¬лым¬ның дамуына ерекше серпін бе¬рілгені де аталды.
Осы бағытта «Ғылым қоры» «Назарбаев Университетінің» ин¬женерлік факультетімен тығыз байланыса отырып, жоғарғы технологияларды енгізуге бағыт¬тал¬ған ғылыми-инновациялық жобаларды талқылау және оларды қар¬жыландыру мақсатында зерттеу институттары мен университет ғалымдарының басын қо¬сып, конференция өткізу жоспарын жасады.
Аталған игі бастамаларды тия¬нақты жүзеге асыру ғылым саласы қызметкерлеріне үлкен жа¬уапкершілік жүктейді, бұл өз кезегінде олардың кәсіби дең¬гейін көтеруге үлкен серпіліс бе¬реді.