Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМ ФРАНЦИЯНЫҢ «ПАЛЬМА БҰТАҒЫ» АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ


19 октября 2012, 11:30 | 1 620 просмотров



Бұл туралы Қазақстандағы Франция елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл марапат ғалымға французща таратудағы ықпалы мен француз тілі оқулықтарын құрастырудағы белсенділігі үшін берілді.

Аталған награданы Францияның Қазақстандағы елшісі Жан-Шарль Бертоннэ 17 қазан күні Алматыдағы Фрпанцияның бас консульдығында саланатпен тапсырылады.

Мария Камалқызы Қармысова 50 жылдан бері француз тілінен сабақ беріп, Қазақстанда француз тілін дамытуға барлық жігерін салып жүр. Ол жоғарғы оқу орны мұғалімдерінің білімін жетілдіру факультетінің деканы, француз тілін оқыту методикасы кафедрасының меңгерушісі және Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің (ҚазХҚӘТУ) проректоры секілді жауапты лауазымдарда қызмет атқарған. Он бес жыл бойына ол ҚазХҚӘТУ методикалық кеңесінің төрағасы болып, университетте француз тілі бойынша тесттерді құрастырды. М.Қармысова жүзден астам мақалалардың авторы. Олардың көбісі методикалық бағытта жазылған. М.Қармысова орта мектеп оқушыларына арналған француз тілінен «Марианна» («Marianne») оқулығы мен ҚазХҚӘТУ-дің француз тілі факультеті студенттеріне арналған «Универ» («Univers») оқулығының серіктес авторы.

1955 жылы тағайындалған Францияның «Пальма бұтағы» академиялық ордені тек азаматтық тұлағаларға ұсынылып келеді. Бұл марапатқа Францияның ұлттық білім беру жүйесіндегі үздік еңбегі үшін білім қызметкерлері, сонымен қатар француз мәдениетінің әлемде таратылуына мол үлес қосқан және Франциямен университеттік пен ғылыми ынтымақтастықты дамытуға үлкен ықпал тигізген шетелдіктер ие бола алады.

Автор:
Әбу-Асқар МЕКЕШҰЛЫ