Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖЕТКІНШЕК ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЖЕТІСТІК ЖАЙЫ


19 октября 2012, 11:27 | 1 883 просмотра



Өткен аптада Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Мұнда кәмелеттік жасқа толмаған балалар тәрбиесіндегі өзекжарды мәселелер ортаға салынып, мемлекеттік бағдарламалардың қазіргі таңдағы атқарылуы жайы сөз болды. Басқосуды Қазақстан Президентінің кеңесшісі – Ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова жүргізіп отырды.

«Ауруын жасырған өледі» де¬мекші, қазір көпшіліктің назарынан тыс қалмауға, ұдайы әңгіме арқауына айналып отыруға тиіс бір тақырып болса, бұл, сөз жоқ, бала тәрбиесіне қатысты ой болып шы¬ғатыны түсінікті. Себебі, ха¬лықта тамаша бір қағида бар: «Не ексең, соны орасың» деген. Ерте¬ңіне, бо¬лашағына елеңде¬мей¬тін жан жоқ. Болашақтың аспанын ала бұлт қап¬таса, ана жүрегі алдымен алаңдауы тағы да заңды құбылыс. Өйткені, жет¬кіншек мәселесінде қазір ше¬шілмей жатқан түйткілдер өте көп. Жаһандану үрдісінде жаттың жалбыры жайлап кетіп бара жат¬қан дабылға құлақ аспай қою өз та¬мы¬рыңды өз қолыңмен кескенмен бір¬дей болар еді. Озық тех¬нологияның жетістігіне оң қабақ таныту озық ойлы елдерге тән десек те, сол өркениеттің өрке¬ші¬нің артында ха¬лықтық тамырды қиып тастайтын жегіқұрттар бой тасалап тұраты¬нын қаперге алмау¬дың қасіреті мың есе зардапты еді. Өзіне өзі қол жұмсау сияқты бұ¬рын атын адам естіп көрмеген жаттан жағылған жа¬ғымсыз оқиға¬лар¬ды естігенде, әлемді тітіркенткен мұндай сұм¬дық оқиғалардың орын алу се¬бептерін неге әлі күнге тиісті мамандар зерттеп үлгермей жатқа¬нына көп¬ші¬лік қатты алаң¬дау¬шылық білді¬руде. Баланың қо¬лымен жасалды деуге ауыз бармайтын небір сойқан қатыгез¬дік¬тердің белең алуына қоғамның бір формациядан екінші форма¬цияға өтуі, өтпелі кезеңнің тұ¬сында кейбір рухани құндылық¬тардан көз жазып қалуымыз, өмір¬¬лік өл¬шемдердің өзгерісі, әйелдер¬дің балаларын тастап, базар жаға¬лап кеткен жағдайлары сынды көп жәйт¬тердің себеп болғаны талай рет жазылып та, айтылып та жүр. Жас өркеннің бойындағы пайда болған келеңсіз көріністер бір күнгі кемшіліктің салдары емес, баланы өз бетімен алаңсыз жіберіп алған, ата-ананың көңіл бөлуге уақыты жетпей қалған, мектептегі тәрбие өз деңгейінде болмаған си¬яқты талай істің кемдігінен. Комиссия мүшелерінің жанайқайы кәмелет¬тік жасқа толмаған жасөс¬пі¬рім¬дердің басындағы осындай түрлі проблемалар төңірегінде өрбіді. Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбаев жеткін¬шек¬терге сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында атқары¬лып жатқан игі істердің барысы жайында баяндады. Бүгінде мектептерде балалармен жұмыс іс¬тей¬тін мамандар арнайы даяр¬лық¬тан өтіп, жаңадан қолға ал¬ын¬ған істер оң нәтижелерін көр¬сетіп жатқанын тілге тиек етті.

Отырыста мектепке дейінгі ұй¬ым¬дарда тәрбиеленушілерді, жал¬пы¬ға бірдей орта білім бе¬ретін және кәсіби білім беру ұйымда¬ры¬ның оқушыларын ру¬хани-адамгер¬шілік құнды¬лық¬тар¬ға, некені және отбасыны ны¬ғай¬ту негіздеріне оқы¬ту жөніндегі жұмыстар, сон¬дай-ақ балаларға қызмет көрсету бойынша қосым¬ша білім беру ұйымда¬рының қызметтерін жетіл¬діру жө¬нін¬дегі шаралар туралы ойлар ортаға салынды. Оңтүстік Қазақ¬стан облысында кәмелеттік жасқа толма¬ған¬дар арасындағы құ¬қық бұзу¬шы¬лық фактілеріне бай¬ланысты Оңтүстік Қазақстан облысы әкі¬мінің орынбасары, Әйел¬дер істе¬рі және отба¬сы¬лық-демо¬гра¬фия¬лық саясат жөнін¬дегі об¬лыстық комисси¬я¬ның төрағасы Сәкен Қа¬ныбеков өңірде атқары¬лып жат¬қан іс-ша¬ра¬ларды баяндады. Комиссия мүше¬лері Жұмагүл Солты, Айгүл Соловьева, Салтанат Бай¬қош¬қарова, Гүл¬нәр Ықсанова, Сабила Мұс¬та¬фина, Анатолий Баш¬маков, т.б. жас жеткіншектер мәсе¬ле¬сіндегі қор¬даланған мәсе¬л嬬лерді қозғап, пікір-ұсыныс¬та¬рын білдірді.

Отырыстың басында Қазақ¬стан Республикасы Президенті¬нің Ке¬ңес¬шісі – Ұлттық комис¬сия¬ның төрайымы Гүлшара Әбді¬қалықова алдағы жұмыстың Мем¬лекет бас¬шы¬сының әлеумет¬тік жаңғырту жө¬ніндегі бағдар¬ламалық мақала¬сымен ұштасқан басым бағытта¬рын назарға ұсын¬ды. Негізінен жұ¬мыс кейбір қо¬ғамдағы әлеуметтік жағдайлар¬дың салдарларымен кү¬реске емес, оларды тудыратын нақ¬ты себептерді жоюға бағытта¬латын болады. Оларды анықтау үшін осы¬ған дейін мардымды іс жа¬сал¬маған болса, мұнан кейінгі уақытта зерттеушілік жұмыстар жүргізіліп, үкіметтік емес ұйым¬дармен тығыз іс-қимыл жолға қо¬йылады, халықпен қарым-қаты¬нас орнатылады деп күтілуде.

Мектепке дейінгі ұйымдар тәр¬биеленушілерін, жалпы орта білім беретін және кәсіби білім беру ұйымдарының оқушыларын адам¬гершілік пен имандылық құнды¬лық¬тарына, неке мен отбасын нығайту негіздеріне үйрету үшін мектепке дейінгі ерте жасқа (1-3 жас) арналған «Алғашқы қа¬дам», мектепке дейінгі кіші жас¬қа (3-5 жас) арналған «Зерек бала», мектепке дейінгі ересек жас¬қа (5-6 жас) арналған «Біз мектепке барамыз» балаларды тәр¬бие¬леу мен оқыту бағдарла¬ма¬ла¬ры қабылдан¬ған болса, 1-11 сынып оқушыла¬рына арналған «Өзін өзі тану» адамның рухани-адамгершілік дамуы бағдарла¬масы жүзеге асырылып жатқаны басқосуға қатысу¬ш¬ы¬лардың әңгі¬ме өзегіне айналды.

Осындай жұмыстарды орта бі¬лім беру жүйесінде 7 мың пси¬хо¬лог¬тар мен 3,6 мың әлеуметтік педагогтар атқарып жатқаны айтылды. Бұл мамандар рухани-адамгер¬шілік құн¬дылықтарды қа¬лыптас¬тыру мен отбасын нығай¬тудың әртүрлі мәсе¬ле¬лері бойынша балалар мен отбасы¬ларға психоло¬гия¬лық-педагогика¬лық және әлеумет¬тік-құқықтық кө¬мек көрсетеді. Мектеп психолог¬та¬рының қызме¬тін нақты реттеу мақ¬сатында ми¬нистрлікте орта білім беру ұйым¬дарында психо¬ло¬гиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы әзірленгені айтылды.

Сонымен қатар, Астана қала¬сында Отбасылық тәрбиелеу инс¬ти¬тутының құрылуы – ешкімді бей-жай қалдырмайтын оқиға. Инс¬ти¬туттың атқаратын негізгі міндеті білім беру қызметкер¬лері¬нің, ата-аналардың отбасы¬лық ара-қаты¬настағы біліктілігін арттыру болып табылады. Биыл¬ғы сәуірде Отба¬сылық тәрбиелеу институты¬ның 70 тыңдаушысы (педагогтар, психологтар) «Отба¬сылық тәрбие¬леу жөніндегі пси¬холог-кеңес бе¬руші» біліктілігін алғаны бұл бағыттағы жұмыстар өзінің алғаш¬қы нәти¬же¬лерін көрсете бастады деген сөз.

Қазіргі кезде қоғамның әлеу¬меттік-экономикалық дамуын¬да¬ғы белгілі бір оң нәтижелеріне қара¬мастан, жасөспірімдердің рухани-адамгершілік дағдарысты бастан кешірулері әлі де жалға¬суда. Оған, әсіресе, кәмелеттік жасқа толма¬ған¬дар арасындағы жасалған қыл¬мыс¬тың жоғары деңгейі дәлел деуге болады. Мысалы, Оңтүстік Қа¬зақ¬стан облы¬сының орталығы Шым¬кент қала¬сында бірінші жар¬тыжыл¬дықтың қорытындысы бойынша жас¬өспі¬рімдер қылмысының 33,6%-ға не¬месе 113-тен 151-ге дейін өс¬кені алаңдатарлық факт. Облыс бойынша мектеп, лицейлер мен гимназиялар оқушылары жа¬сବған қылмыс көлемі 31,3%-ға ұл¬ғайған (163-тен 214-ке дейін). 4 кісі өліміне әкеліп соқтырған оқ謬ға тір¬келген. Әкімшілік құқық бұ¬зушы¬лық жасағандары үшін ішкі істер органдарына 3 мыңнан астам кә¬мелетке толмағандар жет¬кізілсе, оның ішінде қоғам¬дық орындарда спирттік ішімдік¬термен әуестен¬ген¬дер саны 82-ге жеткен.

Шымкент қаласының жалпы білім беретін оқу орындарында 98 мектеп инспекторы, ал облыс бойынша 213 мектеп инспекторы бе¬кітілген. Облыстың 801 мекте¬бінде «полицияның жас көмекші¬лері» отрядтары құрылған, оған 17604 оқушы жұмылдырылған, 3984 ата-ана қатысатын «әкелер кеңесі» құ¬рылып, олардың кәме¬летке толма¬ған жасөспірімдер арасындағы құ¬қық бұзушылық профилактикасымен айналысуы бір қарағанда мұнда жастардың тәртібіне байланысты барлық шара жүзеге асып жат¬қан¬дай көрі¬неді. Бірақ тек құқық қор¬ғау тарапынан жүзеге асырылатын іс¬термен ғана бала тәрбиесіндегі ақаулық жойылады деу үстірттік. Ведомствоаралық өз¬ара іс-қи¬мы묬дың жетіспеушілігіне, жергі¬лікті би¬лік органдарында, ҮЕҰ және жер¬гілікті ұйымдарда про¬филакти¬калық жұмыстардың бірыңғай үй¬лесімінің жоқтығына байланысты мұнда кәмелетке то묬мағандар ара¬сындағы құқық бұ¬зушылық профилактикасы бо¬йынша іс-қимылдың бірыңғай тұ¬ғыр¬намасы қалыптас¬тырыл¬ма¬ған. Бағ¬дарламалар мен жобалар өте ти¬імсіз. Үкіметтік емес ұй¬ымдардың әлеуеті нашар пайдаланылады, мем¬лекеттік әлеумет¬тік тапсырыс¬тардың қолайсыз отбасылармен және балалармен про¬фи¬лак¬ти¬ка¬лық жұмыстарға бағытталған мақ¬сатты лоттары жоқтың қасы.

Тәрбие саласындағы бірталай кем-кетік саралана келіп, алдағы уақытта жұмыс қарқынын жақ¬сарту мақсатында Оңтүстік Қа¬зақ¬¬стан облысының әкімдігіне кә¬мелетке толмағандар арасын¬дағы құқық бұзушылықтардың профилактикасына жауапты мем¬ле¬кет¬тік органдардың қызметіне талдау жасалып, оны «Кәмелетке тол¬мағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы және балалар қараусыздығының және панасыздығының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 Қазақстан Республика¬сының Заңына сәйкес келтірсін және оның орындалуына бақылау қам¬тамасыз етілсін, оқушылар арасында құқық бұзушылық факті¬леріне жол берген білім беру ұйымдарының жауапты бас¬шы¬ларының жауаптылығын арттыру жөнінде қажетті шаралар қабыл¬дансын, оқушылар арасында құ¬қық бұзушылықтың және қоғам¬ға жат әрекеттердің алдын алу үшін білім беру саласы мен ата-аналар арасындағы өзара іс-қи¬мылды кү¬¬шей¬ту жұмыстары жүр¬гі¬зілсін деген ұсыныстар айтылды.

Автор:
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».