Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ШАМАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛДІЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕСЕПТЕР


26 октября 2012, 00:18 | 2 348 просмотров



Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер шығару тәсілдерін меңгерту.

2. Логикалық тез ойлау кабілеттерін арттыру. Ауызша көбейту кестесіне мысалдар келтіру, дүниетанымын кеңейту.

3. Сабаққа қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: кестелер, интербелсенді тақта.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Поэзия минуты:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын ерсең басыңнан,

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

- Қазір бізде қай сабақ?

- Математика сабағы.

2. Психологиялық дайындық:

Есептеуді білмейтін адам, түк білмейтін надан!

3. Үй тапсырмасын тексеру: №9 есеп

Көбейту кестесін пысықтау. Ойын: «Кім жылдам?»

4. Жаңа сабақ.

Интербелсенді тақтамен жұмыс.

№1

А) Кестемен жұмыс. Не өзгерді? Не тұрақты болды? Зат саны туралы не айтуға болады? Зат құны туралы ше?

№2

Кестенің бағандарын салыстыру. Не өзгерді? Не тұрақты болды?

№3

Шешуі: 8- 6=2 дәптер

36: 2=18 теңге 1 д. құны

(6-18) + (8*18) = 108 теңге + 144 теңге = 252 теңге

Жауабы: барлығы 252 теңге төледі.

Кері есеп:

Шешуі: 6+8= 14 дәптер

252: 14= 18 тг.

6*18= 108 тг.

8*18= 144 тг.

Жауабы: ағасы 108 теңге қарындасы 144 теңге төледі.

№4

Шешуі: (21: 7)*9= 27 кг.

Жауабы: 9 ыдыста 27 кг. тосап

Кері есеп:

Шешуі: (27: 3)*3= 27 кг

Сергіту сәті:

№ 5,6 Кестені пайдаланып, есеп құрастыру

24480: 12 = 2040 (теңге) – 1 көйлек бағасы

48960 : 2040 = 24 көйлек саны

96: 8= 12 (кг) 1 жәшік

48 :12= 4 жәшік саны.

Шығармашылық тапсырма:

№7

Теңдеу құру және оны шешу.

Ең кіші бес таңбалы сан – 10000

Ең үлкен төрт таңбалы сан - 9999

Үшінші қосылғышты табу.

X+10000= 20217 – 9999

X+10000= 10218

X= 10218- 10000

X=218

218+10000= 20217-9999

10218 = 10218

Сабақты қорыту.

Логикалық жаттығу.

Суреттегі фигураларың қайсысы көп?

Шешуі: - 20. - 11

Бағалау:

Үйге: № 8,9 есеп

Автор:
С.БАЙЖҰМАН, Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі. Көксу ауданы.