Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАСТАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫЛЫҚ ЖАРАСАДЫ


26 октября 2012, 00:21 | 1 654 просмотра



Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан ӨТЕШЕВПЕН әңгіме

– Нұрлан Сүлейменұлы, Елбасы өзінің интерактивті дәрісінде жастарға байланыс¬ты бірқатар келелі мәсе¬лелерді атап көрсеткені есі¬мізде. Бұл сұхбатымыз мем¬лекеттік жастар саясатына тікелей қатысты болғандық¬тан, әңгімені Президенттің сол дәрісінен бастасақ.

– Осы жылдың 5 қыркү¬йегінде Мемлекет басшысының «Назарбаев Университетінде» оқы¬ған интерактивті дәрісін елі¬міз аумବғындағы мектеп¬тердің оқушыла¬ры, жоғары оқу орындары мен колледждердің сту¬дент¬тері, жалпы саны 5 миллионнан астам жастар ұлттық телеарналардан тіке¬лей эфир арқылы көріп, тыңдады. Президентіміз өзінің дәрісінде қа¬зақстандық жастарды бүгінгі заманға сәйкес білім алуға ша¬қыр¬ды. Бірінші¬ден, ең басты құндылық ол – білімді болу. Өйт¬кені, ХХІ ғасырдың негізгі бір талабы инновациялық жаңаша білім алу, ұрпақты соған қарай үндеу болып табылады. Бұл экономи¬каның барлық саласы үшін аса қажет. Дәлірек айтқанда, жас¬тарға оқу орындарына баға үшін емес, білім алу үшін, диплом үшін емес, сол дипломға сәйкес білім алу үшін бару қажеттігін бойларына сіңіруге ықпал ету.

Жасыратыны жоқ, өткен ке¬зеңдерде экономикалық жағдай¬ларға және басқа да себептерге байланысты білім берудің сапасын жақсартуға онша көп мән берілмей келген болатын. Міне, енді Білім және ғылым минис¬трлігі Мемлекет басшысының қолдау білдіруімен сол олқы¬лық¬тардың орнын толтырып, білім беру саласын жаңаша тұр¬ғыда арттыру жұмыстарын қолға алып жатыр. Мысалы, бүгінде «Ба¬лапан» мемлекеттік бағдар¬ламасы жүзеге асырылу үстінде. Елбасы өзінің интерак¬тивті дәрісінде жастарды еңбек¬қор¬лыққа шақырған болатын. Ең¬бексіз қандайда бір құнды¬лық¬тарға жете алмайтындығын қа¬дап айтқан еді. Сондықтан тиісті мемлекеттік органдар, бас¬қа да мекемелер мен ұйым¬дар жас¬тарға жасөспірім кезінен мүм¬кіншілік жасалуы қажет.

Президенттің интерактивті дәрісінен кейін жастар ұйым¬дары мен жекелеген жастар атынан Елбасының дәрісінде ай¬тылған, көтерілген мәселелерге қолдау білдірген көптеген хаттар түскен болатын. Соған байла¬ныс¬ты біздер еліміздің бірқатар өңірлеріне барып, ондағы жас¬тармен кездесулер өткіздік. Олар¬дың ұсыныс-пікірлерін тыңдадық. Жалпы, біздер – жас¬тар Мемлекет басшысының дә¬рісінде алға қойған міндет¬терге жететініне сенімдіміз.

– Қазіргі кезде Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы талқыла¬нып жатыр. Осыған тоқталып өтсеңіз.

– Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге қатысқандардың бірі ретінде айтайын, осы құжат жобасын әзірлеу мақсатында Премьер-Министрдің орынбасары деңгейінде жұмыс тобы құ¬рыл¬ған еді. Жұмыс тобының мүшелері еліміздің барлық ай¬мақтарынан түскен ұсыныстар¬ды жинақтап, оны жастар ұйым¬дарының қатысуымен бір мәрте пысықтап алды. Одан кейін ол қалалық және облыстық жастар ұйымдарының арасында тағы бір рет талқыланды. Бұдан басқа да түскен ұсыныстар мен пікір¬лерді саралай келіп, бүгінде жан-жақты талқыланып жатқан тұжырымдама жобасы әзірленді.

Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы, жалпылай ал¬ғанда, негізгі үш бағытты қам¬тиды. Бірінші – жастарға әлеу¬меттік-экономикалық бағытта нақ¬ты қолдау көрсету. Өйткені, бұл мәселелерде жастардың мүмкіндіктері аса зор. Мысалы, қазіргі кезде «Дипломмен – ауы묬ға» бағдарламасы бойынша 20 мыңнан астам жас маман ауылдық жерлерге барып, еңбек етіп жүр. Олардың ішінде 5 мың¬ға жуық жас тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Сонымен қа¬тар, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына байланысты жас¬¬¬тарға ерекше мүмкіндіктер қарастырылып отыр. Мұның сыр¬тында жастардың кәсіпкер¬лік¬пен айналысуына орай қа¬растырылған жеңілдіктер де бар.

Тұжырымдамадағы екінші бағыт – жастарды адами құнды¬лықтарға тәрбиелеуге қатысты. Мұнда үлкенді сыйлау, құр¬меттеу секілді мәселелерге баса назар аударып, соған ерекше мән беру бірінші кезекке қойылып отыр. Осы екінші бағытта, сон¬дай-ақ жастарға патриоттық тәр¬бие беру жағы қарасты¬рылған. Оның ауқымы өте кең. Ал үшін¬ші бағыт – жастар мәсе¬леле¬рімен айналысатын ұйым¬дарға нақты қолдау көрсету. Осыған байланысты Елбасының тапсырмасымен облыстарда жастар ісі жөніндегі басқармалар құрылды. Енді Жастар ісі комитеті еліміздің әр ауданында, әр қала¬сын¬да жастарға арналған ре¬сурс¬тық орталықтар ашу мә¬селесін кө¬теріп отыр. Бүгінгі күнге дейін Астана мен Алматы қалала¬рын¬да және алты облыста осындай орталықтар құрылды, олар өзі¬нің нәтижесін бере бастады.

– Жастардың бір бөлігі діни секталардың, экстремистер мен қылмыстық топтардың «оңай олжасына» айналып жатқаны жасырын емес. Оның алдын алу үшін не істе¬ген жөн?

– Бұл өте өткір әрі өзекті мәселе екені анық. Мұны ешкім де негізсіз деп айта алмайды. Қойған сұрағыңызға мен мынаны айтар едім: елімізде теріс ағым¬дардың белең алып бара жатқаны рас. Оған жастар да тартылып жатыр. Қоғамға жат теріс ағым¬дардың белсенділері қатарын толықтыру үшін, алдымен адам¬дардың ең осал, нәзік деген тұс¬тарын зерттеп алады. Өйткені, адамдардың, оның ішінде жас¬тардың жеке бастарында, отбасыларында проблемалар да кезде¬седі. Ал біздің мақсатымыз, жас¬тардың теріс ағымдардың жете¬гіне еріп кет¬пеуінің алдын алу, оны болдырмау.

Сондықтан да біздер ендігі жерде жастардың бос уақытын тиімді өткізулеріне баса көңіл бөлуіміз қажет. Мысалы, жасөс¬пірімдер мен жастардың спорт түрлерімен айналысуы дегендей. Мұнымен ғана шектеліп қалмай, теріс жолға түскен жастардың арасында тәрбиелік мәні зор насихат шараларын жүргізу қажет деп ойлаймын. Бұл үгіт-наси¬хат¬тық жұ¬мыстар көпшілікке түсі¬нікті және қарапайым болғаны жөн сияқты. Жастар ісі комитеті жаңа¬дан құрылған бас¬қармаларға осы мәсе¬лені міндет етіп қойып отыр.

– Тұжырымдама жобасында ауыл жастарына қолдау көрсету туралы да барынша айтылған екен.

– Еліміздегі танымал ғалым¬дар мен түрлі шығармашылық қайраткерлердің барлығы ауылда туып, ауылда өскен десем, қа¬телеспеспін. Сондықтан ауыл-се¬лолардағы мүмкіндіктердің то¬лықтай ашылуына қажетті жағ¬дайлардың барлығын жасау керек деп ойлаймын. Біріншіден, ауыл жастарының ақпаратқа қол жет¬кізілуі қамтамасыз етілуі тиіс. Екіншіден, ондағы мәдени-спорт¬тық инфрақұрылымды ретке кел¬тіріп, оның жұмысын күшейту қажет. Меніңше, бұл сол ауылдың әкіміне байланыс¬ты, оның ауыл жастарымен жұмыс істеу қабілет-қарымына байланысты болмақ. Үшіншіден, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету. Егер ауыл-селода жұмыс болса, жастар қалаға жөңкіле көшпес еді.

Осы жерде «Дипломмен – ауылға» бағдарламасына қыс¬қаша тоқталып өтейін. Бұл – жас¬тарды ауылға тартудың бір жолы. Бағдарлама 2009 жылдан жү¬зеге асырыла бастаған болатын. Бұған дейін бағдарламаға сәйкес ауылға бес мамандық – білім беру, медицина, туризм, мәдениет және әлеуметтік қыз¬мет салаларына қатысты мамандар барып жатса, биылдан бастап олардың қа¬тарына ветеринария маманды¬ғы қосылып отыр.

Тұжырымдамада, сондай-ақ жаңа бір азаматтық институт – еріктілердің (волонтер) қатарын көбейту қарастырылған. Себебі, еріктілердің әлемдік экономи¬каға қосатын үлесі 1 пайызға жетеді. Олардың қызметі тек мәдени-спорттық шаралар өткі¬зумен ғана шектелмейді. Осыған байланысты америкалық «Бей¬бітшілік корпусы» деп аталатын ұйымның жұмысына зерттеу жасаған едік. Егер оларда мектеп бітірген жас колледжге немесе жоғары оқу орнына түсе алмаса, ол «Бейбітшілік корпусы» арқылы шет елдерге барып, онда екі жыл АҚШ-тың құн¬дылықтарын насихаттаумен айналысады. Келгеннен кейін оған мемлекет тарапынан оқу орнына оқитын қаржысы төленеді екен.

– Қазақстандық жастардың әлеуметтік-саяси белсенділігін қалай бағалауға болады?

– Жалпы, еліміздің жастары жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жаңалықтарға өз үлестерін қосқысы келеді және қосып та жүр деп нық сеніммен айта аламын. Біздің жастарымыз мемлекеттік деңгейде өткізіліп жатқан мәдени-спорттық, өзге де іс-шаралардан ешқашан сырт қалған жоқ. Мысалы, «Ауылдың өркендеуі – Қазақстанның өр¬кендеуі» атты жастардың марафон эстафетасына белсене қа¬тысты. Бүгінде елімізде 1043 жас¬¬тар ұй¬ымдары жұмыс іс¬теуде. Солардың ең ауқым¬дысы «Жас Отан» жастар қанаты болып табылады.

Автор:
Әңгімелескен Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».