Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰСТАЗ БОЛУ СЕЗІМНІҢ АҚЫНДЫҒЫ...


26 октября 2012, 00:17 | 2 153 просмотра



Ұстаздық ұлы құрмет деп айтып жатамыз ғой. Шынымен де ұстаз осы өмірдегі адами құндылықтардың бәрін бойына жия білген абзал жан. Осы орайда «Балақан өсіру- балапан өсіру емес» -деген сөздің өзінде де кең мағына жатыр емес пе ?! Баланы оқытып қана қоймай, оның тәрбиесіне, тәліміне, болашақ жолынада алаңдап, бүкіл болмысымен оқушысының тілеуін тіліп отыратын жандар міне, нағыз ұстаздар. Өзгенің баласына тіпті өз баласынан артық қамқорлық көрсетіп, «ана махаббатымен ұстаздық махаббаты егіз» болып кететін де осы ұстаздар емес пе?! Оқушы жүрегінде өшпес бейне болып қалатын ақылшы ұстаздардың қоғамда алатын орны да ерекше. «Бала тәрбиелеу- қоғамды басқарғаннан да ауыр» деген ұлылардың ұлағатын ескерсек, ұстаз еңбегі ештеңемен өлшенбесі анық.

Оқушыға әрдайым жеке тұлға деп қарап, шәкіртімен саналы ғұмырын сабақтастыра білген жанның бірі –Сейтова Сабыркүл Мақашқызы. Ол барлық ғұмырын осы қасиетті қара шаңырақ білім ордасында өткізіп келеді.

Сабыркүл Мақашқызы 1951 жылы 18 сәуірде Жамбыл облысы, Шиен ауылында таңғы шапақпен бірге дүние келген. Шыр етіп дүние есігін ашқаннан ақ, ата- анасы оған зор үмітпен қарап, нәрестелерінің үлкен адам болатынына сенетін. Бала күнінен Сабыркүл апай өте зерек болып өседі. Кішкене сәби санасымен ақ, үлкендерге арналған ғылыми жобаларға қызғушылық танытып, үнемі бәрін білгісі келіп тұратын. Соның ішінде ол есепке жүйрік болып, осы ілімді білуге құмартатын. Ата-анасы өз орталарында беделді, ауылдастарына сыйлы, құрметке ие жандар еді. Сол уақытта әкесі Мақаш колхоз басқармасы болып тұрады. Ол күні – түні бел шешпестен еңбек етіп, отбасын жеткізуге барын салады. Ал, анасы Ақан бала тәрбиесін, тәлімін өз қолына алады. Үй шаруасындағы әйел, балаларының ыстық-суығын көтеріп, тек солардың жақсы адам болып қалыптасуларын көздейді. Сол жылдардағы өмір тауқіметін көтере жүріп, олар балаларының бәріне жоғары білім оқытып, бір- бір азамат қылып қалыптастырады.

Сейткүл апай 1958 жылы алғашқы рет мектеп табалдырығын аттайды. Мектеп қабырғасында сабақты кілең беске оқып, орта білімді үздікке аяқтайды. Балдырған қыз құрбылырына үлгі бола жүріп, барлық мектепішілік шараларға белсене қатысады.

Мектепті тамамдағаннан кейін білімге құштар жас алып шаһар Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік Педогогикалық Қыздар институтына оқуға түседі. Математиканы жаны сүйген ол математика- физика факультетінің, математика мамандығын таңдайды. Мерзімді уақытты тамамадап дипломды қолына алғаннан кейін, өзі ұшқан ұясы туған ауыл мектебіне ұстаз болып орналасады. Жас маман 3 жыл бойы оқушыларға өз білгенін үйрете жүріп аспирантураға тапсырады. Абай атындағы Қазақ Педогогикалық Институының аспиранты аталады. Аспирантураны да еш қиындықсыз ойдағыдай тамамдаған соң, жолдамамен Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университетіне математикадан оқытушы болып келеді. Алғашқы күннен ақ, ол жаны қалаған қызметіне бар күшімен кіріседі. Өз бойындағы білгенін шәкірттерінің санасына сіңіруге барын салады. Шәкірттеріне үлкен қамқортық көрсете жүріп, өз сүйген мамандығының білікті маманына айналады. Студенттеріне білім беріп қана қоймай, үнемі қиналған кездерінде жанынан табылып, рухани дүниесіне үңілуге, жанын түсінуге тырысады.

Араға бірнеше жылдар салып 1995 жылы «Орта мектепте жоғары математика элементтерін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері» атты ғылыми диссертациясын қорғайды. Сабақ бере жүріп, студенттерге, аспиранттарға, жоғары сынып оқытушыларына арналған әдістемелік құралдар, оқулықтар жазады. Бүгінгі күні Сабыркүл Мақашқызының қолынан шыққан 100 -ге тарта оқу құралдары, баяндамалары, әдістемелері білім саласында қолданыста жүр. Ол өз білгендерін жас мандардың білуіне жол ашып, өмірлік тәжірбиеден туындаған білімін ғылымның ортақ қазанына салып келеді. Бүгінде Сабыркүл Сейтова тағы да бір оқу құралын жазу үстінде. Өмірі тек ізденіске толы ұстаз бар білгенін қағаз бетіне түсіріп, білім көшіне өз үлесін қосып келеді. Оның «алгебра 8» дидактикалық материалдар, «алгебра 7» дидактикалық материалдар, «математика 6» дидактикалық материалдар атты орта мектептерге арналған кітаптары жарық көрді.

Бүгінгі күні Сабыркүл Сейтова доцент атағын алуға дайындық үстінде. Бұл білімнің шыңына өрлеудің алғашқы сатылары ғана, себебі, Сабыркүл Мақашқызының бағындыратын асу, балестері әлі алда. Ол өзінің білімін күнен-күнге жетілдіру үстінде. Ұстаз ғылым көшінен еш қалған емес. Білгірлігімен білімін ұштастыра жүріп 2010 жылы Сабыркүл Мақашқызы «Орта мектепте жоғары математика элементтерін оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері» атты докторлық диссертацияны сәтті қорғап шығады. Бірнеше жылдан бері белсенділігінің арқасында математика және ақпараттандыру әдістер кафедрасының жетекшілік қызметін атқарып келеді. Математика факультетінде жоғары дәрежеде дәрістер оқып, іс- тәжірбиелік, зертханалық әдістеме тұрғысында ғылыми жұмыстар өткізуде. Сабыркүл Мақашқызы сондай-ақ, студенттер мен магистранттар, ізденушілер арасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бас жетекшісі. Ұстаздың табанды жетекшілігімен 4 ізденуші педогогика саласында диссертациялық жобаларын табыспен қорғады. Сондай-ақ, Сабыркүл Мақашқызы профессор дәрежесіндегі аға оқытушы әріптестерімен бірге жас мамандардың білімін, тәжірбиесін жетілдіру мақсатында семинар сабақтар өткізіп, конференцияларда түрлі баяндамалар оқиды. Ұстаз сонымен қатар университет қабырғасында өтіп жатқан іс- шаралардан шет қалған емес. Ол университетте ғылыми кеңес мүшесі, математика -физика факультетінің ғылыми әдістемелік кеңесінің төрайымы. Сабыркүл апай ешқашанда шаршаған емес, қайта білім шыңына өрлеген сайын, өзінің мүмкіншіліктерін арттыруда.

Сабыркүл Мақашқызы қиыншылығы мен қызығы қатар оқытушылық қызмет пен бірге отбасылық өмірді де әсем ұштастыра білген жан. Ол 1982 жылы өзінің өмірлік жары Нұрдания Чатырбаевты кездестіріп, тұрмыс құрады. Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар тата жүріп, үш баланы тәрбиелеп өсіреді. Балаларының жоғары білім алуына мүмкіншілік жасайды. Тұңғышы Чатырбаева Ақнұр Нұрданияқызы Әл- Фараби атындағы КазМУ –дың филология факультетін тамамдаған. Бүгінде екінші жоғары мамандығы бойынша менеджер болып қызмет етеді. Ал, ұлы Бақытжан Қаныш Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-дың түлегі. Ол инженер –жобалаушы маман. Ал, Нұрданияқызы Гүлнұр Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –і түлегінің бірі. Гүлнұр сонымен қатар Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы университеттің манистратурасына тапсырып, оны да кілең үздікпен аяқтаған. Бүгінде ұстаздың сапалы білім мен саналы тәрбие берген балалары өмірінің қуанышы. Бәрі де жоғары білімді саналы азаматтар болып өсті.

Сабыркүл Мақашқызының шәкірттері де көңіл қуантады. Қазіргі таңда олар еліміздің түкпір- түкпірінде қызмет атқаруда. Ақылшы ұстазының сара жолын таңдап, ұстаздық етіп, бала тәрбиелеп жүргендері қаншама. Өзінің өсірген мәуелі жемістері жайлы Сабыркүл апай былай деп айтады: «Мен бойымдағы бар жақсы қасиеттерім мен білімімді берген оқушыларымның бәрі дерлік үмітімді ақтады. Олардың көбі мектеп шаңырақтарында, жоғары білім ордаларында оқытушы болса, енді біразы Назарбаев мекемесінде қызмет атқарады. Бүгінде бәрі өмірден өз орындарын адаспай тапқан. Шәкірттерімінің осындай жетістіктерін көргенде менің де мәртебем бір көтеріліп қалады. Қаншама жылдар бойғы төккен маңдай терімнің текке кетпегенін көріп, бір марқайып қаламын» -деп ұстаз –анаға тән тілеуін айтты. Ал өзінің ғылым саласындағы жетістіктігімен былай деп бөлісті: « Ұзақ жылдар бойғы тәжірбиеме қарамастан мен ғылыми жобалармен айналысуымды бір сәтке тоқтатқан емеспін. Ғылымға терең үңілген сайын алдымнен жаңа әлем ашылғандай болады. Қолым жұмыстан қалт еткен кезде кітап жазамын, оқимын, шәкірттердің білімін шыңдаймын. Ғылыммен айналыса жүріп отбасылық өмірімді де ақсатқан емеспін. Әйел адам әрқашанда үйде отбасының жылуын ұстап тұратын, жанұяның ұйытқысы ғой. Шаңырақ пен жанұя адамның өмірінің басты тірегі емес пе.» -деп риясыз әңгемесін аяқтады.

Міне, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда кәсіби шеберлігімен көзге түскен, ақылшы ұстаз Сабыркүл Мақашқызы ортасының мақтанышы. Оның ғылым саласына сіңірген еңбектері өз бағасын алуда. Ізденімпаз ұстаз білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «ҚР білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған. Оқу- ағарту ісіне сіңірген еңбектері үшін өзі қызмет атқарып жүрген университеттің кәсіподағы атынан да бірнеше марпаттың иесі. Бұның бәрі әрине, аға оқытушының жетстіктерінің қайтарымы. Алайда ұстаз үшін бәрінен де қымбат марапат - шәкірттерінің жеткен шыңдары екені бүпесіз.

Автор:
Динара АУЖАНОВ өз тілшіміз