Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"АНА"


19 октября 2012, 11:16 | 1 993 просмотра


БАУБЕК БҰЛҚЫШЕВ

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға шығарманың тақырыбын ашу. Талдау жұмыстарын жүргізуге, мазмұнын меңгеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек көрсету, жағдай жасау.

2. Көркем сөзді, көркем ойды өз сөздік қорларына қолдана алу, соның нәтижесі аызшы сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау.

3. Бала бойына ананы сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты қасиеттерді сіңіру, тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сызбалар, сурет.

Әдіс: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру.

Түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қайырлы таң, достым,

Қайырлы күн болсын!

Сәрсенбінің сәті,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

- Бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін!

1. Қызығушылықты ояту.

Топқа бөлу.

Үй тапсырмасын пысықтау.

Сұрақтарға жауап беру.

- Үйге қандай тапсырма беріліп еді?

- Апамның астауы» мәтінін оқып, мазмұнын айту. «Менің Әжем» тақырыбына шығарма жазу.

- Әңгіме кімнің атынан баяндалған? Жазушының ілтипатпен, ыстық сезіммен еске алып отырғаны кіи? Неге ол кісіні еске алып жазды?

- Мінездеу дегеніміз не?

- Мысал келтіру.

- Неліктен әңгіме «Апамның астауы» деп аталды?

2-3 оқушыға шығарманы оқыту.

2. Мағынаны тану.

а) Кіріспе.

Үй тапсырмасымен жаңа тақырыпты байланыстыра отырып, баяндау.

- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз.

«Ана» шығармасы.

Шығарманы жазған жазушы Б.Бұлқышев.

ә) Қысқаша өмірбаяны.

Б.Бұлқышев Қарағанды облысы.

Ол орыс, қазақ тілдерінде әңгімелер мен роман жазған жазушы. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлікпен қаза тапты. Өте білімді, сауатты болған. Оның «Балалық шақ», «Есімізде қанды жорықтар», «Заман біздікі» атты шығармалары бар.

Енді біздің оқулыққа енген «Ана» әңгімесінде өзінің Анаға деген ыстық сезімін паш етеді.

Б) Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

В) Мәтінге талдау жүргізу.

- Мәтінде қандай теңеу бар?

- Неге теңізге теңейді? (Өйткені теңіз терең, сол сиқты ананың да тілегі, махаббаты, тілі шексіз терең. Осы жолдағы ананың тілі, ананың махаббаты деген тіркестерді қалай түсінеміз? Бұл тіркестерге қандай сөз сәйкес келеді? (Сызба құру)

- Жылап уанбай шырылдағанда кімді іздейсің?

- Ананы.

- Дүниеде не қымбат? Ана.

- Ана неден қымбат? Бәрінен

- Бұны қалай түсінеміз?

(ананың аялы алақаны, мейіріміне тең келер нәрсе жоқ)

- Мәтінде Ананың жолы басқа делінген.

- Басқаны қалай түсінеміз? (Бұл Ананың өмір жолы басқа деген сөз. Ол бәрінен ерекше, ешкімге ұқсамайды. Ана бізге өмір сыйлаушы, сондықтан ананың орны ерекше бөлек.)

- Ана- құдіретті ұғым.

- Ана деген сөздің өзі ыстық. Себебі ана деген сөздің өзі денеге жылу таратады. Сондықтан «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес!

- Осы тіркестерді қалай түсінуге болады?

Осы талдау жасалған сөз тіркесінің берер мағынасы біреу ғана яғни, баланың анаға деген шексіз махаббаты.

Г) Дәптермен жұмыс.

3. Ой толғаныс.

1-топ- Ана туралы тірек сөзерді пайдалана отырып шағын әңгіме жазу.

2-топ- Бір шумақ өлең шығару.

3-топ- Ана туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер жазу.

Сабақты қорыту. Бағалау.

Үйге тапсырма:

Мәтінді жаттау.

Автор:
Сәния БАЙЖҰМАН, Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі. Көксу ауданы.