Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МАМАНДЫҒЫМ –ТАБАР НАНЫМ!


19 октября 2012, 11:11 | 2 021 просмотр



Әрбір саналы адам ертеңгі күнін ойлайды. Болашақ қалай болар екен? Балаларымыз не істейді екен? Осындай ойлар барлық ата-ананы мазалайды. Әрине, әрбір ата-ана өзінің перзенті табысы мол маман иесі болса екен дейді. Бүгінде жоғары білімі жоқ қазақстандық кемде-кем. Мамандығы бойынша жұмыс жасамаса, жоғарғы оқу орнының дипломы міндетті түрде болу керек. Етңгі күнін дұрыс ойламау, болашаққа немқұрайлы қараудан, өзіндік таңдау болмағандықтан бүгінгі күні саны көп, сапасы жоқ дипломы бар жұмысы жоқ жастар көп. Сол себептен ертеңгі мамандықты бүгіннен ойластырайық!

БҮГІН СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДАР

Бұрын да, қазір де жоғарғы оқу орындарына экономика, заң факультеттеріне түсетіндер көп. Заңгер оқуын бітіргендер ертең мемлекеттік қызметке орналасқысы келеді. Экономисттер, есепшілер кез-келген мекемеге қажет. Алайда біз жасаған рейтинг бойынша, бұл мамандықтар үздіктер қатарында жоқ. Сонымен, бүгін және ертең сұранысқа ие болатын мамандықтар рейтингіне назар салайық.

БІРІНШІ: Бүгін нарықтық қарқын жақсы. Сауда саттық, халықтың тауар тұтыну потенциалы да жоғары. Сондықтан бүгін сауатты САУДА МЕНЕДЖЕРЛЕРІНЕ сұраныс жақсы.

ТМД елдеріндегі бүгінгі еңбек нарығына назар салсақ, «сату және сатып алу» саласында мамандар қажет. Өз біліктілігін, білімін және әрине алғырлығын көрсете білген адам бұл салада болашағы жарқын.

ЕКІНШІ: IT-МАМАНДАР - барлық салада қажет. Компьтерленген заманда IT-мамандарсыз күніміз қараңғы екені өтірік емес. IT-саланың дамуы күннен-күнге сапалы, біліктілігі жоғары мамандарды талап етеді. Алайда сапалы «айтишникті» жетілдіру оңай емес. Сонымен қатар IT-мамандарда мансабы жоғарлау болмайды, тек IT-маман болып қала береді деген ұғым қалыптасқан. Бүгін мүмкін солай, бірақ техникалық прогресс тоқтамайды, ертең барлығы компьютермен жасалатын болады, сонда басқа мамандықтардың қажеті болмай қалуы мүмкін. Ал бүгінгі күні болашақта бастық боламын деп жұмыссыз заңгер болғанша, әрқашан жұмыс табылатын «айтишник» болған артық шығар!?

ҮШІНШІ:Гуманитарлық салаға келетін болсақ, бұл бағытта АУДАРМАШЫЛАР МЕН ЛИНГВИСТТЕР ерекше бағаланады. Европалық тілдер мен қатар енді сұранысқа азиялық тілдерге сұраныс жақсы. Бұл ең алдымен Азия елдерінің саяси және экономикалық белсенділігі мен тауар айналымының жоғарғы деңейіне байланысты. Бірнеше тіл білетін адамдардың жалақысы да өте жақсы болады.

ТӨРТІНШІ:Бүгінгі де, кеше де әлеуметтік маңызы мол мамандықтар – мұғалім және дәрігер болып қала бермек. Мамандықтар ішінен бұлар –«халыққа қызмет ету» категориясына жатады, еңбекақысы жоғары болмаса да педагогтар мен дәрігерлерге сұраныс үмені болады,. Экономика факультетін бітіріп, жұмыс таппай жүрген жас жігіт «денешынықтыру институтына түсіп мектепте «физрук » болғаным артық еді» депті-мыс. Жас мамандар жалақысы төмен болғанымен оларға қолдау көрсету министрлік тарапынан қолға алынғандығы шындық. Қоғамның дәрігер мен мұғалімдерге деген сұраныс 5 жылдан кейін де, 10 жылдан кейін де азаймайды.

БЕСІНШІ:Инновациялық мамандықтар –НАНОТЕХНОЛОГТАР. Заманауи өмірді прогрессіз елестету қиын. Сол себептен 2015-2020 жылдары нанотехнологтарға қажет мың есе артады. Нанотехнологияда үлкен серпін жасайтын мемлекет әлемдік көшбасшы болатыны сөзсіз. Сондықтан әрбір елде ғылымды дамыту, нанотехнологияны жолға қою бірінші орында тұр.

БОЛАШАҚТА ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚҚА СҰРАНЫС КӨП БОЛАДЫ?

Техникалық прогресс біздің үйреншікті өмірімізді өзгертеді. Күнделікті тіршілік, жұмыс, тіпті мамандықтар да өзгереді. Еңбек нарығында да өзгерістер орын алады. Қазір біз естімеген жаңа мамандықтар көп. Мысалы, осыдан он жыл бұрын SMM-менеджер (тауарды әлеуметтік желілерде жарнамалаушы) деген мамандық мүлдем болмаған, ал қазір бұл қатты сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Болашақты болжап, ертең қандай маман иелері керек екенін саралап көрдік.

Бүгін: Мұғалім

Ертең: Дистанционды білім беру бағдарламалырын жасаушы

Егер сіз техникаға жақын болсаңыз, онлайн сабақ өткізуді бүгіннен бастаңыз. Батыс Европада дистанционды білім беру нарығы соңғы жылы 23%-ға өскен. Дистанционды білі беру –болашағы жарқын сала. Алайда білім берудің бұндай түріне қарсы азаматтар да бар. Көпшілік дистанционды білім берудің сапасы дәстүрлі білім беруден төмен деп баға беруде. Бұл олқылықтың орнын толтырудың бір амалы -әр салада үлкен жұмыс берушілер мойындайтын жақсы бағдарламалар әзірлеу. Осындай бағдарламаларды әзірлейтін мамандар бүгінде беделді оқу орындарына қажет. Қазірдің өзінде Мәскеуде дистанционды білім беру бағдарламасын жасаушы жас маманның өзі 70 мың рубль шамасында жалақы алатын көрінеді.

Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарында дистанционды білім беру қолға алынған. Біздің елімізде сондай бағдарламаларды жасаушы мамандар тапшы екенін белгілі. Қазір 40 жастан жоғары адамдар онлайн жүйедегі көп дүниені түсіне бермесе де, бүгінгі еңбектеген баланың барлығы интернетпен еркін жұмыс істейді. Техникалық жаңалықтар интернетпен еркін жұмыс істеуге мол мүмкіндік береді. Заманауи смартфоны бар адамға компьютердің де қажеті жоқ. Қолыңда кішкене «қалтафонмен» барлық жұмысты бітіруге болады.

Білімі: IT-маман, Педагог.

Бүгін: Психотерапевт

Ертең: Психолог-құтқарушы

Ақыр заман туралы әңгімелер көп. Біреулер сенеді, қорқады; екіншілерге бәрібір. Соңғы кезде әлемнің әр түпкірінде табиғат апаттары жиілеп кеткені құпия емес. Зілзаладан аман қалғандар ды үлкен стресс күтеді. Табиғат мен техногенді апаттар құрбандарына психологиялық емнің қажет екенін әлемдік қауымдастық уақыт өткен сайын мойындайды. Сол себептен психолог-құтқарушы мамандығының болашақта үлкен сұранысқа ие болатынын болжау түсінікті. Практикалық психологияның қайнар көзі –ғылыми психология екені белгілі. Ал болашақ мамандарға инженерлік психология, жады және ұғыну психологиясы бойынша жаңа зерттеулерге көңіл бөлген абзал.

Білімі: Медициналық білім, нанотехнология.

ҚАЗІР ЖОҚ, ЕРТЕҢ БАР

Иен Пирсон есімді футуролог болашақ ұрпақ таңдайтын мамандықтарға болжам жасап көрді.Бүгін жоқ мамандықтар, 10-20 жылдан кейін ең көп табыс табатын мамандар болады. Олар: виртуальды архитекторлар, адамның ішкі ағзасын қолдан жасайтындар және ультра жаңа графен материалын өңдейтін шебер. Бұндайды бұрын соңды естімедіңіз бе? Сонымен, бұл мамандар немен айналысатын болады? Болжап көрейік!

Виртуалды архитектор

GOOGLE зертханасында шындықты өзгертетін көзілдіріктерді жасау қолға алыныпты. Осындай көзілдірікті икемге келтіріп, сіз қоршаған айналаны өзгерте аласыз. Мысалы, үлкен сауда орталығында келе жатып көзілдірік арқылы мүлде басқа жерде келе жатқаныңызды көресіз. Ол қалай жұмыс істейді? Көзілдірікке түрлі виртуалды көріністер енгізіледі. Алматының көшесінде серуендеп, Парижді көргіңіз келсе көзілдіріктегі көріністерді таңдайсыз. Көз алдыңызда Эйфель мұнарасы шыға келеді. Көзілдірікте енгізілген көріністер неғұрлым көп болса, соғұрлым сол көріністерді кескіндейтін мамандар да сұранысқа ие болады. Яғни, виртуалды архитекторлар қажет болады. Американдық профессорлар айтқандай 2030 жылы әлемде интернетке кіруге болатын контакты линзалар пайда болады. Осындай жабдықтың прототипін жасаумен Вашингтон университетінің профессоры Бабак Парвиз жұмыс жасап жүр. Бұл линзаны көзі нашар көретін адамдар ғана пайдаланбайды. Олардың фунциясы өзгеше: ғаламторға кіруге болатын көзілдірік интернет пайдаланушының көз алдына виртуалды өмірді паш етеді.

Білімі: IT-мамандарда

Ішкі ағзаларды жасаушы Нарықта адам ағзасына қажетті «зап-частілер» пайда болып, еркін саудаға түсетін күн де туады. Бүгінгі күні биотехнология деңгейі зертханада мұрын, құлақ, қан тамырларды, жүрек клапандарын т.б «өсіріп шығаруға» мүмкіндік беріп отыр. Арнайы «гупка» тәріздес пластикалық ыдысқа науқастың ДНК-сы мен жасушалары егіледі. Осы жасушаларға католизатор қосылғанда, олар тез көбейіп өседі. Дәл осылай бір ағза мүшесі, орган пайда болады. Осындай технология туралы Уэйк-Форест университетінен Энтони Атала сөз етті.

Жақында ғалымдар адамның бауыр немесе бүйрегін өсіріп шығаруға мүмкіндік беретін қосынды тканьдарды жасап шығарды. Егер бұл ғылыми жаңалықты жетілдіру бөгеліп қалмаса, ішкі ағзаларды ауыстыру проблемасы жолға қойылады. Тіпті донорлық ағза қажет болмай қалады. Ал адам ағзасының «бөлшектерін» жасаушы мамандар жұмыссыз отырмайды.

Білімі: Медициналық білім, нанотехнология, фармокология.

Графен шебері

Ұзақ жылдар бойы зерттеліп, 2000 жылдардың басында пайда болған графенге деген қызығушылық арта түсуде. Графен –екі өлшемді кристалл. Бүгінгі ғалымдар графен материалының мүмкіндіктеріне қызығып, жылдан-жылға оны пайдалану аясы кеңейе түсуде. Өте жұқа және өте қатты графеннен 30 км созылатын ғимарат салып, су тазалайтын фильтр жасауға болады. Бірақ бұны жасайтын біз емес, болашақ ұрпақ. Демек, болашақта графен шеберлері ерекше сұранысқа тап болатын мамандық. Химия, физикаға қызығушылықтары бар балалар графен матариалын зерттеуге назар салыңыз!

Білімі: Нанотехнология, химия және физика.

Автор:
Дайындаған:Мәдина ОМАРҚҰЛОВА