Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ!» АКЦИЯСЫ


26 октября 2012, 00:24 | 1 945 просмотров



Аталмыш республикалық акциясы аясында Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жеңіс мұрасы: Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі және олардың азамат ретінде қалыптасуындағы ардагерлердің рөлі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараны ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Жас қыран» әскери-патриоттық бірлестіктерінің Республикалық дамыту орталығы.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты - тарихи құндылықтардың негізінде жастарда патриоттық сезімді қалыптастыру, жас буынды отаншылдық рухта тәрбиелеу және патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдарды жинақтау және тарату. Конференция жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, белгілі қоғам және ғылым қайраткерлері, орталық атқарушы органдар мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, әскери-патриоттық ұйымдардың көшбасшылары қатысатын болады. Шара барысында Ұлы Отан cоғысының ардагерлеріне сыйлықтар табыс етілетін болады.

Қарағанды облысының 4 мектебінде халықаралық бакалавриат жобасы іске қосылуда.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ